Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритмы ОСКЭ для студентов каз яз оконч.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Орындау алгоритмі Жедел коронарлық синдром (жкс) кезінде стационарға дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек көрсету

№

Қадамдар

Орындау критерийлері

1.

Науқаспен алғашқы қарым-қатынасты орнатты.

Науқаспен амандасып, аты-жөніңізді айтып, жасын нақтылау. Науқасты кушеткаға жатқыздырып, толық физикалық және психикалық тыныштық жағдайын қамтамасыз етіп, жүргізілетін зерттеу мәнін түсіндіру. Біріншілік қарауды жүргізу: есін, тынысын және қанайналымын бағалау.

2.

Жедел медициналық көмек бригадасын шақырды. Таза ауаның жеткізілуін қамтамасыз етті.

Қасындағы адамдардың біреуінен жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыртуын сұрау.

Таза ауаның жеткізілуін қамтамасыз ету: терезені ашып, қысып тұрған киімінен босату.

3.

Шағымдарды нақтылап, ауру және өмір тарихтарын.

Шағымдарды нақтылау: ауырсыну сезімінің орналасуын, сипатын және интенсивтілігін, ауырсыну сезімі қандай себеппен шақырылғанын, оның иррадияциясын, ұзақтығын, ауырсыну сезімінің немен басылатынын және қосымша белгілер.

Өмір тарихын жинау: тұқымқуалаушылық, басқа созылмалы аурулар, аллергоанамнез, зиянды әдеттер, жұмыс сипаты және т.б.

4.

Екі қолда артериялық қан қысымын (АҚҚ) өлшеді.

Екі қолда АҚҚ өлшеу.

5.

Екі қолда артериалды пульс зерттеуін жүргізді.

Екі қолда артериалды пульс зерттеуін жүргізу. Пульсті бір минут ішінде санау, пульстің ырғақтығын анықтау.

6.

Жүрек аускультациясын жүргізді.

Жүрек аускультациясын жүргізу. Жүрек тондарының сипатын және ырғақтығын анықтау.

7.

ЭКГ жазып, талдады.

ЭКГ жүргізу және оның нәтижелерін талдау.

Науқасқа барлығын түсіндіру.

8.

Медикаментозды ем жүргізді.

-Қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда науқасқа 325мг ацетилсалицил қышқылын шайнауға ұсыну.

-қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда, науқасқа 0,5 мг нитроглицерин таблеткасын тіл астына беру немесе тіл астына 1 доза изокет-спрей қолдану.

- жағымсыз әсер болмаған жағдайда,ауырсынуды басар алдында морфин 3-5 мг к/т немесе т/і инекъция жасау керек.

-оттегін беру 4-8 мл, егер оттегімен қаныққан болса <90%

- науқасқа клопидогрел 300мг таблеткасын , егер науқастың жасы 75 жастан асқан болса-75 мг беру.

- науқасқа тахикардия немесе артериальды гипертензия болған жағдайда бисопролол таблеткасын 5 мг беру.

2. ST сегменының жоғарлауы кезінде :

- Қарсы көрсеткіші болмаса 325 мг ацетилсалицил қышқылын науқасқа беру.

- науқасқа 0,5 мг нитроглицерин таблеткасын тіл астына беру немесе тіл астына 1 доза изокет-спрей қолдану.(соблюдать осторожность при САД<90 мм рт ст)

- оттегін беру 4-8 мл, егер оттегімен қаныққан болса <90%

- ауырсынуды басқанға дейін , жағымсыз әсер болмаған жағдайда морфин 4-8 мг к/т ,қосымша әр 15 мин сайын 2 мг нан инекъция жасау отыру керек.

- науқасқа клопидогрел 300мг таблеткасын , егер науқастың жасы 75 жастан асқан болса-75 мг беру.

- фибриноликалық ем жүргізуге қарсы көрсеткіш болмаса: альтеплаза ( 1мг/кг дене салмағына,бірақ 100 мг артық емес,алдын ала 0,9%-100мл натрий хлор ерітіндісінде еріту) схема бойынша: «болюс+инфузия». Болюсно 15 мг енгізіледі, келесі инфузия: 30 минут ішінде 0,75 мг/кг дене салмағына, содан соң 0,5 мг/кг дене салмағына-60 минут ішінде.

9.

5 минуттан кейін науқас жағдайын бағалады.

Нитроглицеринді қабылдаудан 5 минуттан соң АҚҚ қайталап өлшеу, егер ауырсыну сезімі жойылмаса, нитроглицерин қабылдауын қайталау (әр 3-5 минут сайын, жалпы алғанда 3 дозаға дейін).

10.

Науқастың келесі бағытын анықтады.

Науқастың келесі бағытын анықтау. Науқасты ургентті клиникаға жедел жәрдем бригадасымен тасымалдау.

№ 7 ОҚКЕ станциясы