Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ жумыс ТА каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі

Тәжірибелік жұмысты орындау келесі тәртіппен жүргізіледі.

Станок ортасында бес өңдеу учаскесі бар бірінші дайындаманы, ал кескішті ұстағыш суппортына кескішті (кескіш түрін оқытушы тағайындайды) орнатылады.

1) Станокты қосып, оқытушы белгілеген шамалармен өңдеу әрбір учаскесінде кесу жылдамдығын өзгертіп тізбектеп дайындама барлық беттерін егеу. Өңдеу барлық режимдерінде кесу тереңдігі t және беріліс S тұрақты болып қалады.

2) Станоктар центрінде екінші дайындаманы орнату. Оқытушы бекіткен тұрақты кесу жылдамдығында және кесу тереңдігі t мен беріліс S әр- түрлі режимдері бойынша дайындама бес бетін тізбектей егу.

3) МИС–11 микроскобында он өңделген беттер кедір- бұдырлығын анықтау. Бет кедір- бұдырлығы келесі тәртіпте анализденеді:

а) бекіткіш винтте 13 гайканы 12 айналдыра отырып, кронштейн 3 мен микроскобы ұстағышын 4 көтеру.

б) жабдық столына 16 терең ойығы жоғары бағытталған призманы қою. Призма терең ойығына бөлшекті орнату.

в) Гайка 12 айналуымен ұстағышыты 4 түсіре отырып, бөлшек бетінің қалың фокустенуін жүргізу.

г) микроскоп тубустарының 5 және 6 осьтерінің бұрыш биссектрисасы шамамен бөлшек центрі арқылы, ал тубустар осьтерінің жазықтығы бөлшек бетіне перпендикуляр орналасатындай етіп кронштейнді 3 орнату. Кронштейн жағдайын бекіткіш винтпен 13 бекіту.

д) Винт 14 айналуымен микроскопты көтеріп және түсіріп, микровинт 15 көмегімен көру окуляры өрісінің ортасына орнату қажет беттің жедел көрінісін алу.

е) кернеуі 6 вольт жүйеге аспапты қосу.

ж) жарықтандыру микроскоп еңісін винтпен 9 өзгерте отырып, окуляр көру өрісінде жарық саңылау көрінісін алып және бақылаумен бет учаскесінен бұрындары алынған жедел көрініспен осы көріністі сәйкестендіру.

з) жарықтың саңылау көрінісін гайкамен 10 фокустендіру. Саңылау көрінісінің екі шекарасынан әдетте біреу өте жедел болып шығады. Сол арқылы болашақта өлшеу жүргізу қажет.

и) бекіткіш винтте 20 окулярлық микрометрді 11 барабан 21 осі бақыланатын бөлшек осімен шамамен 45 бұрыш құрайтындайтын етіп бұру. Содан соң барабанды айналдыра отырып, окуляр қиылысу горизонталь сызығын шығыңқының бір шыңымен сәйкестендіру. Микровинт көмегі кезінде бөлшекті орын ауыстыра қиылысу горизонталь сызығы окуляр көру өрісінің барлық шектерінде таңдалған шыңға тиюіне қол жеткізу. Осыдан кейін микрометр окуляр жағдайын винтпен 20, ал жабдық столын винтпен 18 бекіту.

к) кедір- бұдырлықты өлшеу үшін бөлшек бетінің ең тиімді учаскені таңдау. Соның негізінде окуляр көру өрісі берілген барлық ұзындықты қамти алмайтынын және барлық өлшемдерді орындау үшін винт 17 көмегімен бөлшекті ығыстыру қажеттігін ұмытпау керек. Винт 17 бөлінісі бойынша берілген базалық ұзындықтың ығысу шамасы аспауын бақылау.

л) өңделген беттерде микротегіссіздік биіктігін базалық ұзындық шегінде өлшеу. Әр микротегіссіздікті өлшеу үшін қиылысу горизонталь сызығын алғашында таңдалған жағымен саңылау иілу, шыңына, мысалға үстіңгісіне жақындату (сурет 3.4,а). Окулярлық микрометр 21 барабаны бойынша А1 есебін алу. Содан қиылысу горизонталь сызығын саңылау айтылған жағымен шұңғыма түбіне жақындату (сурет 3.4,б). Тағы да барабан бойынша А2 есебін алу. 100 бөліндіге сәйкес толық айналымды барабан жасай алатын есте сақтау керек. Барабан толық айналымы бір сәтте барабан қиылысуымен окуляр қозғалмайтын шкаласына қатысты орын ауыстыратын. Қос штрих көмегі кезінде жүргізіледі (қозғалмайтын шкала бір бөлінісі барабан толық айналымына сәйкес). А1 және А2 (толық айналым есебімен) есептері зертханалық дәптерге енгізіп және айрымын есептеу.

м) есептердің бес айрымы бойынша орташа арифметикалық мәнді табу. Тегіссіздік биіктігі , мұнда E – объектив 7 және 8 жақтауында көрсетілген фокустық қашықтықтан тәуелді окулярлық микроскоп барабанының бөлінісінің бағасы.

Rz параметрі бойынша кедір- бұдырлықты өлшеу кезінде қиылысу горизонталь сызықтарының жағдайы

а – шығыңқымен сәйкестенуі; б – шұңғымамен сәйкестенуі

3.4- сурет