- •1.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •1.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •1.6 ӨЗін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Бөлшектерді дайындаудың технологиялық үрдісі кезіндегі қателіктер жиынтығының талдауы
- •2.1 Жұмыстың мақсаты
- •2.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •2.3 Жалпы жағдайлар
- •2.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •2.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •2.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Кесу режимдері мен кесу аспабы геометриясының беттің кедір- бұдырлығына әсері
- •3.1 Жұмыс мақсаты
- •3.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •3.3 Жалпы жағдайлар
- •3.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •3.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •3.6 Өзін- өзі тексеру сұрақтары
- •Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігін анықтау
- •4.1 Жұмыстың мақсаты
- •4.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •4.3 Жалпы жағдайлар
- •4.4 Тәжірибелік жұмысты орындаудың әдістемесі
- •4.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •4.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Тербелу мойынтіректерін дефектілеу
- •5.1 Жұмыстың мақсаты
- •5.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •5.3 Жалпы жағдайлар
- •5.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •5.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •5.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Қалпына келтіру тәсілін орату арқылы іжқ иінді білігінің сипаттамасы мен тозу шамаларын анықтау
- •6.1 Жұмыстың мақсаты
- •6.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •6.3 Жалпы жағдайлар
- •6.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •6.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •6.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Шатунды дефектілеу
- •7.1 Жұмыстың мақсаты
- •7.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •7.3 ЖАлпы жағдайлар Бөлшектің құрылымдық- техникалық сипаттамасы
- •Ақаулар және оларды жою тәсілдері
- •Шатундарды түзету мен бақылауға арналған құрал құрылғысы
- •7.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •7.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •7.6 Өзін - өзі тексеру сұрақтары
- •Флюс қабаты астында балқыту арқылы тозған бөлшектерді қалпына келтіру
- •8.1 Жұмыс мақсаты
- •8.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •8.3 Жалпы жағдай
- •Балқыту үшін электродтар мен флюстар
- •Балқыту шарттары
- •Балқытылған қабат сапасы
- •Флюс астында балқытуға арналған құрал құрылғысы
- •8.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •8.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •8.6 Өзін - өзі тексеру сұрақтары
- •Қолданыдыған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Балқыту үшін электродтар мен флюстар
Электрод ретінде пісіру және балқыту сымдары, балқыту үшін ұнтақтар мен серіппе сымдар, ұнтақты сымдар мен балқыту сымдары қолданылады. Пісіру және балқыту сымдарының шарттары белгіленуі «Св» (пісіру) және «Нп» (балқыту) индекстері мен одан кейінгі сандар мен әріптерден тұрады. Алғашқы екі сан көміртегінің орташа құрамының пайыздың жүзден бір бөлігін көрсетеді. Келесі сандар мен әріптер сым құрамындағы бас элементтердің болуына көрсетеді. Сым құрамындағы легірлеуші элементтердің белгіленуі болат маркировкасындағыдай қалады; мысалы: Н – никель, С – кремний, Т – титан, Ф – ванадий, X – хром, Ц – цирконий, Ю – алюминий. Егер әріптен соң сандар болмаса, онда сол элемент аз мөлшерде екендігін көрсетеді (бір пайыздан аз). Аз көміртекті және легірленген сымдар маркасының шартты белгіленуі соңындағы А әрпі күкірт пен фосфор құраиы бойынша металлдың жоғары тазалығын көрсетеді. Мысалы, Св-06Х19Н9Т пісіру сымдарының құрамында: көміртек 0,06%, хром 19%, никель 9% және де титан аз мөлшері.
Балқыту сымдарын көміртекті (Нп–30, Нп–40 және басқа), легірленген (Нп–30ХГСА, Нп–30Х5 және басқа) және жоғары легірленген (Нп–4Х13, Нп–60ХЗВ10Ф және басқа) болаттардан жасалады. Орташа көміртекті және аз көміртекті болаттардан жасалған бөлшектерді қалпына келтіру үшін аз көміртекті (Св–08 және Св-15), марганецті (Св–08Г, Св–15Г, Св–10Г2) және кремнимарганецті (Св–12Г2С) сымдар мен ленталар қолданылады. Легірленген болаттан жасалған бөлшектерді арнайы легірленген сымдармен (Нп–30ХГСА, Св–ЗХ13, Св–2Х13 және басқа) балқытады.
Автоматты балқытуда пайдаланылатын флюстер дайындау тәсілі бойынша балқитын және балқымайтын (керамикалық) болып бөлінеді. Балқитын флюстар шихта компоненттерін электрлік немесе плазмалық пештерде содан кейінгі түйіршіктеу арқылы балқытып алады. Легірлеуші элементтердің құрамында басым болуына байланысты бұл флюстар жоғары кремнийлі (SiO2 > 30 %), төмен кремнийлі (SiO2 < 30%), марганецті (MgO > 2%) болып бөлінеді. Жөндеу өндірісінде көбінесе қаттылығы 300…400 НВ балқыту қабатын алуға мүмкіндік беретін марганецті және жоғары кремнийлі флюстар қолданылады. Балқу флюсына графит пен ферросплавты қосы балқыту металын кремний, марганец, көміртегі, хром, никель, титан және т.б. легірлеуге мүмкіндік береді.
Балқымайтын (керамикалық) флюстар сұйық әйнек жалпы массасына қосылған легірлеуші, қышқылданған және шлак құраушы компоненттер механикалық қоспасы. Бұл флюстарда қышқылданбаған элементтердің 50 % болуы балқыту қабатын легірлеу мүмкіндігін береді. Керамикалық флюстар кемшілігіне олардың салыстырмалы жоғары құндылығы мен легірлеуші элементтер айтарлықтай жоғалтулары жатады, өйткені олардың бір бөлігі шлак қабатын қалады.
Балқыту шарттары
Балқыту шарттары мен режимдерін тағайындауда бөлшек өлшемі, қалпына келтірілетін бет пішіні, оның тозу шамасы мен балқыту қабатының сапасын ескереді.
Балқыту қабатының сұралатын қаттылығын алу үшін бірінші кезекте электродты сым мен флюс маркасын дұрыс таңдап алу қажет.
Электрод тартылуы, әсіресе жұқа сыммен балқыту кезінде балқыма тереңдігі мен тігіс формасына әсер етеді. Электрод тартылуының балқыма тереңдігі азайып және тігісте балқитын металл үлесі көбейеді. Бағдарлы әдіспен тартылу шамасын осылай анықталады:
, (8.1)
мұнда d – сым диаметрі, мм.
Электрод ығысу шамасын (сурет 8.1 қараңыз) келесі формула бойынша анықталады [18]:
, (8.2)
мұнда D – бөлшектің қалпына келетін бетінің диаметрі, мм.
Электродты 6…8° бұрыш бөлшек айналу бағытымен сәйкес бағытта еңкейту керек, сол арқылы дұрыс геометриялық формадағы валикті алуға мүмкіндік береді. Бұрыштың үлкен мәндерінде валик шетінен «қыздырылмаған орындар» пайда болады.
Балқыту режим элементтеріне жатады: пісіру тогының күші I, электродты сым берілісінің жылдамдығы n мен бөлшек айналмалы жылдамдығы (айналу жиілігі).
Ток күшін бөлшектің диаметрінен D (сурет 8.2) немесе балқыту орнындағы қабырға қалыңдығына байланысты тағайындалады. Ток жоғарылауымен сұйық вана көлемі ұлғайып, бөлшекті балқыту тереңдігі Н өсіп, бірақ валик ені онша өзгермейді. Бұл валик биіктігінің h өсуіне әкеледі.
Пісіру тогының күші I бөлшек диаметрінен тәуелділігі:
Пунктир сызығы – жіберілетін мәндер аумағының шекарасы штрихталған аумақ – тиімді мәндер аумағы
8.2- сурет
Ток жоғарылауы доға жауының тұрақтылығының өсуіне, бөлшек деформациясының мүмкіндігі мен жұқа қабатты бөлшек балқуының жоғарылауына, негізгі металл үлесінің жоғарылауына, және де сәйкесінше, балқыту қабатындағы легірлеуші компоненттердің концентрациясының азаюына әкеледі.
Ток күшін сурет 8.2- ден таңдау кезінде штрихталған аумаққа бағдарлау қажет; пунктир сызығына жіберілетін ток күші сәйкес болады. Тағайындалған ток күші бойынша электродты сым диаметрі таңдалады (сурет 8.1).
Кесте 8.1
Ток күші мен электродты сым диаметрі арасындағы тәуелділік
Ток күші I, А |
90…100 |
120…300 |
160…400 |
180…450 |
220…500 |
Электродты сым диаметрі d, мм |
1,2 |
1,6 |
2,0 |
2,5 |
3,0 |
Балқытудағы электродты сым берілісінің жылдамдығы (м/ч) [18]:
, (8.3)
мұнда dн – балқу коэффициенті, г/(А сағ), dн = (14…18) г/(А сағ);
j – сым материалының тығыздығы, г/см3.
Бөлшек айналмалы жылдамдығы (м/сағ):
, (8.4)
мұнда – балқыту қабатыны қалыңдығы , мм ((1…4) мм- ге тең деп қабылданатын тозу шамасына байланысты);
S – Бөлшек айналымына балқыту ілгішінің тік берілісінің шамасы (балқыту қадамы), мм (сым диаметрі мен (2…6) тең деп қабылданған [18]).
Балқыту бөлшегінің айналу жиілігі (мин-1):
. (8.5)
Балқыту режимдерінің есептелген және қабылданған параметрлерін балқытуға арналған қондырғы технологиялық мүмкіндігімен сәйкесінше реттеледі.
Реттелген параметр бойынша балқытудың негізгі техникалық уақытын есептейді (мин) [19]:
, (8.6)
мұнда
– тігіс
көлденең қимасының ауданы
(валик),
мм2;
L – тігіс ұзындығы, мм;
kп – металл шашырауының көлемі (kп = 0,9);
kс – жұмыс қиындылығын ескеретін коэффициент (автоматты пісіру (балқыту) мен жазықтықтарды жоғарысынан қолмен дәнекерлеу (балқыту) кезінде kс = 1 ; диаметрі 40…50 мм цилиндрлік бөлшектерді қолмен дәнекерлеу мен көлденең жазықтықта астынан дәнекерлеу кезінде kс = 1,5; диаметрі 50 мм- ден аса цилиндрлік бөлшектерді қолмен балқыту мен тік жазықтықта дәнекерлеу кезінде kс = 1,3;).
Балқыту тігісінің ұзындығы L төмендегі формула бойынша анықталады:
, (8.7)
мұнда п – балқыту бетіндегі тігістер саны:
, (8.8)
мұнда b – балқыту бетінің ұзындығы, мм.
Балқыту режимдерін тағайындау кесте 8.2. сай жүргізеді.
Кесте 8.2
Цилиндрлік бөлшектердің балқыту режимі [18]
Бөлшек диаметрі D, мм |
Электродты сым диаметрі d, мм, кезіндегі ток күші I, А |
Кернеу, В |
Бөлшек айналмалы жылдамдығы н, м/сағ |
Электрод берілісінің жылдамдығы n, м/сағ |
Тік беріліс S, мм/айн |
|
1,2…1,6 |
2,0…2,5 |
|||||
50…60 |
120…140 |
140…160 |
26…28 |
16…24 |
77 |
3 |
65…75 |
150…170 |
180…220 |
26…28 |
16…28 |
87 |
3,5…4,0 |
80…100 |
180…220 |
230…280 |
28…30 |
16…30 |
104 |
4 |
150…200 |
230…250 |
300…350 |
30…32 |
16…32 |
140 |
5 |
250…300 |
270…300 |
350…380 |
30…32 |
16…35 |
200 |
6 |
