- •Орындау алгоритмі Ересек науқаста жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
- •Орындау алгоритмі Нәрестеде жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
- •Орындау алгоритмі Арнайы гинекологиялық зерттеу
- •Орындау алгоритмі Бала қуығын катетеризациялау
- •Орындау алгоритмі Сүт безін қарау және пальпация жүргізу
- •Орындау алгоритмі Жедел коронарлық синдром (жкс) кезінде стационарға дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек көрсету
- •Орындау алгоритмі Тобықтың ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынығы кезінде аяқ иммобилизациясын жүргізу
- •Орындау алгоритмі Коникотомия
- •Орындау алгоритмі Рентген суретті талдау
Орындау алгоритмі Нәрестеде жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
№ |
Қадамдар |
Орындау критерийлері |
1. |
Баланың санасын анықтады. Өздігінше тыныстың болуын анықтады. Көмекке шақырды. |
Иықтан абайлап қағып, атап шақыру. Құлақты баланың ауызы маңына алып барып, нәресте тыныс алады ма, кеуде қуысы немесе іші көтеріледі ме, өз бетінде нәрестенің тынысын сезіну. Қасындағы адамдардан жедел жәрдем бригадасын шақыруларын сұрану керек. |
2. |
Қанайналымның болуын анықтады. |
Жүрек тондарын фонендоскоппен тыңдау. |
3. |
Баланы дұрыс жатқыздырды. Нәрестеге тиесілі дұрыс орналасты. |
Баланы арқасымен қатты, тегіс беткейге жатқыздырып, кеудесі мен ішін қысып тұратын киімінен босату. Реанимация жүргізетін баланың жанынан немесе алдынан орналасып тұру. |
4. |
Тыныс жолдарын тазалады. |
Баланың басын бір жаққа қарай бұру. Саусаққа таза салфетканы орап, ауыз қуысын бар бөгде заттардан (шырыш, құсық массалары, су және т.б). |
5. |
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді. |
Баланың мойын астына валик қою арқылы басының дұрыс шалқайтылуын қамтамасыз ету, соынмен қатар төменгі жақты алға қарай итеріп, ауызын ашу. |
6. |
Өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізе бастады. |
Өкпенің жасанды вентилляциясын 1 тыныс алудан бастау. Өз аузымен баланың ауызын тығыз қысып алып, бала өкпесіне дем шығару (үрлеу кезінде кеуде торы ақырын көтерілуі тиіс). |
7. |
Қолдарын дұрыс орналастырды. Жүректің тікелей емес массажын жүргізе бастады. |
Компрессияларды орындау үшін қолды дұрыс орнату керек: бірінші қолдың алақанының негізін төстің төменгі үштен бір бөлігіне орнату, екінші қолды параллельді үстіне орнату керек, шынтақтарды тік ұстап, денені зақым алған адамның кеуде торының үстінен вертикалды орналасуы тиіс. Компрессияларды жылдам түрткі қимылдармен орындау, әр қимылдан кейін қолды кеуде торынан алмай, кеуде торының кеңеюіне мүмкіндік беру. Тереңдігі 2,5 см 30 компрессия жүргізу, компрессиялар арасында минималды үзіліс жасау. |
8. |
Реанимациялық іс-шаралардың дұрыс ырғағын таңдады. |
Реанимациялық іс-шараларды 2:30 қатынаста орындау (2 үрлеуден кейін 30 компрессия жүргізу). |
9. |
Тыныс алу мен қанайналымның қалпына келуін бағалады. |
Реанимациялық іс-шаралардың әр 2 минуты сайын өзіндік тыныс алу мен қанайналымның қалпына келуін анықтау мақсатында 5 минутқа кідіріс жасау. |
10. |
Реанимацияны бағалауды жүргізді. |
Реанимациялық іс- шаралардың тиімділігін анықтау (пульс, өзіндік тыныс пайда болып, цианоз кетті). Тиімсіздік жағдайында реанимацияны жүрек- өкпелік қызметі қалпына келгенше жалғастыру (жалпы ұзақтығы 30 минутқа дейін). |
№ 3 ОҚКЕ станциясы
