Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587 Кб
Скачать
☆

Жеке тану пакетін салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Өтпелі жарақаттар, жаралар, күйіктер, үсіктер.

Құжаттар:

  • жеке тану пакеті;

  • қайшылар;

  • резеңкелі қолғаптар;

  • дез. ерітінді бар ыдыс.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Резеңкелі қолғап кию.

  2. Пациентті жатқызу немесе отырғызу, жарақат жерін тексеру.

  3. Жара аймағын антисептикпен өңдеу.

  4. Жеке тану пакеттің резеңкелі қабатын жырту.

  5. Пакетті қағаз қабатымен алу.

  6. Конверт ретінде жабылған қағаз қабатты ашу.

  7. Оң жақ қолмен бинттің бас жағын ұстау, сол жақ қолмен жеке тану пакеттің жастықшаларын ашу (бинтке бекітілген жағына қолмен ұстауға болады).

  8. Жастықшаларды залалсыздандырылған жағымен жара бетіне бір-біріне орналастыру.

  9. Жеке тану пакеттің жастықшаларын бинтпен бекіту.

  10. Бинтті түйреуішпен немесе байламдармен бекіту.

Есте қалдыру: Өтпелі жарақаттарда бір жастықшаны залалсыздандырылған жағымен кірген тесікке, екіншісін бинт бойы жылжытып отырып, шыққан тесікті жабады.

«Чепец» тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Бастың маңдай, шүйде бөлігі жарақаттанған кезде.

Құжаттар:

  • бинт, ені 10 см.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.

  2. Бинттен ұзындығы 80 см байлам кесіп алу.

  3. Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру, бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату.

  4. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға.

  5. Маңдай, шүйде сүйектен бекітетін тур өткізу.

  6. Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару, сол жақ байламға дейін.

  7. Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.

  8. Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу.

  9. Байламды екі бекітетін турлармен бітіру, байламның бір жақ шетінде бинтті байлау.

  10. Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау.

«Жүген» тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Беттің, иектің, бастың маңдай бөлігінің жарақаты.

Құжаттар:

  • бинт, ені 10 см.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.

  2. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға.

  3. Бастың маңдай, шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу.

  4. Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру, әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту.

  5. Бинтті шүйде сүйекке түсіріп, әрі қарай иекке, бет жаққа бастың маңдай бөлігіне өткізу, әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін тур мен бітіру.

  6. Бинттің турларын қайталап отырып, иекке бет жаққа қарай апару.

  7. Бас жақта бекітетін турлармен байламды бітіру.

  8. Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бітіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]