- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдерінің алуан түрлілігі римдік құқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады.
Шарт жағдайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін кесім және басқалары түсініледі. Айтылғандарды есепке ала отырып, көпұғымды түсінік ретінде шартты тараптардың келісімі, заңдық факт және солардан туған құқықтық қатынас деп қарастыру ең қолайлы тәсіл болып табылады.
Кәсіпкерлік шарттың мәні туралы мәселеге көше отырып, «шаруашылық шарт» терминінің өткен жүзжылдықтың 30 жылдары бастапқыда өнім беру шартының синонимі ретінде пайда болғанын айтқан жөн. Кейіннен шаруашылық шарт түсінігі социалистік ұйымдардың шаруашылық қатынастарында пайдалану үшін арнайы белгіленген шарттарды қамтитын ерекше құрылымға дейін кеңейді. Ғалымдардың «шаруашылық шарттарының» құқықтық жаратылысына қатысты көзқарастары басынан бастап-ақ шаруашылық құқықтың және шаруашылық құқықтың дербестігін жақтаушыларға (Д.Н.Сафиуллин, Н.И.Клейн, И.А.Танчук және басқалары) және бұл көзқарасқа қарсыларға (Д.М.Генкин) бөлінеді.
Ғалымдардың пікірлері қазіргі таңда да шамамен дәл осылайша бөлініп отыр. Пікірлердің соншалықты сан алуандылығына қарамастан, оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
кәсіпкерлік шарт – бұл шарттың дербес түрі (тұрпаты);
кәсіпкерлік шарт – бұл азаматтық-құқықтық шарттың ерекше түрі (тұрпаты).
Бірінші көзқарастың жақтаушылары ішінен кәсіпкерлік шарт – бұл шарттық тұрпат емес, сонымен бірге Азаматтық кодекспен жиынтық мағынада (контекст) азаматтық-құқықтық шарттың бір түрі де болып табылмайды деп санайтын В.С.Белыхты атауға болады. Ары қарай В.С.Белых кәсіпкерлік шарт құрылысы Азаматтық кодекстің мағыналық ауқымына сыймайтыны және оған заңдық бейне беру Кәсіпкерлік кодексте ғана мүмкін екені туралы қорытындыға келеді.
С.С.Занковский де осы ұстанымды жақтайды, оның пікірінше, РФ АК-де құқықтық реттеудің екі режимі бар: кәсіпкерлік және тұрмыстық. Олардың алғашқысы бизнеске, екіншісі азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, ал ол оншама қолайлы емес – кәсіпкерлік шарттарының тұрмыстық шартпен ортақ белгілері бар, бірақ ұқсастықтарына қарағанда айырмашылықтары көптеу, сол себепті азаматтықпен қатар, кәсіпкерлік қызмет реттелген арнайы сауда немесе коммерциялық кодекстер шығарылған құқықтық жүйелер қисындылау көрінеді (Германия, Франция, Жапония).
Шындығында, жеке құқық дуализмі жүйесі қалыптасқан елдерде азаматтық-құқықтық шарттар сауда (коммерциялық) шарттарынан ажыратылып көрсетіледі. С.Жамен мен Л.Лакур айтқандай, халықаралық тәжірибеде де коммерциялық шарттардың төмендегідей:
коммерсантпен коммерциялық қызметке қажетті шарттар (сауда мәмілелері);
кәсіпқой емес клиентпен шарттар (аралас мәмілелер);
коммерциялық қызметке қатысы жоқ шарттар (азаматтық мәмілелер) сияқты түрлері ажыратылады.
Кәсіпкерлік шарттың түсінігі мен мәніне өркениеттік көзқарас кәсіпкерлік шарттың дербестігін жоққа шығаруға және оны азаматтық-құқықтық шарттың сан алуандылығының ерекшелігі деп тануға негізделген.
Сөйтіп, кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылатын келісім.
