Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгашкы кадам(каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180 Кб
Скачать
☆

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны

Мақсаты: Баланың бойына бейнелеу іс-әрекетінің түрлеріне және халық ойыншықтарына деген қызығушылықтарын ынталандыру.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:

  • жапсыру;

  • мүсіндеу;

  • музыка.

Міндеттер:

  • баланы сурет салуға ынталандыру және соған жағдай жасау;

  • қарапайым жапсыру ептілігінде тәжірибе жинауға түрткі болу.

Мазмұны:

Бейнелеу өнері:

Сурет салу

Баланың сурет салуға деген ынтасы мен қызығушылығын ояту және қолдау. Сурет салу үшін қарындашты, қылқаламды, субояу мен гуашьті меңгеру дағдыларына үйрету. Қағазға тігінен және көлденеңінен түзу және ирек сызықтарды жүргізуге үйрету. Дәстүрден тыс сурет салуға (қағазды бүктепбір жағына бояу жағу арқылы) үйрету.

Мүсіндеу

Балалардың балшықтан мүсін жасау іскерліктерін меңгеруге жағдай жасау. Балшықтан домалақ, сопақша пішінді заттарды алақанның арасына салып домалақтау әдісімен мүсіндеу, заттың бөліктерін біріктіру. Таяқшаларды домалақтап, майыстыру және олардың біріктіру. Мүсіндеуге арналған заттарды (арнайы тақтайшада мүсіндеу, қолды дымқыл сүрткішпен сүртуге, дайын заттарды сөреге қою) қолдану ережелерімен таныстыру.

Жапсыру

Қарапайым жапсыру әрекеттерінен тәжірибелер жинақтауға мүмкіндіктер жасау. Қағаз бен фланелеграфтың кеңістігін меңгеруге үйрету. 2-5 бөліктен тұратын түрлі заттарды фланелеграфқа немесе магнитті тақтаға орналастыруға үйрету. Бейненің жеке бөліктерін құрастыруға үлкендермен бірлесе желім жақпай-ақ заттық жапсыруда композиция жасауға үйрету.

Музыкалық әрекет:

Музыканы есту

Есту қабілеттерін дамыту. Балаларды музыкалық шығармалардың түрлі сипаттағы әнді, полька, марш, вальс және т.с.с. әуенді тыңдауға үйрету. Музыкалық шығармалардан алған әсерлерін сипатына қарай жеткізе білу. Көңілді музыкалық дыбыстарға ілесіп отыру. Музыкалық аспаптардың: домбыра мен сыбызғының, даңғыра мен .сырнайдың қарама-қарсы немесе араласқан дыбыстарын есту арқылы ажырата білуге көмектесу. Жоғары дыбыстылықты естуді дамыту. Биіктігі (жоғары, орташа, төмен), ұзақтығы (ұзақ, қысқа), күші (шулы, тыныш) әртүрлі музыкалық дыбыстарды есту және дифференциалдау.

Музыкалық-ырғақты іс-әрекет:

Музыкамен бірге негізгі қозғалыстарды (жүру, жүгіру) орындауға үйрету. Би қозғалыстары: шапалақтау, қолдарын қимылдату, маршпен жүру, орнында тұрып айналу және аяқпен тарсылдатуды әуенмен орындау. Көркем-ойындық бейнелерге тән (қонжық келеді, көжек пен шегіртке секіреді, қуыршақ билейді, көбелек пен инелік ұшады) қимылдарды әуенмен бере білуді үйрету

Ән айту

Ән айту іскерлігі мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Ән айтуға қызығушылықтарын тәрбиелеу: ән айту және өзінің табиғи дауыстарымен үлкендермен қосылып айтуын, дыбысты таза, бірге бастап аяқтауын, басталуы мен аяқталуын тыңдау. Дыбыстарды түрлі биіктікте, ырғағы мен қарқында айтуға үйрету. Балалардың көңілді музыка әуенімен еркін би қимылдарының қозғалыстарын өз ойларынан шығару қабілеттерін қалыптастыру. Еркін би қимылдарынан қуанышты сезініп пайда болуына мүмкіндіктер туғызу.

Айналасын эстетикалық қабылдауы

Балалардың айналасына деген қызығушылығын дамыту: бөлменің жасауларына, үй жиһаздарына, әдемі орналастырылған ойыншықтарға, өздері ұйықтайтын төсектердің жиналуына назарларын аудару. Серуендеу кезінде шуақты күннің көзіне, ескен салқын самалға, өсіп тұрған өсімдіктерге көңілдерін аудару. Балалармен бірге телімдегі жәндіктердің өмірін бақылауды ұйымдастыру. Сумен және құммен ойнауда рақаттану.

Мәдени шаралар

Балабақша және топта жағымды көңіл-күйді құруға, балаларда жайлы, ыңғайлы, қорғаныш сезімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу. Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне ену іскерліктерін дамыту. Қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын тыңдап түсінуге және көркем шығармалардың мазмұнын сұраққа жауап ретінде бере білу. Жай сөйлемдерден қысқа әңгіме құрастыруға үйрету. Қамқорлық, сүйіспеншілік, көңіл бөлушілік сезімдерін білдіру. Балаларда ертегі кейіпкерлерінің, ойыншықтардың, әрекетін бақылау іскерліктерін дамыту, оларға көңіл бөлуді үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.