Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ жумыс ТА каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Иінді біліктің негізгі құрылымдық элементтері мен оның ақауларын атап көрсетіңіз.

  2. Иінді біліктің сондай ақауларының пайда болу себептерін атаңыз.

  3. Иінді білік мойындарының жағдайын қандай параметрлер сипаттайды?

  4. Негізгі және шатундық мойындардың конус тәрізділігі мен сопақтылығын себептері болып не табылады?

  5. Иінді білік негізгі мойындарының радиалды соғуын қалай өлшейді?

Иінді біліктің майысуының себебі болып не табылад

№ 7 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Шатунды дефектілеу

7.1 Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың мақсаты – дефектілеу тәсілдері, құралдары мен техникасы туралы білімді дамыту мен терңдету; ақаулар мен олардың тіркесін анықтау; көлік техникасын күрделі жөндеу бойынша жетекшілік және құралдарды пайдаланудың тәжірибелік ілімін игеру; дефектілеу картасын құру әдістемесін меңгеру; ақаутапқыш жұмыс сипатын айқындау табылады.

7.2 Қажетті құрал- жабдықтар

Тәжірибелік жұмысты орындауда қолданылады:

1 зертханалық үстел;

2 слесарлық қысқыштар МемСТ 4045–75;

3 шатунды бақылауға арналған аспап;

4 пневматикалық гайка бұрағыш МемСТ 10210–83;

5 динамометрлік кілт ДК–15;

6 ауыстырылатын бастар жинағы МемСТ 25604–83;

7 индикаторлық нутрометрлер НИ 18–50 және 50–100 МемСТ 868–82;

8 рычагты микрометрлер МР–50 және МР–100 МемСТ 4381–87 немесе тегіс микрометрлер МК–50–75–100 МемСТ 6507–90;

9 микрометр ұстағыш С IV;

10 штангенциркуль ШЦ–11–160–0,05 МемСТ 166–89,

11 шатунды ұстауға арналған аузы бар арнайы рычаг;

12 муфельді электрпеші МП–2;

13 шатундар;

14 ескірген заттар;

15 күрделі жөндеуге техникалық жағдай.

7.3 ЖАлпы жағдайлар Бөлшектің құрылымдық- техникалық сипаттамасы

Шатунның негізгі құрылымдық элементтері- жоғарғы және төменгі бастары, шатун өзегі, төменгі бас болтының тесігі.

Өңделетін беттердің өлшемдері дәлдігіне талаптар. 4…5 квалитеттер шегінде; формасының ауытқуы жіберілетін өлшем өрісінің жартысынан аспауы керек; орналасудың ауытқуы 100 мм ұзындықтың 0,02…0,05 мм- нен аспауы керек. Шатундар берілген массаға сәйкес келуі керек. Бастар мен осьтар арасындағы қашықтық 0,1 мм- ге дейінгі дәлдікпен ұсталады. Өңделетін беттің тегістігі Rа = 0,4 мкм- ден үлкен емес.

Технологиялық база ретінде негізгі жұмыстық беттер қызмет атқарады – төменгі және жоғарғы балластардағы тесіктер мен оларға келетін бүйірлер.

Ақаулар және оларды жою тәсілдері

Күрделі жөндеуге түсетін автомобильдер қозғалтқышы шатунының негізгі ақаулары болып: шатун өзегінің иілуімен бұралуы, жоғарғы және төменгі бастар осьтері арасындағы қашықтықтың азаюы, жоғарғы бастың төлкесіндегі тесіктер мен төлкенің тесіктерінің тозуы; шатунның төменгі басының бүйір жақ беті мен тесіктердің тозуы табылады.

Жұмыс үрдісінде шатунға тесік бетінде түйіспелі цилиндрлік жүктеме мен жоғары температура жағдайында бұралу мне майысу кернеуіне әкелетін инерциялық күштер мен цилиндрдегі газ қысымынан айтарлықтай жүктеме әсер етеді. Бұл тесіктер (Δизн 0,05 мм дейін) мен төменгі бастың шет жақтарында (Δизн 0,1 мм дейін) тозулардың пайда болуына әкеледі. Бұл тозуларды слесарь- механикалық өңдеу немесе темірлендіру жолымен жояды, ал механикалық зақымдануларды шатунды істен шығарады.

Шатундардың деформациясы (майысу, бұралу) бөлшектердің тозуы және қосылыстардағы саңылаудың үлкеюі, сондай- ақ қисық мойынды шатунды механизм бөлшектерінің қисаюы салдарынан есептік жүктемені арттыратын сомалық жүктеме әсерінің (піспекке газ қысымы және инерция күштері) нәтижесінде болады. Тозу және бұралудан деформация 100 мм ұзындыққа Δизн = 0,2 жетеді мүмкін.

Жоғарыда аталған шатун деформациялары қозғалтқыштың қалыпты жұмысына кері әсер етеді, сондықтан олар тек белгілі бір шамаға дейін жіберілуі мүмкін. Мысалы, шатунның қисықтығы цилиндр қабырғаларының бір жақты тозуына және иінді білік мойындары мен мойынтіректердің тозуына әкеледі. Жоғарғы және төменгі бастардың осьтері арасындағы қашықтықтың өзгеруі қозғалтқыш қуаты мен сығу дәрежесінің өзгеруіне әкеледі. Шатунның жоғарғы және төменгі бастарының осьтері бір- біріне параллель болуы және бір жазықтықта жатуы керек. ЗИЛ-130 қозғалтқышы шатунының майысуы мен бұралуынан болатын деформациясы шатунның 100 мм ұзындығына 0,04 мм- ден аспауы керек.

Жоғары жіберілетін шектердегі шатунның майысуы мен бұралуын «салқындай» түзету арқылы жояды. Пайдалану үрдісінде шатунның мүмкін қайталанатын деформациясын азайту мақсатымен шатундарды түзетуден кейін нормасы 400…450 С температурада қыздырып және осы температурада 1,5 сағат бойы ұстап термиялық тұрақтылығын жоғарылатады.