Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_5_kurs_gotov.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

Вопрос 635.

10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қыркүйек айында дүниеге келген. 2 айлығынан бастап жасанды сүтпен тамақтанған. Сүтті қоспа алады, көкөністі пюре, етті тағамдар, витаминдер қабылдамаған. Қарағанда: тәбеті және бұлшықет тонусы төмендеген. Беті күйген, басы «квадрат» тәрізді , тісі жоқ. Кеуде қуысы алшақтаған, қабырғалардың үстінде «рахиттік тәспілер» бар. Іші « бақа» тәрізді. Дәрігер рахиттің реконвалесценция кезеңі екенін анықтады.

Бұл балаға не тағайындау керек?

( ) витамин Д2, майлы ерітіндісі

( ) балық майы

( ) шынықтыру

(+) массаж, гимнастика

( ) Витамин Д3, сулы ерітіндісі

Вопрос 636.

2 жастағы балада анемия анықталды. Нb - 65 г/л, эр. - 2.7х1012/л, ретикулоциттер саны -6%, қан сарысуының темір байланыстырушы қабілеті - 80 мкмоль/л

Бұл жағдайда қандай анемия дамуы ықтимал?

( ) Гемолитикалық

(+) Темір жетіспеушілік

( ) Нәруыз жетіспеушілік

( ) Витамин жетіспеушілік

( ) Гипопластикалық

Вопрос 637.

Перзентханада жаңа туылған нәрестені алғаш рет емізуге берген кезде тыныс жолдары сүтпен бітеліп, жөтел пайда болды.

Тыныс жолдарының сүтпен бітелуіне және жөтелдің пайда болуына не себеп болды?

( ) жалпақ төс аномалиясы

(+) тілдің қысқа үзбегі

( ) ұртта май қабатының болмауы

( ) қасқыр таңдай аномалиясы

( ) ему рефлексінің төмен болуы

Вопрос 638.

Аймақтық дәрігерге 1 айлық ұл бала анасымен келді, соңғы күндері тамақтануы аралас (бейімделген қоспа береді) қомағайлықпен емеді, құсу пайда болады

Құсудың себебі не болып табылады?

( ) пилороспазм

( ) пиолростеноз

(+) аэрофагия

( ) диспепсия

( ) жедел эзофагит

Вопрос 639.

Шала туылған 4 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда бауыр қабырға асты доғасынан 1,5 см шығыңқы, басып көргенде жұмсақ-созылмалы консистенциялы.

Бұл симптомды қалай бағалайды?

( ) ЖРВИ-ға байланысты бауырдың ұлғаюы

( ) рахиттің бастапқы кезеңі

(+) жасына сай қалыпты

( ) өт жолдарының атрезиясы

( ) шала туылған баланың кеш анемиясы

Вопрос 640.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бала ана сүтін емеді. Дәрігердің қараған белгілерінің ішінде қайсысы қалыпты болып есептеледі?

( ) жиі құсуға бейім

( ) үлкен дәреті күніне 6 рет, сұйық

( ) метеоризм (іш кебу)

(+) сілекейдің көп бөлінуі

( ) тілдің ақ өңезбен жабылуы

Вопрос 641.

Аймақтық дәрігерге 2,5 айлық ұл бала анасымен келді. Анасының айтуынша аздап құсу байқалады.

Құсуға не себеп болды?

(+) асқазанның кардиалдық бөлімінің жетілмеуі

( ) асқазанның горизонталды орналасуы

( ) асқазанның пилорикалық бөлімінің жақсы дамуы

( ) ішек моторикасының күшеюі

( ) өттің аз бөлінуі

Вопрос 642.

Аймақтық дәрігерге 3,5 жасар ұл бала анасымен келді. Қарағанда: аналь тесігінің маңында қызару, тырналған іздер байқалды.

Бұл симптом қай аурудың белгісі?

( ) коли-инфекция

( ) дизентерия

(+) энтеробиоз

( ) аскаридоз

( ) лямблиоз

Вопрос 643.

2,5 айлық дені сау баланы анасының ауырып қалуына байланысты бейімделген сүт қоспасына ауыстырды. Жасанды тамақтандыруға ауыстырған кезде, баланың үлкен дәреті қалай өзгереді?

( ) қалыпты, қою қоңыр түсті

( ) ботқа тәріздес, жасыл-сары түсті

( ) үгінді тәріздес, аз көлемді

(+) ашық сары түсті, шырыш аралас

( ) жасыл түсті, шырыш аралас

Вопрос 644.

3 апталық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Ана сүтін емеді, анасының айтуынша үлкен дәреті қою қоңыр түске өзгерген.

Аймақтық дәрігер ана сүтінің аздығына не күдік туғызады?

( ) ащы иісті үлкен дәрет

( ) ботқа тәріздес үлкен дәрет

(+) үлкен дәреттің аз мөлшерде болуы

( ) шырыш аралас үлкен дәрет

( ) қан және шырыш аралас үлкен дәрет

Вопрос 645.

Аймақтық дәрігерге 1 айлық бала анасымен келді. Анасының айтуы бойынша бала құсуға бейім және күніне бірнеше рет фонтан тәрізді құсу байқалады. Ана сүтін емеді, туылғаннан кейінгі қосқан салмағы 280 гр. Пилоростенозға күдіктенеді.

Пилоростеноз белгілеріне жатпайтын белгіні көрсетіңіз?

( ) 1 айда қосқан салмағы

(+) туылғаннан құсуға бейімділігі

( ) фонтан тәрізді құсық

( ) ұйып қалған сүт құсу

( ) құсықтың емуінен көп болуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]