Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_5_kurs_gotov.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

Вопрос 668.

Стационарда 3 жасар ұл бала ем алуда, ЖРВИ-ден соң сарғаю пайда болған. Тексеру кезінде физикалық дамудың кешеуілдеуі байқалған. Қарағанда: өсіңкі бас сүйек, кең көзаралық. Тері жамылғысы сарғыш реңді сұр түсті. Бауыр қабырға асты доғасынан З см-ге, көкбауыр 4 см-ге шығыңқы, тығыз. Қан анализінде: Нв - 75 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0, сфероцитоз, Прайс-Джонс қисығының сол жаққа жылжуы.

Бұл балада қандай патологияны болжауға болады?

( ) Талассемия

(+) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

( ) Глюкоза 6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілік анемиясы

( ) Сидероахрастикалық анемиясы

( ) Жүре пайда болған апластикалық анемия

Вопрос 669.

4 жастағы бала анасымен аймақтық педиатрдың қабылдауына келді. ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда физикалық дамудың кешеуілдеуі байқалды. Тері жамылғысы сұр, қолтық асты және шат аймақтарында терінің гиперпигментациясы бар. Сүйектің дамуының патологиясы, таңдай гипоплазиясы бар. Қан анализінде: Нв - 85 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0, ретикулоциттер - 0,2%, тромбоциттер - 12,0х109/л, лейкоциттер - 3,4х109/л. Сүйек миының пунктуациясында гипопластикалық эритропоэз анықталған.

Бұл белгілер қандай анемияға тән?

(+) Фанкони апластикалық анемиясы

( ) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

( ) Талассемия

( ) Фолий тапшылықты анемиясы

( ) Темір тапшылықты анемиясы

Вопрос 670.

Стационарға 1,5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. III дәрежелі шала туылған. Жиі ауырады. Дұрыс тамақ жемейді, әсіресе көкөністі. Тексеру кезінде - терісі бозғылт, сарғыш, спленомегалия. Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0. Қан сарысуындағы сарысулық билирубиннің деңгейі - 40 мкмоль/л. Анасының қан тобы O(I), баланікі A(II).

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі дамиды?

( ) Алиментарлық анемия

( ) Шала туылған баланың кеш анемиясы

( ) Жаңа туылған нәрестенің АВО жүйесі гемолитикалық ауруы

( ) Витамин тапшылықты анемия

(+) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы

Вопрос 671.

Аймақтағы педиатрдың қабылдауына 10 айлық баланы анасы алып келді. ЖРВИ-мен жиі ауырады, ішектік инфекцияның ауыр түрімен ауырған. Дене салмағы қалыптыдан 18%-ға төмен. Соңғы 2 айда үлкен дәреті 2-3 күнде 1 рет келеді. Баланың үлкен дәреті келген кезде тік ішектің шығып кететіні анасын ойландырады.

Не себептен тік ішектің шығып кетуі байқалуда?

(+) іштің қатып қалуынан

( ) тік ішектің сегізкөзге көлденең орналасуы

( ) шектің шырышты қабатының әлсіз болуы

( ) ішек шажырқайының ұзын және жіңішке болуы

( ) салмағының қалыптыдан төмен болуы

Вопрос 672.

Перзентханада орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуымен туылған 5 күндік балаға зонд арқылы тамақтандыру тағайындалған.

Осы емді тағайындау кезінде нені ескеру керек?

( ) ауыз қуысы шырышты қабатының жағдайына

(+) өңеш ұзындығының жас ерекшілігіне

( ) асқазанның орналасу ерекшелігіне

( ) асқазан сыйымдылығының ерекшілігіне

( ) баланың жалпы жағдайына

Вопрос 673.

Аймақтық дәрігердің бақылауына 3 апталық қыз бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Анасының айтуынша үлкен дәреті көп өзгереді.

Дәрігердің ашығу дәретіне күдіктенуіне не себеп ?

( ) сары түсті, қалыпты

( ) қан және шырыш аралас

(+) қою қоңыр, көлемі аз

( ) сұйық консистенциялы

( ) қатты консистенциялы

Вопрос 674.

Аймақтық дәрігерге 2 апталық ұл бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Үлкен дәреті күніне 4-6 рет.

Үлкен дәретінің қандай сипаты дәрігерге күдік туғызды?

(+) сары түсті, ащы иісті, ботқа тәрізді

( ) қою қоңыр түсті, шырыш аралас

( ) сары-жасыл түсті, шырыш аралас

( ) қоңыр түсті, сұйық, шырыш аралас

( ) сары түсті, сұйық, шырыш аралас

Вопрос 675.

Аймақтық дәрігердің қабылдауына шала туылған 1,5 айлық ұл бала келді. Туылған кездегі салмағы 2100 г. Ретсіз тамақтандырады. Анасының сүті мол. Ай сайынғы салмақ қосуы жақсы. Ауырмаған. Қан анализінде: Нb - 106 г/л, эр. - 3.1х1012/л. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған.

Бұл жағдайға анемияның қандай түрі тән?

( ) Нәрестенің гемолитикалық ауруы

(+) Шала туылған нәрестенің ерте анемиясы

( ) Шала туылған нәрестенің кеш анемиясы

( ) Алиментарлық анемия

( ) Минковский- Шоффар гемолитикалық ауруы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]