Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587 Кб
Скачать
☆

Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Мұрынның кілегей қабатының жарақатында қансырауды тоқтату үшін, мұрын қуысының қабыну ауруларында, геморрагиялық диатезде, жүрек ақауларында, гипертоникалық ауруларда (криздер).

Құжаттар:

  • резеңкелі қолғаптар;

  • лоток, мұз, дәке, клеенка;

  • 3% су тегі асқын тотығы флаконы, 3% хлорамин ерітінді;

  • дез. ерітінді бар ыдыс.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Резеңкелі қолғап кию.

  2. Пациентті отырғызып, бас жағын алға еңкейту.

  3. Пациентке лоток беру қанды жинау үшін.

  4. Пациентті тыныштандыру, ескерту, ауызға жиналған қанды лотокқа түкіріп отыру – бұл қансыраудың көлемін анықтау үшін қажет.

  5. Дәкеге мұзды орап мұрынға, кеңсірекке қою.

  6. Мұрын қанаттарын мұрынға 3-5 минутқа 2 саусақпен қысу, егерде қан тоқтамаса.

  7. Марлілі турундаларды 3% су тегі асқын тотығы ертіндісіне матырып, мұрын ішіне еңгізу.

  8. Тоқтамайтын қансырауда, марлілі турундаларды 3% су тегі асқын тотығы ертіндісіне матырып, пинцетпен мұрын ішіне тереңдікке 24-48 сағатқа дейін еңгізу.

  9. Мұрынға пращ тәрізді байлам салу.

  10. Қанды лотокты дез. ертіндіге 1 сағатқа салып қою.

  11. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу.

  12. Зембілге салып, пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау.

Есте сақтау керек:

Қансырауды біржолата тоқтату үшін, мұрынның алдыңғы тампонадасы, емдік ауруханада артқы тампонадамен өткізіледі.

Тістің экстракциясындағы қансырауда мейіркештің

іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Тіс экстракциясынан қанды тоқтату.

Құжаттар:

  • резеңкелі қолғаптар;

  • залалсыздандырылған лоток, пинцет;

  • бикс тану материалдармен;

  • 3% су тегі асқын тотығы флаконы;

  • фурациллин ертіндісі 1:1000;

  • калий перманганаты;

  • дез. ерітінді бар ыдыс.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Резеңкелі қолғап кию.

  2. Пациентті отырғызып тыныштандыру.

  3. Тану материалы бар лоток дайындау, пинцет, ағынды суға лоток дайындау.

  4. Пациенттің қолына лоток беру.

  5. Ауыз қуысын 3% су тегі асқын тотығы ертіндісімен шаю, содан кейін фурациллин ертіндісімен.

  6. Пациентке аузын аш деп айту, қолына лоток беру.

  7. Мақтадан тығыз тампон дайындау.

  8. Тістің орнына перманганат калийдің кристалигін салып, тығыз тампонмен басу.

  9. Пациентке жақ сүйектерін қатты қысып, 20 минут бойы ұстап тұру.

  10. Қан тоқтаған соң тістің қуысынан тампонды алып тастау.

  11. Қолданған тану материалды 3% хлорамин ертіндісіне 1 сағатқа салып қою.

  12. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу.

Құлақтан қан кеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Құлақтың жарақатында қансырауды тоқтату үшін.

Құжаттар:

  • резеңкелі қолғаптар;

  • бикс тану материалымен;

  • 3% су тегі асқын тотығы флаконы;

  • дез. ерітінді бар ыдыс.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Резеңкелі қолғап кию.

  2. Пациентті отырғызып тыныштандыру.

  3. Тану материалы бар лоток дайындау, 3% су тегі асқын тотығы флаконы.

  4. Турундаларды 3% су тегі асқын тотығы ертіндісіне матырып, құлақ қуысына тығыздап еңгізу.

  5. Пациенттің құлағына асептикалық байлам салу.

  6. Пациентті жатқызып ауруханаға тасымалдау.

  7. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ертінді ыдысқа салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]