Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
техн. карта естиярлар-ортаңғы топ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Киімдер жайлы білу керек.. Қойылған сұрақтарға жауап бере алу керек.

Біледі: Киімдердің атауларын шатастырмау. Сергіту сәтін біледі. Өздеріне таныс сұрақтарға жауап бере алады.

Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере алуға үйрету керек.

«Қатынас» білім беру саласы

Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні:

Тақырыбы-Тема: «Ойыншықтар» , «Адамның дене мүшелері»

Мақсаты-Цель: 1.Балаларға дене мүшелері жайлы түсіндіру.Дене мүшелерін ажырата білуге үйрету.Ойыншық атауларын пысықтау.

2.Балалардың сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын молайту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тіл мәдениетін жетілдіру.

3.Балаларды жеке бас гигиенасын сақтап жүруге үйрету.

Биллингвалды компонент: Бас, қол, бет, мұрын, шаш, қуыршақ, қыз, көз.

Әрекеттердің кезеңдері

Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдасты-рушылық –

оятушылық

Ұйымдастырушылық кезең

«Бала,бала , балапан» атты шеңбер ұйымдастыру.

Балалар келіңдер біраз ойнап алайық.

Доппен ойнап, мына сұрақтарға жауап беру.

1. Сенің атың кім?

2. Сен неше жастасың?

3. Сенің тегің қалай?

Балалар шеңберге тұрады.

Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды.

Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді.

Ұйымдасты-рушылық –

ізденушілік

Балаларға бүгінгі сабақтың тақырыбына байналысты ілінген плакатпен жұмысты бастау.

Балалар мынау бала. Қазір біз бұл балаланың дене мүшелерімен танысамыз.

Мынау бас. Сендер де бастарыңды ұстаңдар.

Бас –голова

Мынау қол. Екеуі бірге қолдар.

Қол-рука.қолдар –руки.

Қолдың басында саусақтар.

Саусақ – палчик.

Саусақтар-палчики.

Мынау мұрын.

Мұрын-нос.

Мынау шаш.

Шаш-волосы.

Мынау аяқ.

Аяқ-нога.

Аяқтар-ноги

3. Дыбыстық жаттығулар

Ұс-ұс-ұс Байғыз киелі құс.

Ұс-ұс-ұс Ауыл осы тұс.

Ұс-ұс-ұс Аққу парасатты құс.

Ұста, тұрмыс, ұлар, ұлу.

Балалар жаңа тақырыпқа байланысты таңдалған суреттерге қызығушылықпен қарайды.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

1)жеке-жеке

2)ұжыммен

3) жұппен

4)Ақырын

Дыбыстық жаттығуларды мұғаліммен қайталап , дыбыстарды бекіту.

Рефлекстік- түзету

Сергіту сәті:

«Бір үйде біз нешеуміз?»

Тіл дамыту.

1. Саусақ өте таң қалды,

Қалай ол басшы болды?

Біз жақсы білеміз ғой-

Иә, үлкен болғаны.

2. Бас бармақтар таласты,

Қайсысы оның басшы?

Таласқа жол бермейміз,

Татулықпен достасты.

Д/ о: «Қуыршақты киіндіреміз»

Мақ: балалармен жаңа сөздерді бекіту. Сөйлеу тілдерін дамыту.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады.

Түстерді бекіту.

Саусақ жаттығуларын бірлесіп орындау.

Балалар ойынға белсене араласады.