Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритмы ОСКЭ для студентов каз яз оконч.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Орындау алгоритмі Арнайы гинекологиялық зерттеу

№

Қадамдар

Орындау критерийлері

1.

Әйелді зерттеуге дайындады.

Зерттелуші әйелге өзін таныстырып, оның аты мен жасын анықтап, зерттеу барысын түсіндіріп, келісім алып, креслоға жатуын сұрану.

2.

Қолды өңдеді.

Қолды жуып, кептіріп, медициналық қолғап кию.

3.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарады.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау: түктену сипатын, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылымын, аралық жағдайын, жыныс саңылауын бағалады. Екі қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашып, қынап сағасын, жатыр мен қынаптың қабырғаларының түсуін, шырышты қабаттың түсін, бөлініс сипатын, сыртқы зәр шығаруканалының жағдайын, парауретралды және кіреберіс үлкен бездерінің шығару өзектерін қарау.

4.

Қасық тәрізді айналармен жатыр мойны және қынап қарауын жүргізді.

Жатыр мойны және қынапты қасық тәрізді айналар көмегімен қарау. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашып, алдымен төменгі айнаны бүйірімен кіргізіп төменге айналдыру, содан соң жоғарғы айнаны дәл осылай бүйірімен кіргізіп жоғары көтеру. Айнамен қарағанда қынап және жатыр мойынының шырышты қабатының түсіне, бөлінділер сипатына назар аудару. Жатыр мойынындағы патологиялық процесстерді (жыртылу, эрозиялар) анықтайды. Сыртқы ернеудің жағдайы («қарашық»белгісін) анықтау.

5.

Құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салып қойды.

Айналарды келтірілген реттілікпен шығарып алып, дезинфекциялық ерітіндіге салып қою.

6.

Саусақтық қарауды бастады.

Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашу. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгізу, алдымен үшінші саусақты, онымен қынаптың артқы қабырғасын басып тұру, кейіннен екінші саусақты енгізу.

7.

Жатыр және аналық жыныс бездерінің бимануалды зерттеуін жүргізді.

Алдымен жатырды зерттеу, оның консистенциясын, қозғалғыштығын, ауырсынуын тексеру. Кейін аналық жыныс бездерінің зерттеуін оң жақстан бастау (ауырсыну, немесе түзілістің болуына күдік туған жағдайда қарауды сау жағынан бастау), олардың қалпын, өлшемін, консистенциясын, формасын, қозғалғыштығын, ауырсынуын және тағы басқаны анықтау. Қынап күмбездерінің ерекшеліктерін анықтау (тегістелуі, тығыздалуы, томпаюы, ауырсынуы, флюктуация).

8.

Бөлінділер сипатын бағалады.

Тексеруден кейін саусақтарды қынаптан шығарып, бөліністер сипатын бағалау (қанды, іріңді, шырышты).

9.

Қолғаптарын шешті.

Қолғаптарды шешіп, арнайы контейнерге тастау. Қолды сабынмен жуып, сүлгімен құрғату.

10.

Әйел картасына жазу енгізді.

Амбулаторлық карта немесе ауру тарихында жазу енгізу.

№ 4 ОҚКЕ станциясы