- •Орындау алгоритмі Ересек науқаста жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
- •Орындау алгоритмі Нәрестеде жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
- •Орындау алгоритмі Арнайы гинекологиялық зерттеу
- •Орындау алгоритмі Бала қуығын катетеризациялау
- •Орындау алгоритмі Сүт безін қарау және пальпация жүргізу
- •Орындау алгоритмі Жедел коронарлық синдром (жкс) кезінде стационарға дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек көрсету
- •Орындау алгоритмі Тобықтың ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынығы кезінде аяқ иммобилизациясын жүргізу
- •Орындау алгоритмі Коникотомия
- •Орындау алгоритмі Рентген суретті талдау
Орындау алгоритмі Рентген суретті талдау
№ |
Қадамдар |
Орындау критерийлері |
1. |
Рентгенограмманы дұрыс орнатып, зерттеу түрін анықтады. |
Әріптік белгілеулеріне сәйкес рентгенограмманы дұрыс орнату, және зерттеу түрін анықтады - №1,3,4,5,6,7,8,9,11,12 – кеуде торы мүшелерінің тура проекциядағы шолу рентгенограммасы. №2 – кеуде торы мүшелерінің рентгенограммасы. |
2. |
Сурет сапасын анықтады (науқасты орналастыру, контрасттылық, қаттылығы). |
№1,3,4,5,6,7,8,9,11,12 – сурет сапалы – орнатылуы дұрыс (бұғаналары бір деңгейде, жауырындары жазылған), қатқылдылығы қалыпты (3 омыртқа аралық саңылаулар көрінеді), контрастты. |
3. |
Патологиялық көлеңке сипатын (ошақ, фокус, аймақ) және оның пішінін анықтады. |
№1 – домалақ көлеңке №2 – көлеңке аймағы дұрыс емес пішінді №3 – мономорфты домалақ ошақтар №4 – көлеңке аймағы домалақ пішінді №5,6,7,8,9 –өкпе түбірлерінен желпуіш тәрізді таралатын сызықты көлеңкелер №11 – полиморфты ошақтар №12 – полиморфты ошақтар |
4. |
Локализацясын анықтады (өкпе алаңдары, аймақтары). |
№1 – оң жақта ортаңғы өкпе алаңында, түбір маңы аймағында №2 – ортаңғы өкпе алаңында, түбір аймағында №3 – барлық өкпе алаңдары мен аймақтары бойынша №4 – оң жақты төменгі өкпе алаңында, түбір маңы және түбір аймақтарыңда №5,6,7 – латералды аймақтан басқа барлық өкпе алаңдары мен аймақтары бойынша №8 – барлық өкпе алаңдары және түбір аймағында №9 – барлық өкпе алаңдары мен аймақтары бойынша №11 – екі жақта жоғарғы және ортаңғы өкпе алаңдарында, барлық алаңдар бойынша №12 – екі жақта жоғарғы және ортаңғы өкпе алаңдарында, барлық алаңдар бойынша |
5. |
Көлеңке санын және мөлшерін сипаттап берді. |
№1 – дара көлеңке, өлшемі 1х1,5 см №2 – дара көлеңке, өлшемі 3х4 см №3 – көптік көлеңкелер, өлшемі 1-2 мм №4 – дара көлеңке, өлшемі 3х2,5 см №5,6,7,8,9 – көптік көлеңкелер, сызықты сипатты №11 – көптік көлеңкелер, өлшемі 1-10 мм №12 – көптік көлеңкелер, өлшемі 1-10 мм |
6. |
Көлеңке интенсивтілігін және гомогенділігін сипаттап берді. |
№1 – төмен интенсивтілікті гомогенді №2 – орташа интенсивтілікті, тығыз қосылыстардың болуынан гомогенді емес №3 – төмен интенсивтілікті гомогенді №4 – орташа интенсивтілікті, гомогенді №5,6,7,8,9 – орташа интенсивтілікті, гомогенді №11 – төмен және орташа интенсивтілікті, гомогенді емес №12 – орташа және жоғары интенсивтілікті, гомогенді емес |
7. |
Көлеңке шекараларын және контурларын сипаттап берді. |
№1 – шеттері тегіс, контурлары анық емес №2 – шеттері тегіс, контурлары анық емес №3 – шеттері тегіс, контурлары анық емес №4 – шеттері тегіс, контурлары анық емес №5,6,7,8,9 – шеттері тегіс, контурлары анық №11 – шеттері тегіс емес, контурлары анық емес №12 – шеттері тегіс емес, контурлары анық
|
8. |
Кеуде торы және өкпе түбірлерін сипаттап берді. |
№1 – оң жақ түбірі кеңейген, құрылымды емес, сол жақ түбірі өзгермеген, кеуде торы өзгермеген №2 – түбірі құрылымды емес, деформацияланған, кеңейген №3 – түбірлері құрылымды емес, кеуде торы өзгермеген №4 – түбірлері құрылымды, кеуде торы өзгермеген №5,6,7 – түбірлері құрылымды, кеуде торы өзгермеген №8 – түбірлері құрылымды, оң жақ және сол жақ гемиторакстары кеңейген, қабырғалардың горизонталды №9 – түбірлері кеңейген, кеуде торы өзгермеген №11 – түбірлері құрылымды емес, кеңейген, кеуде торы өзгермеген №12 – түбірлері құрылымды емес, тартылған, қабырға аралықтары жоғарғы бөлімдерінде тарылған, ал төменгі бөлімдерінде кеңейген |
9. |
Көкірек аралық мүшелерінің өзгерістерін сипаттап берді. |
№1,2,3,4,5,6,7,11,12 – көкірек аралық өзгеріссіз №8 – көкірек аралық азайған №9 – көкірек аралық кеңейген, жүрек қынамасы тегістелген, митралды жүрек конфигурациясы |
10. |
Рентгенологиялық синдромды атады. |
№1 – өкпе тінінің инфильтрациясы синдромы және өкпе түбірінің патологиясы синдромы №2 – өкпе түбірінің патологиясы синдромы №3,11,12 –диссеминация синдромы №4 –инфильтративті өкпе тінінің синдромы №5,6,7 – қалыпты рентгенологиялық сурет №8 – өкпе тінінің жоғары желдетілу синдромы №9 – көкірек аралық патологиясы синдромы және өкпе суретінің күшею синдромы |
