Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
546 Кб
Скачать
☆
  1. Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу

Нормативтік микроэкономикалық бағытты жақтаушыларэкономикалық құбылыстар мен үрдістерді модельдеуді кеңінен қолданады, яғни танып білу объектілерін зерттеу тікелей емес жанама түрде модельдер арқылы жүзеге асыру қолданылады. Сондықтанда микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған талдау ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір үзіндісін қарапайым түрде көрсету. Бұл жерде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін оның кейбір бөліктері модельде қарастырылмайды. Модельдер ауызша, график түрінде және символикалық (аналитикалық) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әртүрлі модельдерден тұрады және олар көбінесе ауызша болады. Бірақ теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекті (графиктік) және қысқаша, түсінікті болады. Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әртүрлі құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады. Бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау барысында зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар деп атайды. Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құрудың нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогендік айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.

Кез келген экономикалық модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан оның нақты жағдайға сәйкес келуін анықтаған кезде экономикалық әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өзгермейді деп санауымыз қажет. Бұл шартты әріқарай зерттеу барысында қолданамыз (басқа көрсеткіштерді тұрақты деп қарастырғанда).

Модельдеу – экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің басты әдісі. Микроэкономикада модельдердің екі түрі қолданылады: оңтайландыру және тепе-теңдікке келтіру. Жеке экономикалық агенттердің әрекеттерін зерттегенде оңтайландыру модельдері қолданылады. Сондықтан негізгі түсініктер шекті сипатта болады: шекті пайдалылық, шекті өнім, шекті шығындар, шекті түсім және басқа да маржинализмнің әдістемелері қолданылады. Модельдердің екінші түрі – экономикалық агенттердің арасындағы өзара қатынастарды зерттеуде қолданылатын нарықтық тепе-теңдік модельдері. Егер өзара әрекетке түсетін күштер балансталған болса және осы балансты бұзатын ішкі импульстер болмаса, онда жүйе тепе-теңдік жағдайында тұр деп есептелінеді.

  1. Сұраныс және сұраныс заңы

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция. Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал, сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы дегеніміз – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді.  Сұраныс функциясы – бұл сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады: QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В), мұндағы, QD — сұраныс; Р— баға; I— табыс; Z— талғамдар мен қалаулар; W— күтулер (waiting); Psub – алмастырушы (субститутты) тауарлардың бағасы; Pcom – толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; N   — сатып алушылардың саны; В — басқа да факторлар.

Сұраныс заңы

Сыртқы жағдайлар бірдей болғанда тауардың бағасы мен сатылым мөлшері кері байланыста болады.