Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_5_kurs_gotov.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

Вопрос 646.

5 айлық ұл бала анасымен аймақтық педиатрға келді. Қарағанда қандай белгі физиологиялық болып табылады?

( ) тершеңдік

( ) жұтқыншақ гиперемиясы

( ) тілдің өңезденуі

(+) сілекейдің бөлінуі

( ) метеоризм (іш кебу)

Вопрос 647.

Ауруханаға 9 айлық бала анасымен келіп түсті. Дене салмағы 7200г, бой ұзындығы 69 см. Туылған кездегі салмағы 3500г, бой ұзындығы 52см. 5 айға дейін ауырмаған, дамуы қалыпты, аралас тағам береді. 6 айлығында сүт ботқасын берген. Көкөніс езбесін (пюре) алмаған. Ботқаны қабылдаудан бастап нәжісі сасық иісті, сұйық болып өзгерген, нашар қорытылған. Салмақ қосуы азайған. 6 айлығында ЖРВИ-мен ауырған, симтоматикалық ем қабылдаған.

Бұл баланың салмақ-бойлық көрсеткішін қалай бағалауға болады?

( ) Нормотрофия

( ) Гипостатура

( ) I дәрежелі гипотрофия

(+) IІ дәрежелі гипорофия

( ) Паратрофия

Вопрос 648.

Аймақтық дәрігер 4 жасар ұл балада орташа ауырлық дәрежедегі темір жетіспеушілік анемиясын анықтады?

Қандай көрсеткіш диагнозды нақтылайды?

( ) Нb 60 г/л

( ) Эритроциттер 3.0х1012/л

( ) Түс көрсеткіші 1,0

( ) Түс көрсеткіші 1,2

(+) Нb 80 г/л

Вопрос 649.

Стационарда 1,5 жастағы ұл бала емделуде, екінші жүктіліктен, мерзімінде туылған. ЖРВИ-мен жиі ауырады. Соңғы уақыттарда ата-анасы баласында селқостық, сарғыш реңді сұрлану пайда болуына шағымданады. Тексеру кезінде көкбауырының ұлғайғаны анықталған. Hb-80 г/л, эр. - 2.1х1012/л, түс көрсеткіші-1,1, бос билирубин - 42 мкмоль/л, байланысқан билирубин - 6 мкмоль/л. Психомоторлық дамуы жасына сәйкес.

Жаңа туылған баланың гемолитикалық ауруын басқа себеппен пайда болатын гемолитикалық анемиядан ажырату диагностикасы үшін маңыздысы қайсысы?

(+) Баланың жасы

( ) Түстік көрсеткіштің көлемі

( ) Бос билирубиннің деңгейі

( ) Бала мен ананың резус фактор сәйкессіздігі

( ) Байланысқан билирубиннің пайда болуы

Вопрос 650.

Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен келді, екінші жүктіліктен, 34-ші аптада туылған, анасы мен баласының резус фактор сәйкессіздігі анықталады. ”NAN” қоспасын береді. Респираторлы вируспен ауырған кезінде анемия анықталған. Нb-90 г/л, эр. - 3.8х1012/л, түс көрсеткіші - 0,71. Бұл жағдайда анемияның қандай түрі дамиды?

( ) Жаңа туылған баланың гемолитикалық анемиясы

( ) Шала туылған баланың ерте анемиясы

(+) Шала туылған баланың кеш анемиясы

( ) Алиментарлық анемия

( ) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

Вопрос 651.

Аймақтық дәрігерге 3,5 айлық ұл бала анасымен қаралуға келді. 32-ші апталық жүктілікте туылған. Ана мен бала қанының резус фактор сәйкессіздігі бар. ”Малыш” қоспасын береді. Жетілуі нашар, терісі сұр, басын ұстай алмайды. Нb - 80 г/л, эр. - 3.4х1012/л, түс көрсеткіші - 0,7.

Бұл жағдайда қандай анемия пайда болады?

( ) Шала туылған баланың ерте анемиясы

(+) Шала туылған баланың кеш анемиясы

( ) Алиментарлы анемия

( ) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

( ) Жаңа туылған баланың резус факторлы гемолитикалық ауруы

Вопрос 652.

4 айлық бала ана сүтін емеді. Егіздің сыңары. Жүктіліктің 34-ші аптасында туылған. Терісі бозғылт.

Дәрігер шала туылған баланың кеш анемиясы деп диагноз қойды.

Бұл балаға қандай ем қажет?

( ) В12 витаминін бұлшықетке егу

( ) Сүт тағамдарын енгізу

( ) Альбумин көктамырға егу

(+) Темір препаратын беру

( ) В6 витаминін бұлшықетке егу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]