Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11_synyp_emtikhan_m_1241_tinderi_2015-2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

Ұлттық киімдер

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

21- билет

«Тарихи ғажайыптар»

Есте жоқ ерте замандардан бері адам баласы небір ғажайыптарды қолымен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Алайда, Табиғат Ана дүниеге әкелген кереметтерге, оның құшағынан шығатын ғажайыптарға олардың ешбірі де жетіп көрмеді, тіпті, таласқан да емес.

Ағын сулардың қатты екпінінен түрлі үңгірлер мен шатқалдар, небір сарқырамалар пайда болды. Жер асты тектоникалық бөліктерінің қозғалуы мен жанартаулардың атқылауы нәтижесінде биік таулар құралып шықты. "Әлемтану" айдары бұл сөзіміздің растығын өздеріңізге күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Бірақ, ол кереметтердің түбіне әлі ешкім де жетіп көрмеген болар. Табиғат деген шексіз емес пе.?

Құмды дауылды сұлу құбылыс деп айтуға ауыз бармайды, бірақ, тым әсерлі әрі дүрліктіргіш дүние екендігіне ешкімнің таласы жоқ болар. Құмды дауылды өз көзімен көрген пенде Табиғат күшінің қаншалықты жойқын екенін мойындай түседі. Тарихта ондай жағдайлар аз болмаған. Жыл сайын Сахара шөлінен 40 млн. тонна құм Амазонка шөліне көшеді екен.

22 – билет

«Қазақ театрлар»

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты. 1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы  бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында, атап айтқанда, 1934 жылы Оралда, Семейде, Шымкентте, 1935 жылы Петропавлда, Ақтөбеде, 1936 жылы Қарағандыда, Таразда, 1938 жылы Атырауда, Павлодарда қазақ театрларының құрылу процесі басталды.  Қазақстандағы театрлар санының өсуі театр өнерінің даму кезеңі бойында тоқтаған емес. 1979 жылы Теміртау қаласында Неміс драма театры құрылды және 1989 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Алматы қаласына көшірілді. Труппаның негізін М. Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің түлектері құрды. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам қаласында Өзбек театры ашылды. Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 47 мемлекеттік театр жұмыс жасайды.

23- билет

«Театр мәдениеті»

Театр көрермендерінің мәдениеті әртүрлі болып келеді. Себебі, спектакль көруге жиналған адамдардың жас мөлшерлері, білім деңгейлері мен ұғым-түсініктері, эстетикалық көзқарастары бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан да қойылымды қабылдаулары да өздерінің жеке бастарының мәдениетімен тығыз байланысып жатады. Театр өнері көрермендердің көз алдында ойналатын жанды өнер болғандықтан да, спектакль көріп отырған көпшілік қауым өзінің театрға келгенін естен шығармауы керек. Сахнада комедия жүріп жатса, орынсыз жер тепкілеп, керек емес жерде қол шапалақтап, шуылдап кететін көрермендер де бар. Сол сияқты, трагедия жүріп жатса, кейіпкерлермен қоса жағаласып, сөйлесіп, даурығатын көрермендер де жоқ емес. Тіпті кейбіреулер сағыз шайнап, тамақ та жеп отырады. Мұның бәрі ол адамдардың театр туралы түсініктерінің тым таяз екендігін көрсетеді.

24-билет