Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆
  1. Түс: кодтау және категоризация.

  2. Сөж мазмұны:

1. К.Гельвецийдін «Ұлттық міңез туралы» кітабының маңызы

5 апта

№9 дәріс.

Тақырыбы: Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде

  1. Ұлттық мінез, ұлттық өзіндік сана, оның негізгі типтері, ұлттық өзіндік сананың трансформациясы

  2. Ұлттық сезім

  3. Ұлттық дәстүрлер, менталитет ұғымдары

Ұлт психологиясы өзінің құрылымы бар және ұлттық-психологиялық ерекшеліктер формасында қарастырылады. Ұлттық психологияның құрылымы жүйелік пайда болумен (статистикалық) және динамикалық (функционалды) компонеттерін (жақтарын) қосады. Ұлт психологиясын қалыптастыратын компоненттерге мыналар жатады:

  • Ұлттық мінез;

  • Ұлттық темперамент;

  • Ұлттық ақыл-ой;

  • Ұлттық сезім мен көңіл-күй;

  • Ұлттық салт-дәстүр мен әдеттер.

Ұлттық мінез этнологтар мен социологияның ойынша, ежелден бері қалыптасатын психологиялық сипаттамалардың тұрақты бірлігі, жиыны болып табылады. Олар әдеттегі әрекет-қылыққа, еңбекке, қарым-қатынасқа, қоршаған ортаға, т.б. этникалық жиынтықтарға деген қатынасынан көрінетін белгілі бір ұлт өкілдерінің әрекеттері.Ұлттық мінез сипатына консерваттылықты, нәсілділікті, оптимизмді, пессимизмді жатқызуға болады. Бұл қасиеттер өмірге деген қатынас жағынан көрініс береді. Еңбекке деген қатынаста ұлттық мінез жауапты, ұйымдастырушы, кешікпеушілік, ұқыпты, тәжірибелі, пассивтілік, ұйымдастыра алмаушылық сияқты қасиеттерінен көрінеді. Дүниежүзілік ұлттарға тән еңбекқорлық әр ұлттарға тән еңбекқорлық әр ұлттарда әр түрлі көрініс береді. Жапондықтардың еңбекқорлығына – төзімділік, қырсықтық, табынушылық, шапшаңдылық, ұқыптылық, нақтылық, тәртіптіліктен, ал американдықтардікі – энергияға толықтықтары, азарттылықтары, инициативтіліктері, қауіптен қорықпайтындығынан, рационалдылығынан көре аламыз.

Ұлттық темперамент – белгілі бір этникалық жиынтыққа жататын адамдардың әрекет-қылықтары мен әрекеттердің эмоционалды экспрессивті сипатын анықтайды. Олардың әрекет-қылықтық белсенділігін сипаттайды.. Ұлттық ақыл-ой (склад ума) – философтар мен социологтардың ойынша, белгілі бір ұлт өкілдерінің ойлау, ойлай алу ерекшеліктері. Ойлау механизмі әр түрлі ұлт өкілдерінде бірдей, бірақ ол бір заңдылықтарға бағынып, ежелгі әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталатын спецификасы бір болып табылады. Немістер абстрактілі ойлайды, ағылшындар тәжірибелі, француздар ақылды, ойлау қабілеттері жақсы дамыған келеді. Ұлттық сезім мен көңіл-күй – бұл адамдардың ұлттарға деген, қызығушылықтарға, өмірге, құндылықтарға, басқа ұлттарға деген эмоцияға толы қатынас болып табылады. Ұлттық сезімдер ұзақ өмір сүреді. Тәжірибе негізінде қалыптасады. Оның позитивті және негативті жақтары болады. Ұлттық салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар – ұзақ тәжірибе нәтижесінде қалыптасатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін заңдылықтар, нормалар, стереотиптер, әрекет-қылықтар, қарым-қатынас формалары болып табылады. Әр ұлттың өзінің ұлттық санасы болады, әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық, эстетикалық, философиялық және т.б. көз қарастарының бар болуы және оның рухани қалыптасу деңгейімен анықталады.

№10 дәріс.

Тақырып: Әлемдік ғалымдардың этнопсихологиялық пікірлері.

1. Г.Гегельдің халықтар арасындағы психологиялық ерекшеліктерінің мәні.

2. Юмның «Ұлттық мінз –құлықтар туралы» еңбегі.

3. Леви- Брюль және Леви- Стросстың қосқан үлестері.

Тұрақты этнопсихолгиялық түсініктердің қалыптасуына үлкен үлес қосқан неміс философы Георг Гегель. Ұлттық психологияны зерттеу оған этностың даму тарихын ұғынуға мүмкіндік берді. Бірақ қарама-қайшы пікірлері де болды. Бір жағынан Гегель ұлттық мінез-құлықты әлеуметтік құбылыс ретінде түсіндірсе, екінші жағынан ұлттық мінез-құлық оның еңбектерінде абсолютті рухтың көрінісі ретінде болды. Сонымен қатар Гегель ұлттық мінез-құлық пен ұлттық темпераментті біріктіруге қарсы болды. Өйткені оның айтуынша ұлттық мінез-құлық жалпылама көрініс ал темперамент жеке дара индивидке тән.

Юмның «Ұлттық мінез–құлықтар туралы» атты еңбегінде ұлттық психологияға қатысты өз пікірін анық білдірді. Оның пікірінше ұлттық психологияны әлеуметтік факторлар оған жататындар қоғамның әлеуметтік-саяси дамуы, басқарылу формасы. Юмның пікірінше ұлттық мінез-құлық қырлары кәсіби іс әрекеттегі қарым-қатынас негізінде қалыптасады.

Шарль Монтескьенің айтуынша ұлттың рухы объективті физиологиялық және моральдық факторлардың әсерінен қалыптасады. Физикалық факторларға географиялық орналасуын, климат, ланшафты жатқызады. Климат басты физикалық фактор болып табылады. Моральдық факторларға дін, салт-дәстүр т.б. жатады. Этнопсихологияның дамуына француз философы Леви-Брюльдің еңбектері үлкен үлес қосты. Оның айтуынша түрлі этнос адамдарына өзіндік ойлау типі. Леви-Брюль бойынша алғашқы адамдардың логикасы мистикалық болды және ол партиципация заңдылығына бағынды. Партиципация принципі - барлық заттар мен құбылыстардың болмысы бір және ол түрлі уақыт және кеңістік өлшемдерде көрінеді. Леви-Стросстың шығармашылық бағыты этностың ойлау құрылымын талдау.

№5 семинар.