Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
546 Кб
Скачать
☆
  1. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

  1. Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары

Кәсіпкерлік субъектілері келесідей түрлерге бөлінеді:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері;

  • орта кәсіпкерлік субъектілері;

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтердің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.

Орта кәсіпкерлік субъектілерідеп жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.

Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.

Көлемі бойынша кәсіпкерліктің бөлінуінің негізгі критерийлері қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Егер жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан және активтерінің орташа жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса онда ірі кәсіпкерлікке жатқызылады.

Меншік нысаны бойынша мемлекеттік, жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық – құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады. Яғни, заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай –ақ заңды тұлға түрінде қызметін жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктер (толық серіктестік, коммандитті (сенім) серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік), өндірістік кооператив және акционерлік қоғам. Мұның барлығы жеке меншік нысанында жүзеге асырылса (акционерлік қоғамдар жеке меншікте ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік меншікте де бола алады), кәсіпорынның тағы бір ұйымдық – құқықтық нысаны – мемлекеттік кәсіпорыдар мемлекеттік меншікте болады және мемлекеттік кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыруы мүмкін.

Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.

Жүзеге асыратын қызмет түрлеріне қарай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрлерге бөлінуі мүмкін.