Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тланы психологиялы педагогикалы диагностикасы (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,5,6,8,9,10,12,13,14, 15,17,24,25,26]

10. Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы

Лекция тезистері

Психодиагностиканың міндеті баланың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы мәлімет беру. Бұл мәлімет балалардың өздері үшін де олармен жұмыс істейтін тәрбиеші, ата-аналар үшін де пайдалы. Психологтың міндетіне баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін, іскерлік пен дағдысын, жеке бас аралық ерекшеліктердің даму деңгейінің жас нормалары мен қоғам талаптарына сәйкестігін анықтау кіреді.

Жекеленген балалардың оқуы мен тәрбиесіндегі қиындықтардың психологиялық себептерін анықтайтын баланың қызығушылықтары, қабілетттері, жеке тұлғалық жаңарыстарының қалыптасуын анықтайды.

Диагностика дамыту мен түзетуден бөлек қарастырылмайтынын көрсетті. Мұнда мєні жағынан диагностикалық, коррекциялық диагностикалық тєрбиелік бағыттар біртұтас жүзеге асуы тиіс.

Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін бағалауға арналаған Стэнфорд-Бине және Векслер тестілері қолданылады. .

Отандық психологтар-Л.С. Выготский, А.В. Запорожц, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович еңбектерінде: дамудың мәдени-тарихи теориясы, психикалық дамуға әсер ететін факторлар, дамудың әлеуметтік жағдайы, оқу мен дамудың арақатынасы, психикалық дамудың қозғаушы күштері.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,5,6,8,9,2,12,14, 15,17,19,21,24,25,26]

11. Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасы

Лекция тезистері

Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайтлаңбас кезең. Мектеп оқушыға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетін үйретеді. Баланың мектепке психологиялық жағынан даярлығы міндетті түрде баланың биологиялық жасымен тығыз байланысты.

Мектептік кемелді анықтайтын бағыттар ішіндегі баланың дене күші даярлығы бағыты тікелей жас мөлшеріне тәуелді.

Төмендегідей міндеттерді шешу белгіленеді:

1). Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңына қарай, мектептік кемел дамуының деңгейін анықтау.

2). Психодиагностикалық тексеру негізінде дамыту жұмыстарын жүргізу.

3). Мектепке қабылданар алдында, мектепте оқудың алғашқы айларында “даярлық” деңгейін қайта тексеру.

4). Тексеру қорытындысын салыстыру негізінде зерттеу баланың расталуын, я жоққа шығаруын анықтау.

“Мектептік кемел” ұғымын А. Анастази “ мектеп бағдарламасын барынша еркін меңгеру үшін қажетті іскерлік білім, қабілет, ықылас секілді сапалардың игерілуі”,- деп анықтайды. Баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағыт танымдық қабілеті, дене күшінің дамуы, оқуға ынтасы, көңіл-күйі, ерік сапаларының қалыптасуы – мектептік кешенді құрайды.

Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасады.

Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.