Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритмы ОСКЭ для студентов каз яз оконч.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Орындау алгоритмі Бала қуығын катетеризациялау

№

Қадамдар

Орындау критерийлері

1

Науқасты манипуляцияны орындауға дайындады.

Баланы арқасымен жатқыздырып, екі аяғын екі жаққа қарай шамалы ашу.

2

Несеп қабылдағышты орналастырды.

Баланың екі аяғының арасына несеп қабылдауға арналған лоток орналастыру.

3

Қолдарын мұқият жуды.

Қолдарды сабынмен жуып, таза құрған орамалмен сүрту.

4

Зарарсыздандырылған медициналық қолғаптар және бетперде киді.

Зарарсыздандырылған медициналық қолғаптарды және бетпердені кию.

5

Баланың жыныс мүшесінің басын өңдеді.

Сол қолдың саусақтарымен жыныс мүшесін басынан ұстап, сыртқы несеп шығару өзегін ашу. Оң қолмен жыныс мүшесінің басының сыртқы өзегінің айналасын дезинфекциялық ерітіндісіне батырылған мақтамен өңдеу.

6

Несеп катетерін дайындады.

Несеп катетерін қаптамадан шығарып зарарсыздандырылған вазелин майымен майлау.

7

Несеп шығару өзегіне катетерді енгізу.

Оң қолдың саусақтарымен несеп катетерін алып, сыртқы несеп шығару өзегіне енгізу, және катетерді өзек бойымен енгізу, жыныс мүшесін катетерге қарай ығыстыру.

8

Несеп қуығында катетердің дұрыс орналасуын тексерді.

Катетердің сыртқы ұшын несеп қабылдауышқа түсіріп, немесе катетерге 10-20 мл шприцті қосып қуықтан несептің қалғанын шығару.

9

Несеп катетерін шығарды.

Несеп катетерін шығару.

10

Медициналық қолғаптарды шешіп, қолдарын жуды.

Медициналық қолғаптарды шешіп, арнайы контейнерге салу. Қолдарды сабынмен жуып, орамалмен сүрту.

№ 5 ОҚКЕ станциясы

Орындау алгоритмі Сүт безін қарау және пальпация жүргізу

№

Шаги

Критерии выполнения

1.

Науқасқа өзін таныстырды.

Өзінің аты-жөнін айтып, науқастың есімін, жасын сұрап, зерттеу барысын түсіндіріп, зерттеуге келісім алу.

2.

Науқасты қарауға дайындалуын сұрады.

Науқасты беліне дейін шешінуін сұрап, шүйде аймағында екі қол саусақтарын айқастырып ұстау.

3.

Мұқият қолдарын өңдеді.

Екі қолды сабынмен жуып, таза құрғақ сүлгімен сүртіп құрғату.

4.

Сүт бездерінің қарауын жүргізді.

Квадранттар бойынша пішіні мен көлемін бағалады.

Визуалды сүт бездерін бағалау: тері жамылғыларының түсін, емізікшілер жағдайын (пигментациялар, ішке тартылулар), қызару, «лимон терісі» әсері, ішке кірулер немесе томпаюлардың болуы, бөртпелер.

Визуалды сүт бездерінің симмтериялығын бағалау (шамалы ассиметрия болуы мүмкін), дұрыс пішіні, өлшемдер айырмашылығы.

5.

Емізікшілер, емізікшілер маңы ареолалардың пішіні мен жағдайын бағалады.

Визуалды емізікшелер жағдайын бағалау (пішіні, өлшемдері, пигментация, ішке тартылуы). Бірінші және екінші саусақтармен алдымен оң кейін сол сүт безінің емізікшесіне басу. Емізікшелер жағдайын және бар болатын бөліністерді бағалау.

6.

Науқасты дене қалпын ауыстыруды сұрады.

Науқасты қолдарын беліне қойып, кеуде торы бұлшықеттерін тырыстыруын сұрану.

7.

Сүт бездерінің пальпациясын бастады.

Бір қолмен сүт безін ұстап тұрып, екінші қолдың саусақтарымен оны мұқият пальпациялау. Пальпацияны үстіңгі сыртқы квадранттан бастап, ішкі квадранттар және төменгі квадрантқа өтіп пальпация жүргізу.

8.

Қолтық асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізді.

Оң қолды науқастың оң иығына қойып, сол қолмен регионарлы қолтық асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізу (екінші жақтан да лимфа түйіндерін солай пальпациялау).

9.

Бұғана үсті- және бұғана асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізді.

Регионарлы бұғана үсті- және бұғана асты лимфа түйіндерін пальпациялау (бірінші, кейін екінші жағынан).

10.

Қорытынды жасады.

Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау.

№ 6 ОҚКЕ станциясы