- •© «Мектепге дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы, 2009
- •Бір жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Бір жастан 2 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің сипаттамасы
- •(Бір жастан бастап 2 жасқа дейін)
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •І кіші топтағы екі жастан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің сипаттамасы
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •І кіші топтағы балаларға арналған базистік оқу жоспары (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)
- •Баланың ойын іс-әрекетіндегі дамуы
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Бір жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған
- •1 Жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балалар үшін:
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары
- •Қолданылған әдебиеттер
(Бір жастан бастап 2 жасқа дейін)
Білім беру саласы |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті |
«Денсаулық» |
2 |
«Қатынас» |
1 |
«Таным» |
1 |
«Шығармашылық» |
3 |
«Әлеуметтік орта» |
- |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы |
7-10 мин |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі |
7 |
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
Мақсаты: Бала денсаулығын нығайту, оның ағза қызметі мен жүйесін дамыту.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:
дене шынықтыру;
валеология.
Міндеттер:
- қозғалысты тәжірибелерінің молығуына және негізгі қимылдарды меңгеруге көмектесу;
- балалардың бойында тазалыққа, ұқыптылыққа деген қажеттіліктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Дербес қимыл әрекетінің белсенділігі
Балалардың бөлмеде және таза ауада қарапайым қимыл-қозғалыстарды өз бетінше орындауға тәрбиелеу. Балалардың қимыл әрекеттерін дене шынықтыру және ойын құралдары арқылы толықтыру. Үлкендермен жұптасып қимыл жасауға үйрету.
Мәдени-гигиеналық дағдылары
Қасықты, шыныаяқты дұрыс ұстап өз бетінше тамақтану, бет пен қол тазалығын сақтау дағдыларына үйрету. Үлкендердің тапсырмаларын түсіну, орындау дағдыларын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты дағдылары
Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауға үйрету: саусақты ауызға салмау, еденнен лас заттарды алмау. Қол мен бетті таза ұстау.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
Мақсат: Балалармен эмоционалды-жеке қатынасқа түсі отырып, олардың мейірімге, еркелеуге, көңіл бөліну сияқты қажеттіліктерін қанағаттандыру.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:
тілді дамыту;
көркем әдебиет;
қоршаған әлеммен таныстыру.
Міндеттер:
тілді дамыту үшін барлық режимдік және тұрмыстық жағдайларды қолдану;
жақын адамдарының жасы мен жынысына сәйкес сөздерді білдіретін түсінікті сөздер қорын кеңейту.
Мазмұны:
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, балаға мейілінше жиі түрде дем беретін, жігерлендіретін, сергітетін жақсы сөздерді аямай, оның бастамашылығын ынталандырып отыру қажет. Бесік жыры мен жұбату әндерін тыңдай білуге тәрбиелеу. Сөздік қорын кеңейту. Әрдайым баланың не айтпақ болғанына құлақ түріп, оны түсінуге білуге тырысу керек. Заттардың атын буындап айтуға үйрету: ап-ап, ням-ням, пи-пи, ав-ав, му-му, ку-ку және т.б.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
Мақсаты: Қоршаған әлем заттарының қызметтері мен қасиеттерін іс жүзінде тануға деген қызығушылығын дамыту.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:
сенсорика;
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
құрастыру;
экология негіздері;
қоршаған әлеммен таныстыру.
Міндеттер:
баланың айналасындағы заттардың сан алуан түрлі қызметтерін ашып, тану үшін көмек көрсету;
баланың әртүрлі заттармен тәжірибе жасауға деген тілегін, ұмтылысын, ізденімпаздығын, талаптылығын, әуестігін, құмарлығын ынталандырып отыру.
Мазмұны:
Ерте жастағы баланың танымдық дамуы келесі құрылымдық компоненттер арқылы жүзеге асады:
заттардың қасиеттері туралы бағдарлану. Балаға айла-амал арқылы түрлі заттарды зерттеуге көмектесу. баланың түйсігін, зейінін және көрнекі-бейнелі ойлауын дамыту;
қоршаған әлемді тану. Балаларды үлкендермен және қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қызықтыру.Өзі және өзіне жақын адамдары, өлі және тірі табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру;
құрастыру. Қарапайым құрастыруларды жасауға қатыстыру.
