- •Пародонт аурулары
- •Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы
- •Пародонттың құрылысы
- •Альвеола өсіндісінің сүйек тіні
- •Қалыпты жағдайда пародонттың рентген көрінісі
- •Пародонттың қызметі
- •Функционалдық зерттеу әдістері.
- •Пародонт ауруларының жүйесі
- •Пародонт ауруларының клиникасы
- •Пародонтопатиялар жүйесі (arpa жүйесі)
- •Қызылиек қабынуы
- •Қызылиектің жедел катаралды қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі
- •Қызылиектің жаралана қабынуы
- •Пародонт қабынуы
- •Пародонтоз
- •Пародонттың идиопатикалық аурулары
- •Геморрагиялық ангиоматоз (Ослер ауруы) кезіндегі пародонтальдық синдром.
- •Пародонтомалар
- •Пародонтд аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері
- •Пародонт ауруларын емдеу
- •Пародонт ауруларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиек қабынуларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрін емдеу.
- •Пародонт қабынуын емдеу.
- •Пародонтозды жергілікті емдеу
- •Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
- •Гингивотомиялау әдісі.
- •Қиықтап кесу немесе қиықтандыру операциялары(лоскутные операции)
- •Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
Функционалдық зерттеу әдістері.
Бұл әдістер қазіргі кезде кең қолданыс табуда. Пародонтты қанмен қамтамасыз ету жүйесіндегі функционалдық және құрылымдық өзгерістерді анықтау үшін реопародонтографиялық әдіс қолданылады. Бұл әдіс жүректің қызметіне сай тамырлардың қанға толуына байланысты зерттелуші тіндердің электр қарсыластығының өзгерістерін өлшеуге негізделген және перифериялық гемодинамиканың графикалық сипаттамасын талдау арқылы тіндегі қан айналымының (русло) артериялық (қызылтамырлық) және веноздық (көктамырлық) бөліктерінің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Реографиялық зерттеу арқылы алынған реопародонтограммалық қисықтың формасына, дикротаның орналасу деңгейіне, қосымша толқындарға барынша мән беру керек. Себебі, олар қантамырлардың кеңею және тарылу жағдайындағы қабырғаларының тонустық кернеуінің ондағы функционалдық немесе органикалық өзгерістермен тікелей байланысын анықтайды.
Сапалық өзгерістермен қатар сандық өзгерістердің де үлкен маңызы бар. Ол үшін реографиялық қисықтың – амплитудалық уақыттық параметрлерін талдай білу керек. Оларға төмендегі көрсеткіштер жатады; реографиялық индекс (РИ), тамырлар тонусының көрсеткіші (ПТС-ТТК), перифериялық қарсыласу индексі (ИПС-ПҚИ), тамыр созылғыштығынң индексі (ИЭС-ТСИ).
Реопародонтографиялық зерттеудің нәтижесі пародонт ауруларының патогенезін және жүргізілген емдеу шараларының тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Пародонт құрамындағы сүйек тінінің функционалдық жағдайын анықтау үшін эхоостеометрия әдісі қолданылады. Ол сүйек тінінің тығыздығына байланысты дыбыс өткізу уақытын өлшеуге негізделген.
Бұл әдіс - өте сезімтал әдіс, сүйек тініндегі әртүрлі физикалық күштер әсерінен болатын немесе басқалай деструкциялық өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Ауыз сұйығының рН-ын анықтаудың және қызылиек сұйығының құрамын зерттеудің де үлкен маңызы бар. Сұйықты жоғарғы алдыңғы тістер төңірегіндегі қызылиек қалталарынан стандартты сорғыш қағаздардың немесе капилярлық тітіктердің көмегімен жинайды.
Жиналған сұйықты қойылған міндеттерге байланысты цитологиялық, гистохимиялық, микробиологиялық, биохимиялық және иммунохимиялық зерттеулерден өткізеді.
Қажет болған жағдайда жалпыклиникалық зерттеулерді (қанның жалпы құрамын, глюкоза деңгейін, зәрдің құрамын) қолданып тексеру де тиімді болады. Күрделі жағдайларда басқа мамандардың (гастроэнтеролог, кардиолог, эндокринолог) ақыл-кеңесін алған да тиімді болады.
Сонымен қатар пародонт ауруын хирургиялық әдіспен емдеу алдында қанның ұю жылдамдығын, тромбоциттер санын анықтау қажет.
Пародонт қан тамырларындағы функционалдық өзгерістерді құрылымдық немесе органикалық өзгерістерден ажырату үшін никотин қышқылымен, нитроглицеринмен және температуралық тітіркендіргіштермен сынамалар жүргізуге болады.
Пародонт тіндеріндегі аймақтық қанайналымының жағдайын фотоплетизмографиялық әдіспен де анықтауға болады. Мұның реографиялық әдістен ерекшелігі – сәуле шоғыры пародонт тіндері арқылы өткенде олардың оптикалық тығызыдығына байланысты тамырлық тербелістер – фотоплетизмограмма (ФПГ) тіркеледі.
Пародонттағы ұсақтамырлар арнасындағы функционалдық жағдайды биомикроскопиялық зерттеудің көмегімен де анықтауға болады. Арнаулы 100 рет үлкейтіп көрсететін, тінді 800 мкм тереңдікте көрсете алатын микроскоптың көмегімен ұсақ тамырларды суретке түсіріп алады. Бұл әдістің көмегімен ұсақ тамырлар арнасының артериялық және веноздық тізбектерінің архитектоникасын, функционалдық жағдайларын, қан айналым ерекшелігін анықтауға болады. Зерттеуді үш аймақта: қызыиек жиегінде, бекіген қызылиекте және ауыспалы қатпарда жүргізеді.
Соңғы кезде поляграфиялық әдіс (тіндегі оттегі кернеуінің деңгейін анықтау) кең қолданыла бастады. Бұл әдіс тіндер арқылы кернеуі 0,6-0,8 B тұрақты ток өткен кезде платинадан жасалған поляризациялаушы электродта оттегінің тотықсыздану қасиетіне негізделген.
