Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
техн. карта естиярлар-ортаңғы топ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Сәлемдесу және қоштасу сөздерін білу керек. Тақпақты жатқа айту керек.

Біледі: Этика жайлы түсінікті біледі. Санамақ ойынды біледі.

Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере алуға үйрету керек.

«Қатынас» білім беру саласы

Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні:

Тақырыбы-Тема: Балабақша .Біздің топ

Мақсаты-Цель: 1.Балаларға топ бөлмесіндегі заттарды дұрыс тауып айтуға үйрету. Сөйлеу барысына қолдана білуге үйрету.

2.Балалардың сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын молайту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тіл мәдениетін жетілдіру.

3.Бақшаны өз үйіндей мәпелеуге үйрету.

Биллингвалды компонент: Терезе, есік, кілем, орындық, балабақша

Әрекеттердің кезеңдері

Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдасты-рушылық –

оятушылық

Ұйымдастырушылық кезең «Алақай!» атты шеңбер ұйымдастыру.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Балалар сендер таңертең тұрып қайда келесіңдер?

-Балабақшаға

-Дұрыс айтасыңдар. Балабақша сендердің екінші үйлерің.

Д/о: «Сұрақ- жауап»

1. Сенің атың кім?

2. Сен неше жастасың?

3. Сенің тегің қалай?

4.Сен қай балабақшаға барасың?

Балалар шеңберге тұрады.

Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды.

Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді.

Ұйымдасты-рушылық –

ізденушілік

Қазір біз сендердің топтарыңда шағын саяхат жасаймыз.

Мынау сендердің топтарың.

Қайталаймыз:

Топ -группа

Мынау- терезе.

Терезе- окно.

Мынау -есік.

Есік- дверь

Мынау -кілем.

Кілем-ковер.

Мынау -орындық.

Орындық- стул

Сергіту сәті:

«Менің айтқанымды орында»

Кәне қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызды табайық.

Балалар өз топтарына саяхат жасап келгендеріне қуанады.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

1)жеке-жеке

2)ұжыммен

3) жұппен

4)Ақырын

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады.

Рефлекстік- түзету

Дыбыстық жаттығулар

І – і і- і –і –і

Іні, ін, із, ілгіш

Ы-ы Ы-ы-ы-ы

Ыдыс, ырыс, ынтымық.

Д/о: «Қайтала»

Мақсаты: жаңа сөздерді бекіту.

Балалар біз тақпақ жаттайық:

Балабақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Дыбыстықжаттығулар-

ды

тыңдап, мұғаліммен

дұрыс айтуды үйренеді

Балалар ойынға белсене араласады.

Тақпақты қайталап, менің көмегіммен жаттайды.