- •1 Билет «Саяхаттау – саламатты өмір салты»
- •«Жолға шыққанда берілетін бата»
- •«Ұшақпен саяхат»
- •«Темір жол бекетінде»
- •«Қазақстан – қонақ үй»
- •«Сарыарқа өңірі»
- •«Алтай өңірі»
- •«Жер жәннатты - Жетісу»
- •«Мұнайлы Қазақстан»
- •Еліміздің экологиясы
- •Парламент
- •«Мемлекеттік емтихан»
- •«Қазақтанның білім ошақтары»
- •«Қазақстан Президентінің Жолдауы»
- •«Орхон – Енисей ескерткіштері»
- •«Мәдени мұра» бағдарламасы
- •Ұлттық киімдер
- •«Тарихи ғажайыптар»
- •«Қазақ театрлар»
- •«Шәкен Айманов»
- •«Мәңгілік ел- Мәңгілік Тіл идеясы»
Еліміздің экологиясы
Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді.
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.
11- билет
Парламент
Қазақстан Парламенті 1995 жылдың 30-тамызындағы бүкіл халықтық референдумда қабылданған еліміздің Конституциясына сәйкес заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Оның құрылымы қос Палаталы: жоғарғы Палата Сенат болса, төменгісі – Мәжіліс.
Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет өткізіледі. Республика Президенті өз бастамасымен Парламенттің кезектен тыс сессисын шақыра алады. Парламент республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстакн Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республика заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
12-билет «Жастар және жаңашылдық»
Еліміз ілгері дамып, кемелденген сайын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам мүшелерінің алдына үнемі жаңа міндеттер қойып отырады.
Президентіміздің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын бағдарламалық сипаты бар жаңа мақаласы да осы орайдағы кезекті маңызды қадам екені сөзсіз. Өйткені, қазіргі жаппай жаhандану заманында елдің де, ұлттың да әлемдік бәсекеде өзінің лайықты орнын табуында осы Еңбек мәселесі шешуші рөл атқаратыны анық. Мұның, әсіресе, индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асыруға зор маңыз беріп, қызу кірісіп кеткен біздің еліміз үшін маңызы тіпті өзгеше. Тек еңбексүйгіш, жаңалыққа бейім, оны білім мен ғылымның жетістіктерімен тығыз ұштастыра білетін ұлт қана тарихтың қойнауында қалып қоймай, өркениет көшіне қарқынды ілесе алады.
13- билет
