Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгашкы кадам(каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180 Кб
Скачать
☆

2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары

«Денсаулық» білім беру саласы

Дене шынықтыру

Жалпы дамыту жаттығулары: қол, дене, аяқ үшін.

Жүру: жайлап, жылдам. Аяқтың ұшымен жүргізу – жіп, тақтайша, текшелерден аттап жүру.

Жүгіру: шеңбер бойымен асықпай, шашырап жүгіру.

Негізгі қимыл қозғалыстар: бір уақытта кем дегенде үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Еңбектеу: затқа дейін, доға астынан, гимнастикалық орындықтан, тақтайдың астымен.

Өрмелеу: биіктігі 10 см 50х50 см көлемде

Лақтыру (диаметр 10-15 см) допты 50х60 см. Қашықтыққа 2 қолмен бастан асыра және кеудеден.

Түсіру: ұсақ доптарды қашықтағы 50 см. қақпаға.

Секіру: бір орында 2 аяқпен және екі аяқпен алға қарай.

Қимылды ойындар: «Допты қуып жет», «Шарды ұста», «Күн мен түн», «Түрлі-түсті көліктер», «Аю апанында», «Паравоз», «Маймылдар».

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ойындар ұйымдастыру: «Қуыршақты жуындырайық» - жеке гигиеналық заттармен таныстыру және оларды қолдануға үйрету. Ұсақ қол қимылдарына арналған ойындарды ұйымдастыру: «Бәтеңкенің бауын байлаймыз», «Гүлдерді түстеріне қарай таңдап, панноға түймелеу». «Қуыршақты ұйықтатайық» деген ойыны төсек-орын және киімдерді қолдану дағдыларын дамытады.

Дербес қимыл-қозғалыс әрекет

Дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамытуға арналған «Дыбыс арқылы тап», «Шарға дейін созыл», «Кедергілерден өт», «Затты ал», «Күн мен түн» ойындарын өткізуге болады.

«Қатынас» білім беру саласы

Балалармен «Кім қалай дабыстайды?», «Кім шақырды, тап!» тіл дамытуға арналған ойындар, «Шарды үрле» атты дем алу жаттығуларын ұйымдастыру. Пейзаж, натюморт, портрет жанрларымен суреттерді қарастыру. Үлкендердің көмегімен «Төлдерін тап және ата» дидактикалық ойынын ойнау. Балаларға арналған: дүкен, ойыншық, отбасы, бақша жемістері, орман, көл, бассейн, үй және дала жануарлары мен олардың төлдері, үй құстары, гүлдер, сонымен бірге құмырсқа, көбелек, ара сияқты жәндіктер туралы кітапшаларды қарастыру.

«Алақай», «Бесік жыры», «Әлди-әлди», «Түлкі», «Шырша», «Қыс», «Қоян», «Қонжық», «Доп», «Жаңбыр» өлеңдерін жатқа айтуға үйрету.

«Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Шалқан», «Түлкі мен тауық», «Үш аю» атты ертегілерді тыңдап сахналауға баулу.

«Таным» білім беру саласы

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Түрлі пішіндер мен пирамидаларды құрастыру. Саңырауқұлақ, түрлі пішінді дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштардың жапсырмаларын қолдану. Қораптағы тиісті саңлауларға заттарды орналастыру.

Моторлық үйлесу, заттармен әрекет

М. Монтессоридің ұсақ қол қимылдарына арналған материалдармен жұмыс істеуге үйрету, жеке бас гигиенасына қажетті заттарды қолдануға үйрету сулық, сүлгі, сабын, тарақ және т.б. Заттардың көлемі мен түсіне қарай: қызыл кесе, ақ табақ, сары кесе байланыстырып айту дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған ортаны тану

Көкөністер, жемістер, үй және жабайы жануарлар мен құстар, ойыншықтар, өсімдіктер, ауа-райы, көңіл-күй туралы қима қағаздарының топтамаларымен таныстыру. Үлкендердің басшылығымен бала «Жұбын тап», «Қай ағаштың жемісі», «Түстерді таңдап ал», «Ұқсас ыдысты, киімді, ойыншықты тап», «Ауа-райына, мезгілге қарай қуыршақты киіндір» атты дидактикалық ойындарда белгілі тапсырмаларды орындайды.

Құрастыру

Үлкендердің көмегімен және өздігінен түрлі пішіндегі шығыршықтардан мұнара құрастырады, ұсақ және ірі материалдардан көліктерге арнап көпір, ұсақ және ірі қуыршақтарға арнап жиһаз, түрлі қақпалар мен жолдарды құрастырады.

«Шығармашылық» білім беру саласы

Қарындашпен сурет салу: ұзын жолдар, түрлі-түсті жіптер, табақтағы құрт, вазадағы шиелер.

Саусақпен сурет салу: құмның бетіне доптар мен адамның бейнесін салу. Қағазға жүзімнің бұтағын, үлкен қарбыз бен мандариндерді салу.

Бояумен және қылқаламмен сурет салу: егістіктегі бақбақтар, пияз, әдемі орамал, сүйікті табақ, қуыршақтың көрпесіндегі ою, күртедегі түймелер, машинаның дөңгелектері, шие мен шетеннің бұтақтары, жаңғақтар, түрлі-түсті моншақтар мен шарлар.

Мүсіндеу: Азық-түлік тағамдарын мүсіндеу: жаңғақтар, құрт, таба нан, ойықтар, бауырсақтар, сәбіз, тоқаштар, чупа-чупс, түрлі жидектер, үлкен және кіші доптар; ертегі кейіпкерлері: бауырсақ пен аққала; қуыршаққа арналған әшекейлер: білезік, жүзік, қол сағаты; тұрмыстық заттар – шыбықтардан тоқылған себет; жиһаздар: орындық, үстел, диван.

Фланелеграфтағы жапсыру: Көлікті, үйді, ұшақты, гүлдерді (түймедақ пен бақбақ гүлдері), қазақтың ұлттық бас киімдерді (бөрік пен тақия) геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша, төртбұрыш) құрастыру.

Дайын пішіндерден жапсыру: жеке немесе кішігірім топпен дайын пішіндерден пирамиданы, вагондары бар паровозды, түрлі пішіндегі машиналарды, арбаны, құстың ұясын, анама арналған орамалға «Құс тұмсық», «Көз» симметриялы оюларын, жаңа жылдық шыршаны, үлкен және кіші жалаушаларды, ыдыстағы жемістерден әзірленген сусынды, қазақтың «құрақ» ұлттық ою-өрнегімен безендірілген алашаны, алаңқайдағы балапандарды құрастыруға үйрету.

Музыка

Музыкалық репертуарларды тыңдау: Г. Греневич әуеніне және С. Прокофеваның сөзіне жазылған «Таң» әні, В. Моцарт «Қоңыраулар үні», Л. Хамиди «Маршы», Д. Кобалевскийдің әуеніне жазылған «Алғашқы вальсі».

Ән айту: музыкалық репертуарлар: Н. Луконинаның әуеніне және Л. Чадованың сөзіне жазылған «Күннің көзі қыздырады» әні, Л. Фасхутдинованың «Жаз» әні, Балящеваның сөзіне жазылған «Күзгі ән», М. Еремееваның «Етік» әні, Е. Шаломонованың «Шырша туралы әні», А. Филепенконың әуеніне және С. Мокшанцеваның сөзіне жазылған «Күзгі жапырақтар биі» әні, Васильеваның әуеніне және Митличенконың сөзіне жазылған «Бақалар әні» әні, қазақтың ұлттық әні «Айгөлек», М. Норданскийдің өңдеуіндегі орыстың халық әні «Алма» әні.

Музыкалық ырғақтық қозғалыстар: қол қимылдары «хлоп-хлоп». Аяқ қимылдары «Топ-топ». Денені оңға және солға бұру. Басты оңға және солға еңкейту. Қолды сермеп шеңбер бойына жүру. Би қимылдары: аяқты өкше мен басына ауыстыру, аяқты бір орнында, шеңбер бойында және шашыраңқы тарсылдату.

Музыкалық репертуарлар Степаненконың әуеніне жазылған «Айнал», Вилькорейскийдің әуеніне жазылған «Достас», Г. Вихареваның «Күнді мен саламын» және «Біздің аяғымыз не істей алады?» әндері.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Балалардың жеке ықыластарын, көңіл-күйлері мен қабілеттерін ескере отырып күннің бірінші және екінші жартысында «Орманда», «Алаңқайда», «Поезда», «Қонақта» сюжеттік-рөлдік ойындарын ұйымдастыру. Тұрмыстық сипаттағы ойындарды ойнау: ас үй, емдеу орталығы, сұлулық салоны, сауда қатары.

Серуендеу кезінде құстарға, олардың балапандарына қамқорлығына бақылау жүргізу. Жатын бөлмесінде балалардың бір-біріне өзара көмек жағдайларын құру: киімдерін кию және шешу, түймелерін тағу, бау байлау, төсек орындарын жиыстыру. Жұппен, қатар және кіші топтарда ойын дағдыларын қалыптастыру.