- •Пародонт аурулары
- •Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы
- •Пародонттың құрылысы
- •Альвеола өсіндісінің сүйек тіні
- •Қалыпты жағдайда пародонттың рентген көрінісі
- •Пародонттың қызметі
- •Функционалдық зерттеу әдістері.
- •Пародонт ауруларының жүйесі
- •Пародонт ауруларының клиникасы
- •Пародонтопатиялар жүйесі (arpa жүйесі)
- •Қызылиек қабынуы
- •Қызылиектің жедел катаралды қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі
- •Қызылиектің жаралана қабынуы
- •Пародонт қабынуы
- •Пародонтоз
- •Пародонттың идиопатикалық аурулары
- •Геморрагиялық ангиоматоз (Ослер ауруы) кезіндегі пародонтальдық синдром.
- •Пародонтомалар
- •Пародонтд аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері
- •Пародонт ауруларын емдеу
- •Пародонт ауруларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиек қабынуларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрін емдеу.
- •Пародонт қабынуын емдеу.
- •Пародонтозды жергілікті емдеу
- •Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
- •Гингивотомиялау әдісі.
- •Қиықтап кесу немесе қиықтандыру операциялары(лоскутные операции)
- •Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
Пародонт ауруларының клиникасы
Пародонт аурулары туындатушы себептері, даму механизмі, клиникалық ағымы әртүрлі болып келетін аурулар қатарына жатады. Мұның өзі медцицинаның белсенді дамып, кең өріс ала бастаған кезеңдерінде көптеген ғалымдардың пародонт ауруларының әртүрлі жүйесін ұсынуына мүмкіндік туғызды.
Өткен ғасырдың 40-50 жылдары Кеңес одағында А.И.Евдакимов, И.Г.Лукомский, Я.С.Пеккер, И.О.Новик, Е.Е.Платонов, кейінірек (60-70 жылдарда) ММСИ, Н.Ф.Данилевский, Г.Д.Овруцкий ұсынған жүйелер қолданыс тапты.
Пародонт ауруларын зерттеудің халықаралық ұйымы (ARPA) 1951-1958 жылдар аралығында пародонтопатиялар (пародонт ауруларын осылай атады) жүйесін ұсынды.
Пародонтопатиялар жүйесі (arpa жүйесі)
I. Воспалительные пародонтопатии –– қабынбалы пародонтопатиялар parodontopathiae inflammatae.
1. поверхностная воспалительная пародонтопатия (гингивит) - беткей қабынбалы пародонтопатия (қызылиек қабынуы) –paradontopathia inflammata superficialis (gingivitis);
2. глубокая воспалительная пародонтопатия (пародонтит)- терең қабынбалы пародонтопатия (пародонттың қабынуы) ––parodontophatia inflammata profunda.
II. дистрофическая пародонтопатия - дистрофиялаушы пародонтопатия (пародонтоз) –– parodontophatia dystrophica (parodontosis).
III. смешанная пародонтопатия (дистрофический пародонтит, воспалительный пародонтоз) - аралас пародонтопатия –– parodotopathia mixta (parodontitis dystrophica, parodontosis inflammatoria).
IV. идиопатический пародонтоз (десмодонтоз, юношеский пародонтоз)- Идиопатиялық пародонтоз (десмодонтоз, жеткіншектер немесе бозбалалар пародонтозы) –paradontosis idiophathica interna (desmodontosis, parodontosis jvenilis)
V. неопластическая пародонтопатия (пародонтома) – неопластикалық пародонтопатия (пародонтома) –parodontopathia neoplastica (parodontoma).
Қазіргі кезде ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология кафедрасында қолданыс тапқан пародонт ауруларының Бүкілодақтық стоматологтар қоғамы Басқармасы Пленумы (1983 жылы қазан айында Ереван қаласында өткен) бекіткен терминологиясы және жүйесі.
Бұл жүйеде пайдаланылған нозологиялық қағиданы ДДҰ (ВОЗ) қолдаған және ол төмендегідей:
Пародонт ауруларының жүйесі
I. Қызылиектің қабынуы – воспаление десны–гингивит. Көбінесе жергілікті және жалпылай қолайсыз ықпалдардың әсерінен туындайды және тіс-қызылиек бекімінің бұзылуынсыз дамиды.
Түрі: катаралды, өсе (гипертрофияланып), жаралана.
Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орта, ауыр.
Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі, ремиссиялануы.
Таралуы: шектеулі, жайылған.
II. Пародонттың қабынуы – воспаление тканей пародонта – пародонтит. Пардонттың сүйек және жұмсақ тіні құрылымдарының үдей бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын ауруы.
Ауырлығы: жеңіл, орта, ауыр.
Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі (сонымен қатар абсцестенуі), ремиссиялануы.
Таралуы: шектеулі, жайылған.
III. Пардонтоз – пародонтоз. Пародонт тіндерінің дистрофиялануымен (семуімен) сипатталатын ауруы.
Ауырлығы: жеңіл, орта, ауыр.
Ағымы: созылмалы, ремиссиялануы.
IV. Пардонт тіндерінің үдей ыдырауға (лизиске) ұшырауымен сипатталатын идиопатиялық аурулары: Папийон-Левефр синдромы (кератодермия), Хенд-Крисчен-Шюллер ауруы (созылмалы ксантоматоз), Летерер-Зиве ауруы (жедел ксантоматоз), Таратынов ауруы (эозинофильді гранулема). Бұл аурулардың барлығын «Х» гистиоцитозды ауруларға жатқызады
V. Пародонтомалар – пародонттағы ісіктер және ісікке ұқсас аурулар (қызылиек фиброматозы, пародонталдық киста, эпулис).
Ескерте кететін жәй, пародонт ауруларының Ресей стоматология Акакдемиясының пародонтология секциясы Президиумының 2001 жылы ұсынған жүйесін де тиімді жүйе деп санауға болады. Бұл жүйе жоғарыда келтірілген жүйеге негізделген және аздаған ғана өзгерістер енгізілген.
Бұл өзгерістер қызылиек қабынуының ауырлық дәрежелерін көрсетудің қажеттігі жоқ екенін, тек қызылиектің өсе қабынуы кезінде жұмсақ тіндердің тіс сауытының ұзындық қатынасының: 1/3 дейін, ½ және ½ жоғары немесе төмен өскендігін көрсетуді, және қабынудың домбыққан, фиброзды түрлерін ажыратуды қарастырады.
Пародонтоздың ағымы тек созылмалы болады деп бағалап, ремиссиялану сатысын ажыратпайды, патологиялық үрдістің ауырлығын тіс түбірінің ашылуы деңгейіне байланысты анықтауы ұсынады: аурудың жеңіл сатысы – тіс түбірі 4 мм ашылған, орта сатысы – 4-6 мм, ал ауыр сатысы – 6 мм көбірек ашылған.
