Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритмы ОСКЭ для студентов каз яз оконч.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

Орындау алгоритмі Тобықтың ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынығы кезінде аяқ иммобилизациясын жүргізу

№

Қадамдар

Орындау критерийлері

1.

Қажетті құралдарды дайындады.

Транспорттық (стандартты) шина дайындау, мақта-дәкелік аралық қабат салу, қайшы, өңделген материалға арналған пластикалық пакет, бинттер (орташа, кең).

2.

Зарарсыздандырылған медициналық қолғап киді.

Зарарсыздандырылған медициналық қолғапты кию.

3.

Сынық түрін және шинаны салу орнын анықтады.

Сынық түрін және локализациясын анықтау (ашық, жабық).

4.

Зақымдалған аяқ өлшеміне сәйкес шинаны өлшеп алды.

Жарақаттанған аяқтын қалпын бұзбау үшін, шинаны сау аяққа тиесілі дайындау. Шина тобық және тізе буындарына тиісті жасалынады.

5.

Зақымдалған аяқты дұрыс қалыпта орналастырды.

Жарақаттанған аяқты орта физиологиялық қалыпта орналастырып, егер ондай мүмкіндік болмаса- аяқтың ең аз жарақаттану қауіпі бар қалыпқа келтіру. Ол үшін аяқты тізе және жамбас буындарында шамалы бүгіп, табан тобыққа келтірілетін қатынаста 90 градуста орналасуы тиіс.

6.

Шина жасады.

Артқы шинаны аяқтың артқы беткейінің бойымен,санның ортаңғы үштен бір бөлігінен бастап, өкше тұсында қайырып, табан ұзындығына сәйкес құрастыру.

7.

Мақта-дәкелік валиктерді орналастырды.

Шинаның жоғарғы қырының астына мақта-дәкелік валик орналастыру.

8.

Сүйек шодыры астына мақта салды.

Сүйек шоғырлары астына (өкше сүйегі) қысылу және некроздың дамуын болдырмау үшін мақтадан аралық қабатты салу.

9.

Шинаны бекітті.

Шинаны перифериядан бастап бекіту, бинттің оралатын қабаты алдыңғы қабаттың үштен бір бөлігін немесе жартысын жауып тұруы тиіс, аяқ саусақтары ашық қалуы керек.

10.

Науқастың келесі бағытын анықтады.

Стационарға жеткізу.

№ 8 ОҚКЕ станциясы

Орындау алгоритмі Коникотомия

№

Қадамдар

Орындау критерийлері

1.

Қажетті құралдарды дайындап, зарарсыздандырылған қолғап киді.

Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау: медициналық қолғап, 70%-ды спирттік ерітінді, 0,25%-ды 5 мл новокаин ерітіндісі, шприц, Труссо кеңейткіші, трахеостомиялық канюля, скальпель, қайшы, пинцет, бинттер (орташа), медициналық мақта, қолданылған материалға арналған пакет. Зарарсыздандырылған қолғап кию.

2.

Науқасты манипуляцияны жүргізуге дайындау.

Науқасты горизонталды қалыпқа келтіру. Жауырын астына валикті орналастыру. Басты максималды артқа қарай шалқайту.

3.

Мойынның алдыңғы беткейін өңдеді.

Мойынның алдыңғы беткейін 70%-ды спирттік ерітіндіге батырылған зарарсыздандырылған тампонмен пинцет көмегімен өңдеу. Мойынның алдыңғы беткей терісінің 0,25% новокаин ерітіндісімен, жүргізілетін тілім бойынша (қалқанша шеміршегі және сақина тәрізді шеміршектің арасында) инфильтративті анестезиясын жүргізу.

4.

Конус тәрізді байламды пальпациялады.

Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектерінің арасында конус тәрізді байламды (мембрананы) пальпациялау – ол үшін қалқанша шеміршегін (ер кісілерде ) сипап тауып ортаңғы сызық бойымен төмен қарай түсу. Келесі шығыңқы томпаю – сақина пішіні тәріздес сақина тәрізді шеміршек болып табылады.

5.

Тері және тері асты май қабатының тілігін жүргізді.

Кеңірдектің артқы қабырғасының перфорациясын болдырмау үшін бір қолмен скальпель ұшынан 2 см жоғары жерден ұстау. Мойынның ортаңғы сызығы бойымен тері және тері асты жасұнығының тігінен тілімін (1 см) жасау.

6.

Конус тәрізді байламды тілді.

Конус тәрізді байламмен жабылған қалқанша және сақина тәрізді шеміршектерінің арасындағы қуысты пальпациялап, оны скальпель ұшымен тілу.

7.

Жара (тілім) шеттерін кеңейтті.

Жара (тілім) шеттерін Труссо кеңейткішімен кеңейту.

8.

Трахеостомиялық канюляны енгізіп, оның қалпын бағалады.

Трахеостомиялық канюля енгізу. Канюля қалпын бағалау. Канюляның тұрақты қалпы іс-шараны дұрыс жүргізгендігін көрсетеді.

9.

Өкпе вентиляциясын дұрыс өткізуін бағалады.

Өкпенің дұрыс желдетілуін тыныс қозғалыстары кезінде канюля арқылы ауаның ысқырықты кіруі және шығуы бойынша бағалау.

10.

Канюляны бекітіп, асептикалық таңғыш салды.

Трахеостомиялық канюля қалқан саңылауы арқылы өткізілген екі дәке таңғышты мойынды айналдыра жүргізе отырып канюляны бекіту. Олар мойынның бүйірлік беткейінде өзара байланады. Асептикалық таңғыш салу.

№ 9 ОҚКЕ станциясы