Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгашкы кадам(каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180 Кб
Скачать
☆

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны

Мақсаты: Эстетикалық талғам мен сезімді-эмоционалды сферасын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:

  • жапсыру;

  • мүсіндеу;

  • музыка.

Міндеттер:

  • баланың мүмкіндіктеріне сәйкес, оған түсінікті өнер туындыларымен қамтамасыз ету;

  • көрнекі – бейнелі әрекеттіктен заттық іс-әрекетке көшуге әсер ету.

Мазмұны:

Қоршап тұрған болмыс заттарының қызметтері мен қасиеттерін іс жүзінде танып, білуге деген қызығушылығын дамыту және қолдау жасау. Заттар пішіндерінің ерекшеліктерін түсіну. Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстырып, сазбалшықпен тәжірибе жасауға деген ұмтылысын ынталандыру. Музыканы тыңдауға, түрлі сазды әуендерді әсерлі сезіну: күлімсіреу, қолдарымен әрлі-берлі сермеу, теңселу, иілу, шапалақтау, шыр айналу. Музыкалық аспаптардың: домбыра мен сыбызғының, даңғыра мен .сырнайдың қарама-қарсы немесе араласқан дыбыстарын есту арқылы ажырата білуге көмектесу. Әннің мәтіні мен сазына сәйкес үйлесімді, образды қимылдар жасауға түрткі болу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны

Мақсат: Үлкендер мен құрдастарына деген тілектестік қатынаста және жақсылық ниетте болуға тәрбиелеу.

Мазмұны:

Үлкендердің әрекеттерін эмоционалдық қабылдауын дамыту. Үлкендермен қарым-қатынас жасауға деген тілектеріне түрткі болу. Өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын үйрету.

І кіші топтағы екі жастан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің сипаттамасы

Бұл кезеңде жағдайлы-іскерлік қарым-қатынастар пайда болып және белсенді түрде дами бастайды. Бала мен ересектің өзара іс-әрекет үдерісінде баланың тілдік енжарлығымен қатар белсенділігі де қалыптасады. Бала тілдің дыбыстық жағын меңгеріп, оның фонематикалық естуі дами бастаса, сондай-ақ, ана тілінің дыбыстарын дұрыс дыбыстауы қалыптасады.

«Денсаулық» білім беру саласы

2 жастан 3 жасқа дейінгі кіші жас кезеңінде ағзаның барлық жүйелері мен қызметтері қалыптасады. Бойы 90-95 см; денесінің салмағы 14-15 кг, кеудесінің көлемі 50-52 см. Бұл жастағы негізгі даму буыны тек физикалық ғана емес сонымен қатар интелектуалдық дансаулығын қамтамасыз ететін дене, қол, саусақтарының қозғалыстары болып табылады. Бала үлкендердің көмегімен гигиеналық процедураларды бар ықыласымен орындайды, киіміндегі ұқыпсыздықты байқайды, ұзақ уақыт өзін сергек сезінеді. Үшке қараған шағында 20-ға жуық сүт тісі пайда болады.

«Таным» білім беру саласы

Бала заттардың қасиеттерін бағдарлап, заттарды түсі, пішіні, көлемімен топтастырып олардағы ортақ белгіні ажырата алады. Қоршаған ортаны байқап және сипап сезіну арқылы табиғи тану тілегі артады. Қарапайым конструкцияларды жеке құрастыру іскерліктері пайда болады. Өзінің атын, тегін, ата-анасы мен туыстарының аттарын атай алады, үлкендердің көмегінсіз кейбір әрекеттерді орындай алады. Үлкендердің қызметінің мағынасын түсінеді (анам жұмысқа қетті, әкем қазір келеді). Өзінің эмоционалдық сезімін білдіреді (қуанады, ренжиді). Ойында қиялындағы заттарды қолданады.

«Қатынас» білім беру саласы

Үлкендердің талаптарын түсінеді, тыңдау, басқа балалардың қызығушылығымен есептесу іскерлігі пайда болады. Эстетикалық қабылдауын, әдемі, ашық заттар мен киімдерін байқайды. Үлкендердің сөздерін, жеке фразаларын, ұйқасын, сөйлеу қарқыны мен дауыс күшін өзгертіп қайталайды. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындап, заттардың қасиеттерін атай алады.

«Шығармашылық» білім беру саласы

Көркем шығармалардың мазмұнына эмоционалдық жағынан баға бере алады. Үлкендермен қосылып әуеннің ырғағы мен жеке мәнерін дұрыс жеткізіп, қосылып айтады, жеке және топтармен айтады, үлкендердің ырғақты қимылдарын есте сақтап қайталайды. Музыка тыңдау, суреттерді, қима қағаздар мен түрлі ойыншықтарды қарастыруда қызығушылығын білдіреді. Қажеттілігіне қарай қарындаштарды, фломастерлер мен бояуларды қолдана алады.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Қоршаған ортаның әсемдігіне, үлкендер мен құрбыларының әрекеттеріне, ойыншықтарға әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің әрекеттеріне эмоционалдық жағынан өз әсерін, сезімін білдіре алады. Жақындары, үлкендер мен балалардың түрлі эмоционалдық жағдайларын (қуаныш, уайым, ашу, сараңдық) түсініп көре білу қабілеттері қалыптасады. Өтінішін, назарлары мен көмектеріне алғысын («рақмет», «өтінемін») білдіреді.

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Үйде

Ұйқыдан ояну, таңертеңгі шаралар

7.30-8 00

Табиғат және қызықты заттармен таныстыру

8.30-9.00

Мектепке дейінгі ұйымда

Таңертеңгі гимнастика

9.00-9.15

Гигиеналық шаралар

9.15-9.20

Таңғы ас

9.20-9.40

Қызықтар мен таңғажайып еліне саяхат

9.40-10.00

Серуенге дайындық, серуендеу, табиғатпен танысу, қимыл-қозғалысты рйындар

10.00-11.20

Серуеннен оралу, гигиеналық шаралар

11.20-11.40

Түскі ас

11.40-12.20

Күндізгі ұйқы

12.20-15.00

Ұйқыдан ояну, сауықтыру шаралары

15.00-15.30

Бесін ас

15.30-16.00

Дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындар

16.00-16.20

Серуенге жиналу, серуендеу, қимылды ойындар

16.20-17.30

Өнер орталығы мен ашық алаңдағы жаттығулар

17.30--18.30

Балалардың үйге қайтуы

18.30

Үйде

Ойындар, өзіндік әрекет

19.00-20.00

Кешкі ас

20.00-20.30

Түнгі ұйқы

20.30-21.00