- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық -құқықтық нысандары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны- кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар және басқа да кәсіпорындармен болатын қатынастарынан тұратын белгілі бір нормалар жүйесі. Кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады: жеке капиталдың немесе оны тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы және т.б.
Кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары болады:
1. Серіктестік: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
2. Акционерлік қоғам (ашық және жабық типі);
3. Мемлекеттік кәсіпорын.
Шаруашылық серіктестіктері жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады.
Толық серіктестік. Қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік толық серіктестік болып табылады.
Толық серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады және әрекет етеді. Толық серіктестік қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны оның қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.
Сенім серіктестігі.Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі болып табылады. Қосқан үлесінің мөлшерінде жауап беретін қатысушылар командистер деп аталады. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды - акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит деп атайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікБір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеуі серіктестік деп танылады. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар нысанында заттық үлестері де болуы мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б.).
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктіңқатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.
Акционерлік қоғам — бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды, оны нотариус куәландыруы керек. Акционерлік коғамды ұйымдастырушыларға шек койылмайды. Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.
Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: ашық және жабық. Ашық акционерлік қоғамға барлық азаматтар қатысады. Олар қоғамның басқа мүшелерінің рұқсатынсыз өз акцияларын сата алады. Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек қана құрылтайшыларына немесе жарғыда көрсетілген басқа да тұлғаларға сатылады.
Акция дегеніміз– оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Сонымен бірге акция акционерлік қоғамның ісін басқаруға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция - бір дауыс деген қағида басшылыққа алынады. Акционердің акциясы неғұрлым көп болса, акционерлік кәсіпорынның істеріне соғұрлым көп әсер ете алады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруда акциялардың бақылау пакетін иеленген акционер шешуші рөл атқарады.
Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеттік кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.
Бюджеттік кәсіпорындарға заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бюджеттік кәсіпорындар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды.
Мемлекеттік корпорациялар мемлекеттік кәсіпорындардың кеңінен тараған түрі. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал және пайда құрайды. Сонымен қатар облигация нысанында заем капиталын, банк несиелерін, басқа да қаржы көздерін пайдаланады.
Аралас компаниялар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегер, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.
Аралас фирмалардың өзіндік капиталы акционерлік капиталдан, капиталданған пайдадан, акциялары қор биржасында сатылатын болса, эмиссиялық табыстан құралады. Мемлекет пен жеке акционерлер өз қызметтерінің нәтижесінде дивиденд нысанында табыс алып отырады.
