Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ жумыс ТА каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

5.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі

Тәжірибелік жұмысты орындау келесі кезекпен жүргізіледі:

1) мойынтіректерге өлшеулер және ондағы белгілеулерді алып оқу жүргізіледі. Алынған мәндерді есеп беруге жазамыз;

2) сыртынан қарау арқылы мойынтіректің көрінетін ақауларын орнатады;

3) мойынтіректің осьтік саңылауын 5.1. суретте келтірілген құрал көмегімен өлшейді. Көлденең плитаға 6 және сыртқы сақиналық тіреуішке 5 мойынтірек орнатылады. Бос ішкі сақинаға шайба 3 орнатылады және оның центріне штативке 1 бекітілген индикатордың ұшы әкелінеді. Индикатор тілі нөлге қойылады. Бақылау шайбасын қолмен ұстай отырып және мойынтіректің сыртқы сақинасын көлденең плитаға қысып ұстап, сұқ саусақпен ішкі сақина жоғарыға тірелгенге дейін көтереді. Индикатор көрсеткіші жазылады. Өлшеулерді бірнеше қайтара жүргізіп, орташа арифметикалық мәнін алу ұсынылады.

Мойынтіректің осьтік саңылауын анықтау

5.1- сурет

4) радиалды саңылауды 5.2. суретте келтірілген құралмен өлшейді. Өлшенетін мойынтіректің ішкі диаметрі бойынша таңдалған саусақта 4, тіреуішке 7 бекітіледі. Мойынтіректі 3 саусаққа 4 отырғызады және оған планка 5 және гайкамен 6 бекітеді. Мойынтіректің сыртқы сақинасының үстіңгі жағына штативке 1 орнатылған индикаторды 2 әкеледі. Индикатор тілін нолдік жағдайға қояды;

Радиалды саңылауды анықтау

5.2-сурет

Радиалды саңылау шамасын төменгі жағынан мойынтіректің сыртқы сақинасынан басу арқылы анықтайды.

Өлшеулерді сақинаны щеңбер бойымен айналдыра отырып үш нүктеде жүргізеді. Алынған мәндерді жазып алады.

5.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру келесі бөлімдерден тұрады:

1) мойынтіректердің тағайындалуы, параметрлері және шартты белгілеулерді ашып оқу;

2) сырттан қарау және микрометрлер мен индикаторлық нутрометрлер қолдану арқылы орнатылған мойынтіректер ақауларының сипаты;

3) мойынтіректердің өлшенген мәндері (кесте 5.3);

4) мойынтіректердің жағдайы жөнінде қорытынды.

Кесте 5.3.

Өлшемдердің атаулары замеров

Өлшем бірліктері

Мойынтіректер

Эталондар

1

2

3

Сыртқы диаметр диаметр

Ішкі диаметр

Осьтік саңылау зазор

Радиалды саңылау

5.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Тербелу мойынтіректерін қалай бөлеміз?

  2. Мойынтіректің арнайы белгіленуіндегі оң жақтан бірінші және екінші сан нені анықтайды?

  3. Мойынтіректің арнайы белгіленуіндегі оң жақтан үшінші сан нені көрсетеді?

  4. Мойынтіректің арнайы белгіленуіндегі оң жақтан төртінші сан нені білдіреді?

  5. Мойынтіректің арнайы белгіленуіндегі оң жақтан бесінші және алтыншы сан нені білдіреді?

  6. Мойынтіректердегі әріптер нені білдіреді?

  7. Ішкі немесе осьтік саңылауы дегеніміз не?

  8. Радиалды саңылау дегеніміз не және олардың қандай түрлерге бөледі?

  9. Сізге тербелу мойынтіректерінің қандай ақаулары таныс?

№ 6 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС