- •© «Мектепге дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы, 2009
- •Бір жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Бір жастан 2 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің сипаттамасы
- •(Бір жастан бастап 2 жасқа дейін)
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •І кіші топтағы екі жастан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің сипаттамасы
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •І кіші топтағы балаларға арналған базистік оқу жоспары (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)
- •Баланың ойын іс-әрекетіндегі дамуы
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Бір жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған
- •1 Жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балалар үшін:
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары
- •Қолданылған әдебиеттер
І кіші топтағы балаларға арналған базистік оқу жоспары (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)
№ |
Білім беру салалары |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті |
1 |
«Денсаулық» |
2 |
2 |
«Қатынас» |
1 |
3 |
«Таным» |
2 |
4 |
«Шығармашылық» |
4 |
5 |
«Әлеуметтік орта» |
- |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі |
9 |
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы |
10-15 мин |
|
Баланың ойын іс-әрекетіндегі дамуы
Ерте жаста бала ойын іс-әрекетіне деген ықыласын таныта бастайды. Осыған орай, пәндік-дамытушы ойын ортасын жасау керек. Ойын барысында мәселелі жағдайларды пайдалана отырып, балалардың ересектің көмегінсіз тығырық жағдайлардан шығу жолдарын таба білуге түрткі болу. Балаларды ойын барысында бір-біріне бөгет жасамай ойнауға үйрету, ойындық байланысқа түсуге жетелеу. Дидактикалық ойындарда балалардың сенсорикасын дамыту (сезіну, заттың қасиеті мен түсін, түрін қабылдау).
БАЛАНЫ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНЕ БАУЛУ
Ересектің еңбек іс-әрекетіне деген бала қызығушылығын дамыту. Өзіне -өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру: белгілі ретілікпен киініп, шешіну. Киім-кешегіндегі кем-кетік тұстарын байқап, оны өздігінен реттей білуге үйрету.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
Үш жастағы баланың физиологиялық дамуына жағдайлар жасау көбінесе әр баланың жеке даралық келіс жасауын талап етеді. Мұнда толыққанды гигиеналық күтім, күн тәртібін нақты орындау, өмірі мен жүйке жүйесін сақтау, қорғау, қажудың,болдырудың және түрлі жарақаттанудың алдын алу.
Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларына саналы түрде түсініп, меңгеруін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:
дене шынықтыру;
валеология.
Міндеттер:
баланың физикалық және психикалық қал ахуалын қолайлы жағдайлар жасау;
бастапқы гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;
ересектің көрсеткен үлгісі бойынша қимыл-қозғалысты орындау дағдыларына үйрету.
Дене шынықтыру
Балалардың бұл жаста әлі қимыл-қозғалысты ептіліктері тұрақты емес, сондықтан да оларға көбінесе ересектің қозғалысына еліктеп немесе жан-жануардың қимылдарын (көжектің секірісін, құстың, көбелектің ұшуын) имитацияларын ойын түрінде қайталайды. Дене шынықтыру жаттығулары ойын түрінде таңертеңгілік гимнастикада және аптаның арнайы белгіленген күнінде, жалпы уақыты 5-7 минуттан аспайтын мөлшерде өткізіледі.
Бала денесінің дұрыс дамып қалыптасуына септігін тигізетін ойын материалдары бар қимыл-қозғалысқа толы ойындарды баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру.
Мәдени-гигиеналық дағдылары
Баланың жеке бас гигиенасының басты дағдыларын түрлі көрнекіліктер көрсету мен қолдау тәсілі арқылы: қолды дұрыс жууға, құрғатып сүртуге, өз бетімен таза және ұқыпты тамақтануға; қасық, кесе, сүлгілерді дұрыс және орынды қолдануға; және тамақтану кезінде аузын жұмып жеуге үйрету. Әрбір тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын сумен шайқауды үйрету. Өздігінен киіну және шешіну; киімін ұқыпты бүктеп қою, түймелерді ағыту, бауларды байлау және бір-біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру. Балаларға өздерінің жеке заттары: тарақ, ауыз шаятын ыдыс, сүлгі мен бет орамалды қолдану керек екенін түсіндіру.
Сауықтыру-шынықтыру процедурасы
Бала ағзасының қорғаныс қызметтерін қалыптастыру және денсаулығын шынықтыру жағдайларын құру. Баланың физиологиялық және психикалық жағдайының барысында ауа ванналарын күніне бірнеше рет киінгенде 3-5 минуттен, салқын түскенде бөлмедегі серуен ауа температурасы +15 градус шамасында және 3-4 қабат киімде болған жағдайда ұйымдастыру.
Дербес қозғалу әрекеті
Әрекет жағдайларына байланысты қозғалыс қажеттіліктерін қалыптастыру. Таныс ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін үлкендерге және құрбыларына еліктеу арқылы бейнелеу. Белгілі бір ептілік қабілетін қалыптастыру.
Өмір қауіпсіздік әрекеті
Күні бойы бөлмеде және серуенде баланың қауіпсіз сергектігін қамтамасыз ету. Балаларды құммен, сумен, ұсақ заттармен ойнау кезіндегі ережелерді сақтауға үйрету. Кездейсоқ тұрмыстық жарақаттардың алдын-алу мақсатында дәрі-дәрмектерді, жуу және дәрілеу құралдарын, розеткалар мен есік, терезелерді қолдануда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір салтының дағдылары
Адам, өзі, ұлдар мен қыздар және жақын туыстары туралы түсініктерін қалыптастыруға әсер ету. Адамның дене мүшелері: бас, дене, қол, аяқтарымен таныстыру. Тазалық пен тәртіп арқылы қанағаттанарлық сезімге тәрбиелеу, үлкендердің айтқанына мұқият болуға үйрету.
