Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587 Кб
Скачать
☆

Қабырға сынған кездегі транспорттық иммобилизация кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсеткіші: Қабырға сынығы.

Құжаттар:

  • лейкопластырь жуан, қайшы.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Науқасты тексеру.

  2. Қабырға сынығының бар жоғын тексеру.

  3. Науқасты тыныштандыру.

  4. Науқасқа жартылай отыру қалпын туғыз.

  5. Орындалатын манипуляцияны түсіндірініз.

  6. Сынған жерге лейкопластырьдан череп тәрізді байлам салыныз.

  • Лейкопластырьдан ұзын полоска қиып алыныз;

  • Ұзын полосканы төс сүйегінен омыртқа жотасына дейін салыныз.

  • Әрі қарай, келесі лейкопластырьларды алдындағығының жартысына орналастырыныз.

  1. Науқасты ауруханаға тасымалданыз.

Жабық бас-ми жарақаты кезіндегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Шайқалу, жаншылу, мидың қысылуы.

Құжаттар:

  • зембіл, лоток, орамал.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Науқасты тексеріп, тыныштандырыныз.

  2. орындалатын монипуляцияны түсіндірініз.

  3. Науқасты носилкаға арқамен жатқызыныз.

  4. Иммобилизациялық воротникті кигізу.

  5. Суық суға малынған салфетканы жарақат маңайына салыныз.

  6. Науқасты ауруханаға тасымалданыз.

Ескертулер: Егер науқас ессіз болса, мүсәтір спиртін иіскетініз. Науқастың есін жию керек.

Жамбас сүйегі сынған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Жамбас сүйегінің сынығы, жамбас қуысы ағзаларының жарақаты.

Құжаттар:

  • қатты зембіл, 25-30см валик, орамал.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Науқасты тексеру;

  2. Сынықтын бар екеніне көз жеткізу;

  3. Науқасты тыныштандыру.

  4. Орындалатын манипуляцияны түсіндіру.

  5. Омыртқа жотасын қозғалтпай, орнынан ауыстыру.

  6. Науқасты абайлап, арқамен зембілге, немесе щитқа жатқызыныз.

  7. Тізе буынында аяқты бүгіп, аяқты екі жаққа созу.

  8. Бүгілген тізе астына валик салу.

  9. Тізені валикпен бекітіп, орамал бөлігімен немесе матамен бекіту.

Омыртқаның төс және бел бөлігінің сынығы кезінде транспорттық иммобилизация кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Омыртқа сүйектерінің жарақаттануы.

Құжаттар:

  • қатты зембіл немесе вакуумды, 20-25 см бинт.

Ескертулер: Омыртқаның бел немесе төс бөлігінің сынығы кезінде вакумды зембілдер қолданылады.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Науқасты тексеру.

  2. Сынықтын бар екеніне көз жеткізу.

  3. Науқасты тыныштандыру.

  4. Орындалатын манипуляцияны түсіндіру.

  5. Науқасты абайлап, зембілге ауыстыру.

  6. Зембіл чехолдарын байлау.

  7. Арнайы ауа шығаратын пышақ арқылы ауаны шығару.

  8. Зембілді екі адам арнайы қолдар арқылы ұстап шығарады.

Ескертулер: Егер вакуумды зембіл болмаса, науқасты арнайы қатты зембілде немесе қалқанға салып тасымалдайды. Омыртқа жотасын қозғалтпай, орнынан ауыстыру.

Науқасты орнынан ауыстырған кезде төртеулеп орындау керек.

Науқас денесін жуан бинтпен кеуде маңайында, жамбас, тізе аймағында

бекіту керек.

Ескертулер. Егер науқас ессіз болса, ішпен тасымалдау керек. Егер омыртқаның мойын бөлігі сынса, науқасты арқамен, мойын астына валик салып, тасымалдау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]