Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тланы психологиялы педагогикалы диагностикасы (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,5,6,8,9,10,12,14, 15,17,24,25,26]

4 Тақырыбы: Психодиагностикалық құралдарының (инструменттердің) классификациясы

Лекция тезистері

Кез- келген ғылымның негізгі факторларды зерттеуден тұрады.

Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.

Психодиагностикалық әдістер: психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.

Тест (ағылшын. –test –сынау, сынама).- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмалар;психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Оларды әртүрлі негіздер бойынша саралауға болады: қолданылу мақсаты бойынша-кәсіптік іріктеу, емдік диагноз, мүдделерін анықтау; өткізілу нысанына қарай – даралық және топтық; мазмұны бойынша жалпы дарындылық тесті, арнайы қабілеттер тесті. Вербальды және вербальды емес, анализдік және синтездік болып жіктеледі. Пайдаланылатын материал бойынша бланкілік (қарындаш пен қағаз арқылы орындалатын), заттық (белгілі бір заттармен амалдау тесті, мысалы бөлшектерден фигуралар құрау). аппаратуралық (арнайы техникалық жарақтауды талап ететін) түрлері болады. Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша тест гемогендік (тапсырмалар біртекті) және гетерогендік (тапсырмалар әр түрлі) болып бөлінеді. Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша жеке тұлғаны тестілеу және зияттық тестілеу болып сараланады. Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез-құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.

Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады.

Тестердің типтері :

- қалыптылық - бағдарлы (нормативно-ориентированные).

- өлшемдік - бағдарлы (критериально - ориентированные)

Тест формалары: Ауызша және жазбаша тестер. Сонымен бірге, бланкілі, заттық, аппараттық, компьютерлік тестер.

Психологиялық тестің мазмұны бойынша тестер төрт класқа бөлінеді: интеллект тестері, қабілет тестері, жетістік тестері, жеке бас тестері.

Педагогика саласында жобалауәдісі-оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі ретінде қолданылады.

Жобалық диагностиканың триумфы Бернда неміс тілінде басылымға шықты. Г. Роршахтың «Психодиагностикасының» 1921 жылы пайда болуына байланысты. Тұлғаны зерттеу әдістерінің ерекше тобын белгілеу үшін ’’проекция’’терминін пайдаланудағы артықшылыққа Л.Фрэнк ие болды.

Проекция (лат. Projectio - алға тастау) - индивидке бей жай елесті сыртқы дүниеге біржақты тенейтін психикалық процестің көрінісі.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,5,6,8,9,2,12,14, 15,17,24,25,26]

5. Тақырыбы: Өлшеу процедуралары және диагностика әдістеріне қойылатын талаптар

Лекция тезистері

Өлшеу - дегеніміз өлшем бірліктерінің көмегімен қажетті бір мөлшердің бірлігін анықтау рәсімі. Эмпирикалық тәсілдердің ғылыми таным өлшемдерінің ішінде өлшем бақылау және салыстыру сияқты орын алады.

Диагностикалық әдістемелердің басқа зерттеулерден айырмашылығы, оның стандарттылығында. А. Анастази (1982) стандарттылық - процедураны өткізу мен тестінің орындалу бағасының біркелкілігі деген болатын. Осыған орай стандарттылық екі бағытта қарастырылады:

1. Экспериментті өткізу процедурасына бірдей талаптарды өңдеу;

2. Диагностикалық зерттеулер қорытындыларының бағалау критерийлерінің бірдейлігін анықтау;

Эксперимент процедурасының стандарттылығы дегенде инструкция унификациясы, зерттеу бланкілері, қорытындыларды тіркеу жолдары, зерттеуді өткізу жағдайлары алынады.

Стандарттылықтағы маңызды тағы бір кезең, критериийді таңдау, яғни диагностикалық зерттеу қорытындыларын салыстыру. Стандартталған диагностикалық әдіс белгілі бір нормаға бағытталған, оның жүзеге асуына арналған әдіс, зертеушілердің ауқымды тобына арналады. Зерттеушілердің осы тобында салыстырмалы түрде стандартталған нормалар өңделеді, осы нормаларға сай тапсырманы орындаудың жоғарғы, орташа, төмен деңгейлері белгіленеді. Қорытындылауда (интерпретациялауда) диагностикалық тапсырманың орындалуы немесе орындалмауына байланысты оның әртүрлі дәрежесін бағалауға болады.

Алайда, біздің елде К.М.Гуревич басшылығымен тестілер өңделуде, есептеуге статистикалық норма емес, зерттеу нәтижелеріне тәуелсіз әлеуметтік-психологиялық норматив алынады. Әлеуметтік-психологиялық норматив тапсырмасының жиынтығы арқылы жүзден аса тестінің өзі норматив болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырманың орта процентін (пайызын) шығарады. Координат жүйесі салынып, абсцисс (көлденен) осі арқылы топ нормалары (дұрыс,орташа, төмен орындалды) ординат (тігінен) осінде тапсырмаларды орындау %-і көрсетеді. Нүктелер арқылы график сызылып, әр топтың әлеуметтік-психологиялық нормативке жақындығы анықталады

Дәстүрлі тестологияда сенімділік термині тұрақтылық, нақтылық, зерттеушілерге алғашқы және қайталап тесті қолданудағы оның қорытындыларының сәйкестігі дегенді білдіреді. Сонымен қатар, сенімділік – объектіге қатысты өлшеу процедурасының орнықтылығы.

Әдіс сенімділігі – психологиялық өлшемнің дәлдігі, яғни алынған қорытындылардың қаншалықты сенімділігін көрсетеді. Әдістемелік дәрежесі көптеген себептерге байланысты. Сондықтан практикалық диагностикадағы маңызды мәселе, өлшем дәлдігін суреттейтін факторларды анықтау.

К.М.Гуревич (1969, 1975, 1977, 1979) шетел әдебиеттерінде жан-жақты анализ жасай отырып, сенімділікті үш мағынада талқылады:

1. Өлшем инструментінің сенімділігі;

2. Зерттеу белгісінің тұрақтылығы;

3.Тұрақтылық, яғни қорытындының экспериментатордың жеке басына салыстырмалы тәуелділігі.

Өлшем құралының (инструментерінің) сенімділігін анықтау.

1. Әрбір зерттеу белгісінің тұрақтылығын анықтау - бұл оның қолданумен байланысты барлық сұрақтарды шешу.

2. Тұрақтылықты анықтау, яғни қорытындының эксперименттің жеке басына салыстырмалы тәуелсіздігі. Корреляция коэффициенті +0,80 төмен болмау керек.

Әдістеменің сапасын бағалаудың сенімділік критерийінен кейінгі талап жарамдылық (валидтілік). әдістеменің жарамдылығы оның жеткілікті дәрежедегі сенімділігі қойылғаннан кейін анықталады. Себебі, сенімді емес әдістеме жарамды болуы мүмкін емес.

Валидтілік (жарамдылық) - барлық өлшеу процедурасының валидтілігі алынған нәтижелер өлшенетін объектілер қасиетіне біржақты болып табылады яғни өлшеу пәніне қатысты болады.

Валидтіліктің сенімділіктен айырмашылығы - өлшеудің объектісі мен пәні ұғымдарын айырумен байланысты түсіну керек.

Жарамдылық тікелей әдістемеге қатысты, яғни бұл өлшем инструментінің жарамдылығы. Мұндай тексеру теориялық жарамдылық деп аталады, ал жарамдылық тек оны қолдану мақсатына қатысты болса прагматикалық жарамдылық деп атайды. Диагностикалық әдістеме ерекшеліктерімен шарттасқан жарамдылықтын бірнеше түрлері бар. Көптеген авторлар (А.Анастази, 1982; Л.Ф.Бурлачук, С. М. Морозов, 1989; К. М. Гуревич, 1970; Б. В. Кулагин, 1984; В. Черны, 1983; ) т.б. төмендегідей түрлерін анықтайды:

1. Мазмұны бойынша жарамдылық.

2. Біруақыттылығы немесе өтпелі жарамдылық.

3. Болжамды жарамдылық.

4. Ретроспективті жарамдылық.

Сондай-ақ эмпирикалық, конструктивті, конвергентті және дискримиантты, экспертті эмпирикалық валидизация сияқты түрлері бар.

Қазіргі кездегі психодиагностикада әдістемелердің саны жағынан өзара алмасулар көп қолданылады. Берілген өкілдер үшін бұл аспаптарда тестік нормалар сақталмайды. Осындай әдістемелердің бейімделуі қажет, оның ішінде жағдаятқа қабілеті болуы шарт.

Тест құндылығын болжау, сыртқы критерийлерімен тестінің корреляция нәтижесінің коэффициентімен өлшенеді әдістемені қолдану мүмкіндігі 0,2-0,5 коэффициенттің болжам құндылығымен сипатталады. Зерттеу жағдайында тестінің объективті түрде қолдану кезінде бөгде факторлардың болмауын ескеретеді. Зерттеушінің алдын ала ойлаған пікірі талдау және қайта өңдеу кезіңде болмауы керек.

Ғылымилық - психодиогностикалық әдістемелер құбылыстарды оқу-үйрену кезінде берік білімге негізделуі тиіс. Алынған мәліметтер қатаң түрде ғылыми талдаулармен анықтылып, ғылыми ережелерге сәйкестігін қадағалау шарт.

Практикалығы-тез және қарпайым қолданысымен, зерттеуді жаппай өткізуде және зерттеушінің аздаған мөлшерде әдістемені қолдану мүмкіндігіне әсер етуімен нақтылығымен сипатталды.