- •Пародонт аурулары
- •Пародонттың анатомиясы мен физиологиясы
- •Пародонттың құрылысы
- •Альвеола өсіндісінің сүйек тіні
- •Қалыпты жағдайда пародонттың рентген көрінісі
- •Пародонттың қызметі
- •Функционалдық зерттеу әдістері.
- •Пародонт ауруларының жүйесі
- •Пародонт ауруларының клиникасы
- •Пародонтопатиялар жүйесі (arpa жүйесі)
- •Қызылиек қабынуы
- •Қызылиектің жедел катаралды қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы
- •Қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі
- •Қызылиектің жаралана қабынуы
- •Пародонт қабынуы
- •Пародонтоз
- •Пародонттың идиопатикалық аурулары
- •Геморрагиялық ангиоматоз (Ослер ауруы) кезіндегі пародонтальдық синдром.
- •Пародонтомалар
- •Пародонтд аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері
- •Пародонт ауруларын емдеу
- •Пародонт ауруларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиек қабынуларын жергілікті емдеу.
- •Қызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуын емдеу.
- •Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрін емдеу.
- •Пародонт қабынуын емдеу.
- •Пародонтозды жергілікті емдеу
- •Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
- •Гингивотомиялау әдісі.
- •Қиықтап кесу немесе қиықтандыру операциялары(лоскутные операции)
- •Пародонт ауруларын жалпылай емдеу.
Пародонтозды жергілікті емдеу
Пародонтозды жергілікті емдеуді осы кезде болатын жергілікті асқынуларды (тістердің аса сезімталдығы, кіреуке эрозиясы, сынаға ұқсас ақаулар) емдеуден бастайды. Тістер беттеріндегі шөгінділерді тазартып, пародонт тіндерінде зат алмасу үрдістерін, қан айналымын жақсартуға арналған шаралар жүргізіледі. Дәрілерден 10% метилурацил, 5% ацемин, солкосерил жақпаларын; 2% фосфаден, 2% рибоксин ертінділерін, ал биогендік реттеушілер (белсенділер) ретінде 3% апилак жақпасын, алой линиментін, каланхой () және басқа да өсімдіктер шырынын, хлорфиллипт; ангиопротекторлық қасиеті бар 1% эмоксипин ертіндісін және эскузанды пайдалануға болады. Физиотерапиялық ем жүргізген де жақсы нәтиже береді. Ол үшін ауто-вибро және гидромассаждау, ауызды булау, дарсонвализациялау және электрофорездеу әдістерін, лазер сәулесін қолдануға болады.
Пародонт ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу.
Пардонт ауруларын кешенді емдеуде хирургиялық емдеу әдісніің алатын орны ерекше. Себебі, бұл әдістің көмегімен пародонталдық қалталарды жойып, альвеола сүйегіндегі сорылу үрдістерін тоқтатып, белсенді түрде дамыған қабыну үрдістерін тежеп, пародонттағы оңтайлыжағдайды ұзақ уақытқа тұрақтандыруға мүмкіндік туады. Хирургиялық емдеу әдістерін шартты түрде төмендегі түрлерге бөлуге болады: пародонталдық қалталарды жоюға арналған; қызылиек жиегін қалпына келтіруге арналған; пародонт тіндерін қалпына келтіруге арналған.
Клиникалық тәжрибеде қолдануға хирургиялық әдістердің В.С.Иванов (1989) ұсынған жүйесін тиімді деп санауға болады және ол төмендегідей:
Пародонталдық қалталарды жоюға арналған хирургиялық емдеу әдістері:
а) қалталарды қырып-тазалау немесе кюретаждау;
б) гингивотомиялау;
в) гингивэктомиялау;
г) физиохирургиялық әдістер (электрокоагуляциялау, вакуумды хирургиялық, криохирургиялық, лазерхирургиялық әдістер).
2. Пародонтты қалпына келтіре жүргізілетін хирургиялық әдістер немесе пародонтопластикалық хирургиялық әдістер:
а) қызылиек жиегін коррекциялаушы қиықтап-кесіп тазалау немесе қиықтау операциясы (лоскутная операция) немесе гингивопластикалау операциясы;
б) пародонтта қайта құрылу үрдістерін жылдамдататын заттар қолдана жүргізілетін қиықтап-кесіп-тазалау операциясы.
3. Ауыз кіреберісін түзеуге арналған хирургиялық шаралар (френулотомиялау, френулэктомиялау, вестибулопластикалық операциялар).
Бойында күрделі соматикалық аурулары бар пародонт сырқат адамдарға хирургиялық емдеу әдісін негізгі ауруының беті қайтып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін жүргізу керек.
Хирургиялық емдеу әдісін таңдау пародонталдық қалтаның тереңдігіне, альвеола сүйегінің сорылу деңгейіне байланысты. Пародонт қабынуының жеңіл сатысында (қалталардың тереңдігі 3,5-4,0 мм дейін) кюретаждау; орташа сатысында (қалтаның терңдігі 5мм дейін) ашық кюретаждау немесе қиықтап кесіп-тазалау; ауыр сатысында (қалталар 5мм терең) қиықтап кесіп-тазалау операциясын қолданады.
Гингивотомиялау және гингивэктомиялау операциясы жеке жүргізіледі (пародонталдық абсцестерді ашу үшін, қызылиектің өсе қабынуы кезінде) немесе қиықтап кесіп-тазалау операциясының құрамында да орындалады.
Пародонттағы ошақты өзгерістер ауыз кіреберісіндегі анатомо-морфологиялық ауытқулармен (ерін үзбелерінің дұрыс орналаспауы, таяз ауыз кіреберісі) тікелей байланысты болған жағдайда оларды түзетуге арналған операциялар (френулотомиялау, френулоэктомиялау, вестибулопластикалық операция) жасалады.
Пародонт қабынуын емдеу кезінде функционалдық қызметін жоғалтқан өте қозғалмалы тістерді сақтау немесе сақтамау мәселесі емдеудің алғашқы кезінде-ақ шешімін табуы керек. Тісаралық қалқан сүйектің тіс түбірінің ¾ бөлігіне сорылуы және тістің ІІІ дәрежелі қозғалмалылығы тісті жұлудың абсолюттік көрсетілімі болып саналады. Егер тіс ұясының бір немесе екі қабырғасы аса көп сорылмаған болса, тісті сақтауға арналған операцияларды (гемисекциялау, түбірді ампутациялау) қолдануға болады.
Хирургиялық емдеу әдістерінің ішіндегі ең қарапайым және жеңіл әдіс (стоматологиялық емдеу кабинетінде жүргізуге болады) пародонталдық қалтаны қырып-тазалау (кюретаждау) әдісі.
Бұл әдіс жабық кюретаждау (закрытый кюретаж) немесе қарапайым кюретаждау (простой кюретаж) және ашық кюретаждау (открытый кюретаж) болып екіге бөлінеді.
