- •1 Билет «Саяхаттау – саламатты өмір салты»
- •«Жолға шыққанда берілетін бата»
- •«Ұшақпен саяхат»
- •«Темір жол бекетінде»
- •«Қазақстан – қонақ үй»
- •«Сарыарқа өңірі»
- •«Алтай өңірі»
- •«Жер жәннатты - Жетісу»
- •«Мұнайлы Қазақстан»
- •Еліміздің экологиясы
- •Парламент
- •«Мемлекеттік емтихан»
- •«Қазақтанның білім ошақтары»
- •«Қазақстан Президентінің Жолдауы»
- •«Орхон – Енисей ескерткіштері»
- •«Мәдени мұра» бағдарламасы
- •Ұлттық киімдер
- •«Тарихи ғажайыптар»
- •«Қазақ театрлар»
- •«Шәкен Айманов»
- •«Мәңгілік ел- Мәңгілік Тіл идеясы»
«Орхон – Енисей ескерткіштері»
Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.
Орхон – енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф.И. Табберт – Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 «Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты аралаған Д.Е.Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген. Орхон – Енисей әліпбиінің шығуы, түп – төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В.Томсон, В.Радлов., С.П.Толстов., П.Мелиоронский, С.Доннер, Е.Блоше Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан тараған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия әліпбиімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай, В.Радлов, С.В.Киселев және И.А.Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келген болуы керек деп топшыласа; тарихшы С.Г.Кляшторный бұл әліпбидің Орта Азияға арамей әліпбиін қолданған иран тілді батыс көршілердің ауысуы ықтималдығын айтады. Содан бері үш жүз дылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып дүниежүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамссандырып келеді. Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметер 18 ғасырдың басында көріне бастайды. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналнда Григорий Спаски жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латн тіліне аударылады да Орхон ескерткіштері ғалымдарына да белгілі бола бастайды, бұл хабарды естіген археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай жазбалардың әліппесі табылған бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Ескеркіштерді жасаушыларда оның бас кейіпкерлері де түркі халқы, түркі жері, оның батырлары. Ал көне түркі дегенді көбіне көне қазақ тайпалары деп ұққан жөн болады.
18-билет
«Мәдени мұра» бағдарламасы
Мәдениет – ұлттың көрсеткіші. Төл мәдениетпен тәрбиеленген адам әрқашан рухы биік, туған елін, халқын сүйетін болады.
Осы орайда еліміздің тарихының, өнерінің әдебиетінің дамуына бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асуда. Бұл – біздің халқымыздың мәдени өміріндегі аса үлкен тарихи оқиға болды. Еліміздің тарихы туралы көне жәдігерлер мен кітаптар әлімінің түпкір-түпкірінен алдырылып, Қазақстан тарихы байытылды. Көптеген тарихи, мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді.
Әдебиет пен өнердің, әлемдік ақыл-ой қазынасының жүздеген таңдаулы мұралары қазақ тіліне аударылды. Қазақ әдебиетінің, музыкасының, т.б. өнер салаларының жүздеген, мыңдаған шығармалары жиналып, басылып шығарылды. Бұның барлығы халқымыздың, жас ұрпақтың рухани қазынасына айналды.
19-билет
«Киіну әдебі»
«Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» дегендей, жарасымды да сәнді киінудің маңызы зор. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Киім тігісті және тігіссіз болып негізгі екі топқа бөлінеді. Тігіссіз киімді адам үстіне жамылым немесе орап киеді. Тігісті киімге қандай киімдер жататыны белгілі. Қазір заманғы киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арнлған.
Әркім киімді өзіне жарасымды етіп, таңдап кигені жақсы.
Киімді таңдап кигенде оның түр түсіне де аса мән берген жөн. Ашық түсті киімдер кім-кімге де жарасатыны белгілі. Әркім өзіне жарасымды түсті киім таңдаса, келбетін келістіріп, көркіне көрік қосады.
Ұқыпты әрі таза киінуге аса мән берген жөн. Сонымен қатар шамасы жете тұра қарапайым киінгені дұрыс.
Киім кию әдебі адамның жас ерекшелігі мен мамандығына да тікелей байланысты. Сонымен қатар классикалық үлгідегі киімді спорттық киіммен, ұлттық киімді романтикалық стильмен араластырып кимейді.
Ер адам мен әйел адамның жаратылысында өзара айырмашылықтар бар. Сол сияқты ер мен әйелдің өздеріне тән киімдері де баршылық. Бастысы, ер адам әйелге, әйел адам ер адамға ұқсатып киінбесе болғаны.
Гардеробта киілмей тұрған киімдердің де жинақы тұруы киімді күту әдебіне жатады.
20-билет
