- •5В010300 Педагогика және психология
- •Этнопсихология пәнінен
- •Орал, 2016 ж.
- •1. Пәннің оқыту бағдарламасы – syllabus
- •2. Пән туралы мәлімет
- •5. Курстың мазмұны
- •Тақырыбы: Этнопсихология білімнің пәнаралық облысы ретінде
- •Тақырыбы: XX ғасырдың 2-жартысындағы этникалық қайта өрлеу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Этнопсихологияның пайда болуы мен қалыптасуы
- •Сөж мазмұны:
- •Тақырыбы: Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.
- •Тақырыбы: Қарым-қатынастың универсалдық және мәдени-ерекшелік астарлары.
- •Тақырыбы: Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің мәдени вариативтілігі.
- •Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастар және когнитивтік процесстер.
- •1. Этникалық сәйкестіктің когнитивтік және аффективті компоненттері.
- •Әдебиеттер:
- •10 Апта
- •Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдау механизмдері.
- •Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдау механизмдері.
- •Тақырыбы: Этникалық жау-жанжалдар: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.
- •Тақырыбы: Этникалық жау-жанжалдар: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.
- •14 Апта.
- •Тақырыбы: Жаңа мәдени ортаға адаптация
- •Әдебиеттер:
- •15 Апта
- •Тақырыбы: Жаңа мәдени ортаға адаптация
- •6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •7. Аралық бақылау тапсырмалары
- •8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі
- •9. Бақылау түрі – тест (компютерлік тест)
- •10.Бағалау өлшемдері
- •Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:
- •Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:
Тақырыбы: Этникалық жау-жанжалдар: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.
1. Этникалық жау-жанжалдың анықтамасы және жіктемесі.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Этникалық жау-жанжалдар: олар қалай пайда болады
ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіндегі этнопсихологиялық көзқарастар.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Этникалық жау-жанжалдар: олар қалай пайда болады
СӨЖ мазмұны:
1. Асан Қайғы жырларындағы этнопсихологиялық пайымдаулар.
СӨЖ мазмұны :
1. Қазақ халқының тарихындағы этникалық жау-жанжалдардың психологиялық себептері.
СӨЖ мазмұны:
1. Асан Қайғы жырларындағы этнопсихологиялық пайымдаулар.
13 апта
№ 25 дәріс.
Тақырып: ХІХ-ХХғасырдағы қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі этнопсихологиялық мәселелер .
1. Ш Уалихановтың этногарафиялық еңбектері.
2. Ғалымның психологиялық көзқарастары.
Қазақтың ұлы ғалымы ағартушы- демократ Ш.Ш Уалиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Өз экспедициялаында ол қыруар матеиалдар - өзі болған аймақтардың тарихы , қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны. Шың- тастардағы жазу белгілері , көне ескерткіштер , аңыз-әңгімелер , ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, рулық қарым-қатынастар, этнографиясы, әдебиеті туралы еңбектер жазды. 1856 ж Шоқан полковник ММ Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады.Қырғыз елін жете зерттеуге , Ыстық көл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатынасу Шоқанның ғылыми жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді.Оның «Ыстықкөл сапарлары», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты құнды еңбектер жазды. Ш Уалиханов Қашқарияның экономикалық- саяси тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген ғалым, ақындарен кездесіп мағлұматтра жинаған, шығыс қолжазбаларын қолға түсіріп, нуклиматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жинаған. Ш Ш Уалихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі халықтың тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Шоқан өз халқының тарихын ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары , реалисттік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес индогерманиялық эпосқа ұқсайды- деп түйіндей келе , ол қазақтың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады.Түрік тілдес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады.
№ 26 дәріс.
Тақырып: Отбасылық қарым-қатынастың даму деңгейі мен этнопсихологиялық специфика.
Отбасылық қарым-қатынастағы конфликтілердің этнопсихологиялық ерекшеліктері.
Отбасылық қарым-қатынастың диагностикасы мен психологиялық көмек.
Отбасылық қатынас қалыптасуының бірінші деңгейінде, әрбір этникалық топ мүшесіне тән әлеуметтік-рөлдік, тұлғааралық, яғни отбасылық қарым-қатынасқа деген бейімделу жүреді. Бұл деңгейде жұбайлар бір-бірлерінің ішкі жан дүниелеріне кіріп, бір-бірін түсінуді, бір-біріне үйренуді, тұрмысты ұйымдастырып, әлеуметтік рөлдерді жіктейді. Егер, жұбайлар әр түрлі ұлт өкілдерінің мүшелері болса, онда олардың жолдарында бсатапқыда түсініспеушіліктер, қиындықтар болады. Бұл ең күрледі кезең болып келеді. Отбасылық қатынасты тұрақты қылатын негізгі және маңызды фактор, ол жолдағы ренжіштерді, кедергілерді бояп, көзін жоятын- махаббат сезімі. Отбасылық қатынас қалыптасуының екінші деңгейі бала пайда болғаннан кейінгі кезең. Жұбайлардың арасындағы рөлдік құрылымда ата-аналық міндеттермен байланысты, материалдық және уақыттық өзгерістер пайда болады. Бұл деңгейде ортақ қызығушылықтар, жұбайлар арасында нақты әрі тұрақты өзара түсінушілік әлі қалыптаспағандықтан конфликтілер болады, бірақ жұбайлар бұл кезеңде өте қатты ойланулары керек, себебі ол тек баланың пайда болуымен ғана байланысты емес, баланың санасын қалыптастырумен де тығыз байланысты. Үшінші деңгей жұбайлар арасындағы тұрақтылық тенденциясымен ерекшеленеді. Әлеуметтік рөлдер толығымен бөлініп, конфликтінің себебі болудан қалады. Отбасыдағы әр функцияның лидері пайда болады. Бірақ бұл деңгей баланы тәрбиелеу проблемасымен күрделенеді. Төртінші деңгейде жұбайлар арасында одан та тұрақты қатынас орнайды. Ішкі отбасылық қатынастың толық интерұлттылығы(интернационализация) орнайды. Балалар жұбайлардың жағымды қатынасына көмек жасайды. Бұл кезеңде жұбайлар үшін өздерінің әрекеттері үшін, шешімдері үшін, әрекеттер мотивтеріне деген қатынастан өздерін бағалау маңыздылығы артады. Сонымен қоса, жұбайлардың өздеріне деген уақыттары пайда болып өздерінің интеллектуалды, мәдени деңгейлерін жоғарлатумен айналысады. Бесінші деңгейде отбасылық қатынастар өмірдің қай сферасында болмасын тұрақталады. Жұбайларда жақындылық пайда болады, ортақ қызығушылықтар мен көзқарастар болады, балалар өседі, отбасыға деген нормалық-психологиялық атмосфера енгізеді. Жұбайлар арасында өзара түсінушілік, төзімділік, кешірімділік, сенімділік пайда болады.
№13 семинар.
