- •Пародонт аурулары
- •Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы
- •Пародонттың құрылысы
- •Альвеола өсіндісінің сүйек тіні
- •Қалыпты жағдайда пародонттың рентген көрінісі
- •Пародонттың қызметі
- •Функционалдық зерттеу әдістері.
- •Пародонт ауруларының жүйесі
- •Пародонт ауруларының клиникасы
- •Пародонтопатиялар жүйесі (arpa жүйесі)
- •Қызылиек қабынуы
- •Қызылиектің жедел катаралды қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі
- •Қызылиектің жаралана қабынуы
- •Пародонт қабынуы
- •Пародонтоз
- •Пародонттың идиопатикалық аурулары
- •Геморрагиялық ангиоматоз (Ослер ауруы) кезіндегі пародонтальдық синдром.
- •Пародонтомалар
- •Пародонтд аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері
- •Пародонт ауруларын емдеу
- •Пародонт ауруларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиек қабынуларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрін емдеу.
- •Пародонт қабынуын емдеу.
- •Пародонтозды жергілікті емдеу
- •Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
- •Гингивотомиялау әдісі.
- •Қиықтап кесу немесе қиықтандыру операциялары(лоскутные операции)
- •Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
Пародонт ауруларын жергілікті емдеу.
Пародонт ауруы кезінде патологиялық үрдістің түріне, ауырлығына қарамай жергілікті емді тіс шөгінділерін мұқият тазалаудан бастайды. Тіс шөгінділерін механикалық әдіспен (арнаулы ілмектер мен аршығыштың көмегімен) және физикалық әдісті қолданып (ультрадыбысты пайдаланып скалердің көмегімен) алуға болады. Тіс шөгінділерін алар алдында және алып біткен соң ауызды антисептиктер ертіндісі мен жуып-шайып, қызыиек жиегін өңдейді (иодтың 2% спирттегі ертіндісімен, Люголь ертіндісімен).
Сонымен қатар тіс қатарындағы пародонт ауруын тудырушы қосымша ықпалдарды жоюға тырысу керек. Олар: дұрыс қойылмаған пломбылар мен протездер, ортодонтиялық конструкциялар, әртүрлі тістем ауытқулары, тістердің ауытқи орналасуы. Бұл ықпалдардың әсерін мүмкіндігіне қарай аз уақыт ішінде (пломбыларды, протездерді ауыстыру), немесе ұзақ уақыттан кейін (тістем ауытқулары, тістердің жиі немесе ауытқи орналасуы) жою мүмкіндігін ескерген жөн.
Қызылиек қабынуларын жергілікті емдеу.
Жергілікті емдеудің ерекшелігі қызылиек қабынуының клиникалық ерекшелігіне байланысты. Қолданылатын дәрілер де соған байланысты таңдалып пайдаланылады.
Қызыл иектің катаралды қабынуын емдеу.
Емдеу шаралары төмендегідей:
Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету. Ол үшін тиімді тіс тазалайтын қойыртпақтар мен тіс мәсуегінің тиімді түрлерін таңдауды үйретеді.
Қатты ауыру сезімі болса анестетиктерді пайдалана отырып, жергілікті себепші-тітіркендіруші факторларды жояды (тістерді тіс шөгінділерінен тазарту, тістердің түйісу орнын қалпына келтіре отырып, тісжегі қуыстарын тиімді пломбылау).
Қабынуға қарсы антисептиктер мен басқа дәрілер қолдану. Антисептиктер ертіндісін ауызды, қызылиек сайларын жуып-шаю үшін қолданады. Қабынуды және домбығуды тоқтататын дәрілерді жапсырма (аппликат) ретінде, жақпаларды (мази) жаға отырып қызылиекке сіңіреді немесе қатаятын таңбалардың құрамына қосып қызылиек бетіне қояды. Емдеу курсы қабыну үрдісі толық басылғанға дейін жүргізіледі.
Қабынуды басатын дәрілер тобына стероидтарға жатпайтын дәрілік заттарды (3% аспирин, 5% бутадион, индометацин, гепарин жақпалары) жатқызуға болады. Сұйық дәрілерден сальвиннің 0,2% ертіндісін, ромазулан, хлорофиллипт, прополис тұнбасын (1:10) бастырма ретінде қызыиекке жапсырып қоюға болады. Ауызды жуып-шаятын антисептиктер ретінде 0,05-0,1% хлоргексидин, фурациллин (1:5000), марганецқышқылды калий (1:5000) ертінділерін, 0,5% сутегінің асқынтотығын, Болгария республикасы шығаратын «Пинокадинен» препаратын қолдануға болады. Қабынудың беті қайтқаннан кейін қызылиек эпителийіндегі мүйізгектену үрдісін тезірек қалыпқа келтіру үшін А,Е витаминдерінің майлы ертінділерін, солкосерил жақпасын немесе гелін, ротокан, әртүрлі өсімдік майларын (итмұрын, шабдала, шырғанақ, зәйтүн майлары) қолдануға болады.
Қажет болса физиотерапиялық емдеу шараларын (электрофорездеу, дарсонвализациялау, қызылиекті сумен, қолмен, вибратордың көмегімен массаждау).
Әртүрлі тістер және тістем ауытқуларын емдеу .
Жұмсақ тінді ауыз ішіндегі анатомиялық құрылымдардың әртүрлі ауытқуларын қалпына келтіру үшін (төмен-жоғары және тарта орналасқан ерін мен тіл үзбелері (тартпалары), таяз қалыптасқан ауыз кіреберісі) реконструкциялаушы операцияларын жасау.
Қызылиектің катаралды қабынуы кезінде жалпылай емдеудіде ұмытпаған жөн. Ол үшін антигистаминдік препараттар (димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, пипольфен), витаминдер және макро-микро элементтер жиынтығын (поливит, дуовит, триовит, макровит, уникап, олиговит және б.) тағайындау керек. Қызылиектің қанағыштығын азайту үшін алғашқы күндері аскорбин қышқылының үлкен мөлшерін (300 мг. дейін) немесе аскорутин, викасол тағайындау артық болмайды.
