Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ жумыс ТА каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беруде келесі бөлімдерден тұруы қажет:

1) атауы мен жұмыс мақсаты;

2) вариант бойынша өңделу дайындама эскизі;

3) өңдеу режимдері;

4) дайындама өлшеу берілгендері;

5) қажетті есептеулер;

6) алынған есеп және эксперименталдық берілгендер келесі тәуелділікті құрастыру: t = const, S = const және = const, t = const.

7) жқмыс бойынша қорытынды.

3.6 Өзін- өзі тексеру сұрақтары

  1. Беттің кедір- бұдырлығы деп нені түсінеді?

  2. Бет кедір- бұдырлығын бағалау үшін қандай параметрлер орнатылған?

  3. Өңдеу режимдері қандай параметрлер сипаттайды?

  4. Егеу қандай түрлерін және олардың айырмашылықтарын білесіз?

  5. Қандай станоктарда дайындама өңдеу кезінде кескіштерді қолданады?

  6. Бет кедір- бұдырлығына қандай геометриялық параметрлер әсер етеді?

№ 4 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігін анықтау

4.1 Жұмыстың мақсаты

Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігін бағалау әдістемесімен танысу.

4.2 Қажетті құрал- жабдықтар

Тәжірибелік жұмысты орындау кезінде қолданылады:

1 1К62 токарь станогы;

2 цилиндрлік дайындама;

3 микрокалькулятор.

4.3 Жалпы жағдайлар

Металл кескіш станоктарда бөлшектерді дайындау кезінде станок тораптарының қажетті орын ауыстыруын есептеуге мүмкіндік беретін лимбаларды жиі қолдануға тура келеді. Лимбаларды қолдану кезінде (лимбалардың бүтін бөлгіш санға ауысқан жағдай да) қондырғы қателігі әсерінен қажетті орын ауыстыруды дәл алу мүмкін емес.

Станок лимбасы бойынша қондырғы өлшемінің қателігі кездейсоқ қателік болып табылады және көптеген ауыспалы факторлардан тәуелді: бағыттағыштардағы үйкеліс күшінің шамасынан, орын ауыстыру тізбегінің қатаңдығынан, винттік жұптың тозуынан, жұмысшының көзінің көргіштігінен, жұмыс орнының жарықтандырылуынан, лимба шкаласындағы штрихтер енінен, винт қадамының дәл еместігінен, лимбаға бөліктерді түсірудің дәл еместігінен және басқалары.

Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігінің шамасын бақылау негізінде, таралу қисықтарын құрастыру және оларды математикалық өңдеуі арқылы табуға болады.

Таралу қисығын құрастыруға берілген мәндерді алу үшін тораптың нақты орнын өлшегіш құралмен әрбір мәрте сайын тіркей отырып, станок торабын лимба бойынша дәл сол орынға бірнеше рет орнату қажет.

Жұмысты осылай жүргізу әдістемесі кезінде винт қадамы дәл еместігі және лимба бөліктерінің түсіру дәл еместігімен шартталатын қондырғы қателігінің құраушылары ескерілмейді, алайда экспериментті жүргізу техникасы жеңілденеді.

Қондырғының жалпы қателігінің көрсетілген құраушылары онша үлкен шамада бола алмайтыны белгілі, сондықтан да ондай жеңілдету эксперимент нәтижесіне білінетіндей қате енгізбейді.

4.4 Тәжірибелік жұмысты орындаудың әдістемесі

Тәжірибелік жұмысты орындау келесі ретпен жүргізіледі:

1) станок лимбасын таңдалған бөлікке орнату;

2) станоктың қозғалмайтын бөлігіне индикаторлық бағанды бекіту. Индикатордың өлшегіш ұшы станоктың орын ауыстыруы бөлшектеріне (тәжиребеде) жанасуы тиіс (сурет 4.1). Индикатор біршама тартыммен кез- келген бөлікке орнатыла алады;

Станок лимбасы бойынша өлшемдерді орнату үшін индикатор бекіткіші

4.1- сурет

3) винт көмегімен (винт тұтқасын кері бағытқа бұра отырып) винттік жұпта саңылау міндетті түрде таңдалу үшін орын ауыстырушы торапты артқа шегіндіру (винттің 0,5…1 айналымына);

4) винт тұтқасын бұра отырып станок торабын қозғалмайтын белгісі бар лимбаның таңдалған бөлігімен бекітпенің сәйкес келуіне дейін орын ауыстыру; Бекітпенің дәл келуінің соңғы тірелуін винт тұтқасын қолмен жәй түрту арқылы жеткіземіз;

5) 3 және 4 пунктерді көп рет (80…120 рет) қайталау. Индикатор көрсеткішін 4.1 кестеге жазу;

Кесте 4.1

Торапты орнату нөмірі

Индикатор көрсеткіші, мкм

Торапты орнату нөмірі

Индикатор көрсеткіші, мкм

6) абсцисса осі бойынша бақылаудың реттік нөмірлері қойылатын, ал ордината осінде – бақылау кезіндегі есеп басы болатын нүктелік диаграмманы құру;

7) интервалға бөлуді жүргізу және таралудың тәжірибелік қисығын құрастыру;

8) бақылау нәтижелерінің өңдеуге ыңғайлы болуы үшін нүктелік диаграмманы құрастырған соң индикатор көрсеткіштерін топтастыру және 4.2 кестеге енгізу;

Кесте 4.2

Өлшеу интервалының шекаралары

Интервалдың орташа мәні

Жиілік

и т.д.

9) , S және мәндерін есептеу;

10) қалыпты таралу қисығын құрастыру үшін берілгендерді 4.3 кестеге енгізу;

11) таралудың тәжірибелік қисығына сәйкестендіре отырып қалып таралу қисығын құрастыру;

12) есеп беру жасау.

Кесте 4.3

x

y

0

0

3989

0,5 S

и т. д.