Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгашкы кадам(каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180 Кб
Скачать
☆

Бір жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Баланың танымдық әлемінің белсенділігін арттыруға бағыттау үшін оған ересек адам заттардың міндет-мақсаттарымен таныстыруға кіріседі. Сондықтан да, әр балаға күннің кез-келген уақытында өзі емін-еркін қимылдап, жүріп тұруы үшін даму ортасын жасап, қамтамасыз етуі керек. Белсенді іс-әрекетті талап ететін ойыншықтар мен құралдарға көбірек көңіл аударып, олардың орындарын жиі ауыстырып және санитарлық тазалау тәртібін сақтау қажет. Балалар ойын ортасын құру үшін мектепке дейінгі ұйым мен үйге бірдей талаптар қойылады. Балалар болмаған кезде бөлмені жиі желдетіп тұру мүмкіндігінің болуы. Температуралық режимді сақтау (18-20 градус). Топ бөлмесіндегі жиһаздардың дұрыс орналасуы мен жарықтық режим талаптарын сақтау.

Жеңіл әсер ететін ойын материалдарының балаға қол жетімді жерлерде орналасуы. Топтық және жатын бөлмелерде психологиялық жайбарақаттықты қамтамасыз ету үшін «өнер», «сенсорлы-құрылыс», «көңілді доп», «табиғат бұрышы», «су мен құм», «ертегі аралы», «үй асханасы» деген ауыстырып, жиналатын тақырыптық дамытушы орталықтар жасау. Әрбір орталықтың мазмұны мен ойындық құралдары балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып таңдалады. Әр ай сайын орталықтар бір-бірімен ауыстырылып, бір мезгілде екі орталықтың жұмыс істеуіне жағдайлар жасалады. Әрбір орталық балалардың жас ерекшелігі мен санына қарай ойыншықтармен жабдықталады. «Киімсіз ұлдар мен қыздар» мен қуыршақтар отбасы (ана қуыршақ, әке қуыршақ) орта өлшемді ойыншықтар. Балалардың отырып, ойнауына ыңғайлы

үлкен көлемді ойыншықтар (тербелме, жұмсақ жиһаздар). Баланың шад-шадыман күлкісін шақыратын — секіретін көжектер, шиқылдайтын, ермек ойыншықтар.

Үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттері білім беру салаларының шеңберінде ұйымдастыралады. Осыған орай, педагогикалық үдеріс келесі компоненттерді өзіне кірістіреді:

- базистік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері;

- сабақтан тыс ұйымдастырылған іс-әрекеттер: балалардың өзіндік емін-еркін қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері — ойын, көркем-сөздік іс-әрекет.

Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, психологиялық тренингтерге, релаксациялық және музыкалық үзілістерге уақыт бөлінуі керек. Баланың бір орында қимыл-қозғалыссыз ұзақ уақыт отырып қалуына жол бермеген абзал.

Балалардың ішінде біреулерінің бойы ұзын, кейбіреулерінікі қысқа, арсында толықшалары мен орта денелілері де болады, сондай-ақ, бастарының немесе кеуде клеткасының көлемі де әртүрлі болып келуі — әр баланың жеке даралық айырмашылықтарын білдіреді. Бірақ, тәрбиеші ай сайын баланың физиологиялық даму көрсеткіштерін үйлесімді ара қатынасын анықтап отыруы қажет: бойын, салмағын, кеуде шеңберін.

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балалардың тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруда әр бала белсенді қайраткер, ал тәрбиеші көмекші және ақылшы екенін ескере отырып, барлық режимдік сәттерді асықпай, қамқорлықпен, назар аудара ойластырған жөн. Баланың дербестігіне қойылатын талаптар үлкен ықыластылықпен біртіндеп күрделенеді. Ол талаптар мектепке дейінгі балалар ұйымында да, отбасында да бірдей болғаны маңызды. Тәрбиешінің бала және оның ата-анасының балабақшаға барған алғашқы күндердегі бейімделу механизмдеріне қатысты педагогикалық білімдерді меңгеруі балаға өзіне үйреншікті емес жағдайларды парапар жолдармен меңгеруге көмектеседі.

Тәрбиеші қызметінің маңызды бағыттарының бірі - балалар қимылдарының құрамын молайту. Әртүрлі қимылдар дененің барлық бұлшық еттеріне кезекпен күш түсіреді, ол шаршаудың алдын алады, жағымды тонусты қамтамасыз етеді. Баламен жылы, мейірімді жүзбен сөйлесу, өзіне қарата білу ата-аналарда сенімділік пен жан тыныштығын тудырады. Ата-анаға баласының мектепке дейінгі балалар ұйымына барғаннан бастап толық психологиялық қанағаттануын пайымдауға көмектесу маңызды.

1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарының негізгі тілектері мен әлеуметтік үміттерін ескере отыра, тәрбиеші «балаға аса назар аударып», «өте қайырымды», «өте ықыласты», «шыдамды», «балаларды жақсы көріп», «бала жанын түсініп», олармен бірге қызмет жасайды.

Міндеттер:

- балабақша педагогикалық ұжымы мен отбасының күшін балалардың жан-жақты үйлесімді дамуымен, олардың денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге біріктіру;

- бала мүддесіне сай тәрбиеленушілердің отбасымен өзара түсінушілігін және сенімін, ынтымақтастығын орнату;

- ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын, педагогикалық құзыреттілік деңгейін ескере отыра, консультативті-ағарту жұмысын іске асыру.

Жұмыс түрлері:

- баланы отбасында тәрбиелеу бойынша сауалнама жүргізу;

- баланың ата-аналармен және отбасы мүшелерімен балабақшадағы және үйдегі қарым-қатынасын бақылау;

- ата-аналар үшін электронды және қағаз түріндегі психологиялық-педагогикалық консультациялар;

- балалардың тілін, қол моторикасын, қимыл белсенділігін дамыту бойынша жеке ұсынылатын парақшалар;

- балалардың білім беру облыстарындағы іс-әрекетін ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру.

Тәрбиешінің музыка жетекшісімен бірлесе отырып, ата-аналар үшін баласының қабілетін көре білу, қуану, жанашыр болу, мейірімділікке бөлендіруде қолдары бос уақытта қуыршақ театры көрінісін, музыкалық аспаптарды тыңдауды ұсынуы.

Педагог әрекеті ешкімнің ар-намысына тимейтіндей өнегелі болуы керек. Ата-аналар үшін өзара сыйластық атмосферасын құру қажет: жақсы көзқарас, шынайы күлімсіреу, қызықтыратын сұрақтарға жауап беру, тыңдай білу, әрбір әке-шеше, ата-әже және туыстарының аты-жөнін білу. Ата-аналардың балаға әсер ету формаларын анықтау (өктемдік, баланың дербестігін басып тастау, барлығын өзі орындау). Жеке қабілеттілік көмегімен баланың табиғи мүмкіндіктерін көрсету.