- •Қарағанды Медицина колледжі Хирургиядағы мейірбикелік шараларды орындаудағы стандарттар жинағы Тарау.
- •IV. Жансыздандыру.
- •V. Транспорттық иммобилизация.
- •Vіі. Жарақаттар.
- •Мейіркештің қолын өңдеу үшін өткізу шараларының
- •1. Кәдімгі (әлеуметтік) қолды өңдеу.
- •Мейіркештің қолын гигиеналық өңдеу өткізген кезде
- •Мейіркештің қолын первомур ертіндісімен өңдеу кезіндегі
- •Мейіркештің қолын хирургиялық жолмен өңдеудегі
- •Мейіркештің қолын 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ертіндісімен өңдеген кезде іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Өз бетімен халат киген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мейіркештің залалсыздандырылған үстелін жұмысқа дайындаудың іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Айналмалы ширақты салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Айналмалы ширақты салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Ұйқы артериясынан қан кеткенде мойынға ширақ салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қансырап тұрған тамырға қанды тоқтататын қысқыш салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қысып тұратын байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Артериялық қансырауда барынша бүгу әдісті қолданып уақытша қанды тоқтату үшін мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Тістің экстракциясындағы қансырауда мейіркештің
- •Құлақтан қан кеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Өкпеден қан кеткенде (қанды қақырық) мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Асқазаннан, өңештен қан кеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жұмсақ байламдар. Клеолды байламдар салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жеке тану пакетін салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •«Чепец» тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •«Жүген» тәрізді байламды салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Бір жақ көзге (монокулярлық) байлам салудың мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Екі көзге (бинокулярлық) байлам салғанда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Бір жақ құлаққа байлам салғанда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Шүйде сүйекке «Крест» тәрізді байлам салу. Мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Иыққа «Масақ» тәрізді байлам салғанда мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Шынтақ буынға «Тасбақаның» (кездесетін) байламын салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Білекке байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қолдың бір саусағына байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Бір саусаққа «Қайталанатын» байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Бірінші саусаққа «Масақ» тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Түгел саусақтарға «Рыцарь» қолғап байламын салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Омырауға байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •«Дезо» байламын салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Ішке байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Балтыр буынға «Сегіз» тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Алақанға «Косынкалы» байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Білекке косынкалы байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Иыққа «Косынкалы» байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Бастың маңдай бөлігінің жарақатында «Косынкалы» байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Омырауға «Косынкалы» байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мұрынға «Пращ» тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Иекке «Пращ» тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Бастың төбе сүйектеріне «Пращ» тәрізді байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •«Т» тәрізді байламды шат аралыққа салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Окклюзионды (герметикалық) байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Механикалық жарақаттарда шұғыл көмек көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Иық сынығы кезінде Крамер құрсауын салу кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Дитерихс құрсауын салған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Крамер құрсауын балтырға салудың мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Гипс байламдарын салу кезіндегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Гипс бинттерін жасаудағы мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Гипсті лонгетаны дайындаудағы мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Гипс лонгетасын дайындау.
- •Гипстік лонгеталарды салудағы мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Гипс байламын салудағы мейіркештің іс- әрекеттің алгоритмдері.
- •Гипстік байламдарды шешудегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Иықтың жоғарғы бөліктерін, балтырдың төменгі бөліктерін пневматикалық пластмассалы құрсаулармен иммобилизация жасау.
- •Медициналық пневмотикалық құрсауларды салудағы мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Қабырға сынған кездегі транспорттық иммобилизация кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі
- •Жабық бас-ми жарақаты кезіндегі мейіркештің іс- әрекетінің алгоритмі.
- •Жамбас сүйегі сынған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Омыртқаның төс және бел бөлігінің сынығы кезінде транспорттық иммобилизация кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жансыздандыру кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Пациентті жергілікті анестезияға дайындау.
- •Беткей анестезияны өткізу.
- •Инфильтрациялық қабатты Вишневский арқылы анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Футлярлық анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жота – ми, эпидуральдық немесе перидуральдық анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Новокаин блокадалар жүргізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қабырға аралық блокадағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Паранефральдық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Шәует байламының блокадасындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жатырдың домалақ байлам блокадасындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Оберст – Лукашевич блокадасын өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жергілікті жансыздандыру өткізген кезде пациент күтімінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жалпы жансыздандыруға пациентті дайындаған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Наркотизатор үстелін дайындаған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •1. Залалсыздандырылған үстел №1:
- •2.Залалсыздандырылған үстел №2:
- •Жансыздандыру.
- •Электрожарақат кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Үсік кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жабық бас – ми жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Төбе сүйектерінің сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мидың негізі сынған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жақ және иек сүйектері сынған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Кеңірдек жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Өңеш жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Мойын тамыр жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Кеңірдекке, көмекейге бөгде зат кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Өңеш күйігіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Кеуде жарақатында шұғыл көмек көрсеткендегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қабырға сынықтарындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жабық пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Ашық пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Клапанды пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Іштің өтпелі емес жарақаты шұғыл көмектегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Іштің өтпелі жарақаты, ішкі ағзалардың ақтарылуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Өткір іштегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Тік ішектің аурулары және жарақаты шұғыл көмек кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Тік ішектің өтпелі жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Тік ішек шығып кеткен кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Кеуде, бел аймағындағы омыртқа сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жамбас сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жансыздандыру.
- •Қанқа тартудағы жатқан пациенттің төсек – киімін айырбастау кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Қанқа тартудағы теріге күтім көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Анестезистканың жұмыс кезіндегі іс-әрекеті.
- •Наркоз кезінде жарылыстардың алдын алу шаралары.
- •Жалпы жансыздандырудан кейінгі пациент күтімінің мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Буын шығып кеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Сүйектердің ашық сынығындағы мейіркештің
- •Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Аяқ қолдың травмалық үзілуіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Жаралану кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Термиялық күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
- •Химиялық күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Залалсыздандырылмаған үстел:
1 рет қолданатын система – 2
1 рет қолданатын шприц инемен – 5
Тыныс жолдардан сілекейді сорып алатын катетер – 2
Термометр – 1
Фонендоскоп – 1
Лейкопластырь – 1
Медикаментоздық заттар (анестетиктер, миорелаксанттар, жүрек, дем аналептиктер, сұйық наркотикалық заттар, атропин, прозерин, спазмолитиктер).
Анестезистканың жұмыс кезіндегі іс-әрекеті.
Пациентке дәрі препараттарды, сұйықтықтарды енгізу.
Интубация кезінде дәрігерге көмектесу.
Тамыр соғуын, қан қысымын қадағалау.
Көзінің қарашығын, теріні қадағалау.
Приборлардың көрсеткішін қадағалау.
Қан жоғалтудың мөлшерін жүргізу.
Наркоз басында пациенттің асқазанына зонд еңгізу.
Тыныс жолдардан электроотсос арқылы сілекейді сорып алу.
Наркоз картасын толтыру.
Жарылыстың алдын алу үшін ережелердің сақтауын қадағалау.
Пациент операциядан толық оянғанша қадағалау.
Реанимация бөліміне пациентті тасымалдау.
Газдардың берілуін өшіру.
Аппаратураның зарарсыздандыруы.
Наркоз кезінде жарылыстардың алдын алу шаралары.
Эфирлы немесе циклопропан наркоз қолданғанда, диатермокоагулянттармен қолданбау.
Операция бөлімінде синтетикалы киім, аяқ киім қолданбау.
Аппараттардың бөлшектері антистатикалық материалдан болу керек.
Ашық спиральды жылтқыштармен қолданбау.
Жалаңаш сымдар, сынған розеткалармен қолданбау.
Пациент бетінде, анестезистканың қолында, аппараттардың бөлшектерінде май, крем, ерін бояғыштар болмау керек.
Газ бар баллондардың түсін нақты білу керек:
оттегін – көк түсті, жазулары қара;
азоттың қос тотығы – сұр, жазулары ақ;
циклопропан – қызыл түсті, жазулары қара;
көмір тегі – қара түсті, жазулары ақ;
Операция бөлімінде өрт сөндіргіш болу керек.
Жалпы жансыздандырудан кейінгі пациент күтімінің мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Пациентті таза, жастықсыз төсекке жатқызу.
Тамыр соғуын, демін, қан қысымын, дене қызуын өлшеу.
Диурезді қадағалау.
Дренаж бойынша шыққан сұйықтықтың мөлшерін, түсін қадағалау.
Пациенттің динамикалық қадағалау қағазын жүргізу.
Операциядан кейінгі жараны қадағалау.
Наркоздан оянған соң, операцияға байланысты пациентке ыңғайлы жағдай беру.
Буын шығып кеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Буын шығып кету – буын қалтасының орнынан жылжып кетуі, капсуланың және байлам аппаратының жыртылуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру (50% анальгин - 5 мл бұлшық етке).
Аяқ қолға косынкалы байламмен немесе құрсаумен иммобилизация өткізу.
Жарақаттанған буынға мұзды мұйық қою.
Пациентті зембілге салып ыңғайлы жағдай беру.
Жарақат бөліміне тасымалдау.
Сүйектердің ашық сынығындағы мейіркештің
іс-әрекетінің алгоритмі.
Сүйектердің ашық сынығы – бұл сүйектердің толықтығының бұзылуы, тері және жұмсақ тіндердің жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Аяқ қолды киімнен босату.
Сынықтан жоғары ширақ арқылы немесе айналмалы ширақ арқылы қанды тоқтату.
Жансыздандыру (50% анальгин – 5 мл бұлшық етке, немесе футлярды анестезия 0,25% новокаин – 100-200 мл).
Жара аймағын антисептикпен өңдеу (1% йодонат, 70% этил спирті, фурацилин ертіндісі).
Жараға асептикалық байлам салу.
Аяқты құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек.
Сынған жерге мұзды мұйық.
Пациентті зембілге арқасымен жатқызу.
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
Жарақат бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Ұзақ уақыт қысылу синдромы – бұл патологиялық жағдай, жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу себебінен пайда болатын, жарақат шогына, токсемияға, плазма жоғалтуға әкелетін. Бұл синдром кездеседі жер сілкіністе, жарылыстарда, жол-көлік, теміржол апаттарда.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Қысылған жерден жоғары, аяқ қолды босатқанша ширақ салу.
Қысылған заттан аяқты босатқан соң, шетінен бастап ортасына дейін тығыз байлам салу, сосын ширақты босату.
Жансыздандыру (2% промедол – 2 мл бұлшықетке).
Аяқ қолды құрсаулармен бекіту.
Көктамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон).
Аяққа мұзды мұйық қою.
Зембілге арқасымен жатқызу.
Қан қысымын тамыр соғуын қадағалау.
Реанимация бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алу шаралары.
Аяқ қолдың травмалық үзілуіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Бұнда өткір қансырау, травмалық шок пайда болады.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Аяқ қолды киімнен босату.
Үзілген жерден жоғары ширақты салып, қанды тоқтату.
Жансыздандыру 2% промедол – 2 мл бұлшықетке.
Жараға асептикалық байлам салу.
Аяқ қолды құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек.
Байлам үстіне мұзды мұйық қою.
Көктамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон).
Зембілге арқасымен жатқызу.
Үзілген аяқ қолды үлкен целлофан пакетке салып, мұзды мұйық орналастыру керек.
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Жаралану кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Жара – бұл ашық механикалық жарақат терінің және терең жатқан тіндердің толықтығының бұзылуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жара аймағын киімнен босату.
Қансыраудың түріне байланысты қанды тоқтату.
Жансыздандыру (анальгин таблеткасы немесе бұлшық етке 50% - 2 мл анальгин).
Тері аймағын антисептикпен өңдеу (3% сутегі асқын тотығы, 1% йодонат, фурацилин).
Жараға асептикалық байлам.
Аяқ қолды құрсаумен немесе косынкалы байламмен бекіту.
Жара аймағына мұзды мұйық.
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
Жарақат бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Күйік – бұл тіндердің жарақаты жоғары температураның, химиялық заттардың, сәуле энергиясынан, электро тоқтың жергілікті әсерінен пайда болған жағдайдың ауырлығы күйіктің аймағына және тереңдігіне байланысты.
Термиялық күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Термиялық күйіктер будың, қайнаған сұйық заттардың, оттың, ысыған заттардың әсерінен пайда болады.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жарақаттайтын фактордың әсерін жою.
Зардап шеккен адамды таза ауаға шығару.
Күйген жерді киімнен босату (егерде киім шешілмесе жара маңайында қайшымен қию)
Жансыздандыру (анальгин таблеткасы немесе бұлшық етке 50% - 2 мл анальгин, 2% промедол – 2 мл бұлшықетке).
Жараны суық антисептикпен жуу.
Жараға асептикалық байлам салу (фурацилин ертіндісі, анестезин суспензиясы немесе пантенол аэрозольмен өңдеу).
Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу.
Күйген жерге мұзды мұйық қою.
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу.
Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Химиялық күйіктегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Химиялық күйіктер – бұл теріге, кілегей қабатқа қышқылдар (азот, күкірт, тұз, сірке) және сілтілер (калий, натрий, қортылмаған әк), фосфор, ауыр металдың тұздары (азот қышқыл күмісі, цинк хлориді) түскен кезде.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жарақаттайтын фактордың әсерін жою.
Күйген жерді киімнен босату.
Күйген жерді суық сумен 20 минут бойы шаю (күйікті күкірт қышқылы қортылмаған әк, фосфор) тамған кезде шаюға болмайды, бұндай жағдайда – фосфорды пинцетпен алып тастау, күкірт қышқылы қортылмаған әкті салфеткамен алып тастау, антисептикке матырылған.
Жансыздандыру.
Жараға асептикалық байлам салу.
Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу.
Күйген жерге мұзды мұйық қою.
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу.
Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу.
Күйген жерге мұзды мұйық қою.
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу.
Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Электрожарақат кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Электрожарақат – бұл электротоқпен немесе атмосфералық тоқпен жарақаттану. Жарақат болуы мүмкін жергілікті (терінің күйігі) немесе жалпы (есінен тану, коллапс, шок, әлсіздік, демнің жүректің тоқтауы)
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Электротоқтың әсерін жою, қауіпсіздік техникасын сақтап отырып.
Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу.
Зардап шеккен адамды тексеру.
Күйген жерге асептикалық байлам салу.
Жансыздандыру (50% анальгин – 2-5 мл бұлшық етке).
Бұлшық етке 2 мл кордиамин, 5% эфедрин 1 мл тері астына.
Демі, жүрегі тоқтаған кезде жасанды дем, жабық массаж.
Реанимация бөліміне зембілге салып тасымалдау.
Үсік кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Үсік – төменгі температураның әсерінен тіндердің жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
І әдіс.
Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау.
Кепкен жылы изоляциялық байлам салу (мақталы – марлілі тампон бет жағынан целлофан, немесе клеёнка оның сыртынан жұмсақ дәке немесе түбіт орамал).
3. Үсіген аяқ қолға иммобилизация өткізу.
4. Тез арада емдік ауруханаға жеткізу.
ІІ әдіс.
Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау.
Дененің үсіген бөлігін бөлме температурадағы +180С суға орналастыру, оның температурасын біртіндеп +380С көтеру. Кепкен дәкемен сүрту.
Үсіген жерге асептикалық байлам салу.
Аяқ қолды құрсаулармен немесе косынкалы байламмен бекіту.
Зардап шеккен адамға ыстық шәй, кофе беру.
Бұлшық етке 1% дибазол 1 мл, 1% никотин қышқылы 1 мл.
Жарақат бөліміне тасымалдау.
Бас – ми жарақатындағы шұғыл көмекте
Мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Бас – ми жарақаттарына жатады:
жабық бас – ми жарақаттары (шайқалу, соғылу және ми затының қысылуы);
төбе сүйектерінің сынығы;
мидың негізінің сынығы;
жақ және иек сүйектерінің сынығы;
иек сүйектерінің шығып кетуі.
Жабық бас – ми жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге салу, бас жағын 100-қа көтеру.
Бұлшық етке 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл.
Көктамырға 40% глюкоза 20 мл немесе 25% магний сульфаты 10 мл бұлшық етке (қан қысымы төмен болғанда магний сульфатын қолдануға болмайды).
Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою.
Ессіз жатқан кезде – тілі артқа кетпеу және құсықпен тұншықпаудың алдын алу үшін (басын бір жаққа бұру, ауыз қуысын тазалау, тілін салфеткамен ұстап сыртқа шығару).
Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.
Нейрохирургия бөліміне тасымалдау.
Төбе сүйектерінің сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге салу, бас жағы көтеріңкі.
Бұлшық етке 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл.
Көктамырға 40% глюкоза 20 мл.
Қансырауда және жарада – самай артерияны басып немесе самай артерияға қысып тұратын байлам салып қанды тоқтату.
Жараға асептикалық байлам салу.
Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою.
Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.
Нейрохирургия бөліміне тасымалдау.
Жара бар кезде сіреспені алдын алу шаралар жүргізу.
Мидың негізі сынған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге салу, бас жағы көтеріңкі.
Бұлшық етке 50% анальгин 5 мл.
Бұлшық етке 2 мл кордиамин, 5% эфедрин 1 мл тері астына.
Көктамырға 40% глюкоза 40 мл.
Жара жағдайда – антисептикпен өңдеу, асептикалық байлам салу.
Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою.
Басын валикпен бекіту.
Шок диагностикасын анықтау үшін қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.
Абайлап нейрохирургия бөліміне тасымалдау.
Есте қалдыру. Қансырауды және ликвореяны тоқтатпаймыз!
Жақ және иек сүйектері сынған кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге салу, басын бір жағына бұрып.
Ауыз қуысын тексеріп салфеткамен тазалау.
Мұрыннан, тіс лункасынан қан аққан кезде тампонада арқылы қанды тоқтату.
Жансыздандыру. (Бұлшық етке 50% анальгин 5 мл)
Жараға асептикалық байлам салу.
Жаққа иммобилизация өткізу – пращ тәрізді байламмен немесе жүген тәрізді немесе арнайы қатты «пращті» бас киімімен.
Жақ-бет хирургия бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.
Сіреспенің алдын алу шаралары.
Иек шығып кеткен кездегі
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Ауыз қуысын тексеріп салфеткамен өңдеу.
Буын аймағында 2% новокаин ертіндісімен жансыздандыру.
Иекке пращ тәрізді байлам салу.
Жақ-бет хирургия бөліміне тасымалдау, зембілге салып, бір жағына бұрып.
Мойын аймағының жарақатында шұғыл көмек көрсеткенде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Мойын жарақаттары (көмекей, тіл астындағы сүйек, кеңірдек, өңеш, мойынның ірі тамырлары) осы жағдайларда жарақат шогы, өткір қансырау, демнің бұзылуы кездеседі.
Көмекей шеміршегінің соғылуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру. (50% анальгин 2 мл)
Соғылған жерге мұзды мұйық қою.
Демін қадағалау.
3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция.
Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе Лор бөліміне тасымалдау.
Көмекей шеміршегінің сынуындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зембілге арқасымен жатқызу.
Мұрын қуысынан медициналық резенкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы мұрын қуысынан қанды сорып алу.
Сыртқы жараларға асептикалық байлам салу.
Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл)
Мұзды мұйық қою.
3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция.
Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе Лор бөліміне тасымалдау.
Кеңірдек жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды арқасымен жауырын астына валик салып жатқызу.
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Жара тесігінен кеңірдектегі медициналық резенкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы қанды сорып алу.
Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл)
Кеңірдекті трахеостомиялық трубка немесе дренажды трубка арқылы кеңейту.
Кеңірдекке трахеостомиялық трубка немесе дренаж трубканы еңгізу.
Трубка аймағында залалсыздандырылған салфеткаларды орналастыру.
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы.
Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау.
Демі қиындағанда – трахеостомиялық трубканы тазалау.
Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау.
Сіреспенің алдын алу шаралары.
Өңеш жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты өңеш аймағында, көбінесе сол жағы жарақаттанғанда.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу.
Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол).
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Жараға тампонада өткізу.
Жараға қысып тұратын байлам салу.
Мұзды мұйық қою.
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин.
Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау.
Сіреспенің алдын алу шаралары.
Мойын тамыр жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу.
Ұйқы артерияны омыртқаға саусақпен басып қанды тоқтату.
Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол).
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Жараға тампонада өткізу.
Жараға қысып тұратын байлам салу.
Мұзды мұйық қою.
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин.
Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау.
Сіреспенің алдын алу шаралары.
Кеңірдекке, көмекейге бөгде зат кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамның жағдайын бағалау.
1-2 дәрежедегі стенозда зардап шеккен адамды басын төмен салбырату керек немесе өзіміздің санға (орындықтың арқасына) басымен төмен орналастыру, зардап шеккен адамның төсі, көмек көрсететін адамның сан аймағында орналасу керек, рефлекторлы демді шығару үшін – жөтелдіру керек, қолмен арқасын ұрғылау керек.
Нәтиже жоқ болған кезде – зардап шеккен адамды арт жағынан қолымен қысып, төс аймағында кеудені басу.
3-4 дәрежедегі стенозда зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу, жауырын астына валик, Дюфо инесімен трахеостомиялық пункция өткізу.
Зембілге салып, жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау.
Демін қадағалау.
Өңеш күйігіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Себебі – қышқылдарды немесе сілтілерді қабылдау.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру. (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол).
Спазмолитиктер қолдану (0,1% 1 мл атропин, 2% 2 мл папаверин тері астына).
Асқазанды өңешті зонд арқылы 10 литр ағынды сумен шаю.
Бұлшық етке 2 мл кордиамин, көктамырға 300 мл полиглюкин 2% 30 мл новокаинмен.
Көлденең жатқызып зембілмен реанимация бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.
Кеуде жарақатында шұғыл көмек көрсеткендегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Кеуде жарақаттары ашық және жабық болады. Жабық жарақаттар ішкі ағзалардың жарақаты және ішкі ағзалардың жарақатсыз түрінде болады.
Ашық жарақаттар болуы мүмкін - өтпелі емес ішкі ағзалардың жарақатымен және ішкі ағзалардың жарақатсыз түрінде болады.
Кеуде жарақаттарында кездеседі – травмалық шок, өткір қансырау, демнің бұзылуы, жүрек өкпе жетіспеушілігі.
Кеуде қуысының соғылуындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамға анальгин 1 таблетка беру.
Соғылған жерге мұзды мұйық қою.
Жарақат бөліміне жартылай отырғызып тасымалдау.
Кеуде қуысының қысылуындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды қысылудан босату.
Бұлшық етке 2% 1 мл промедол, 0,2% 1 мл платифилин, 0,1% 1 мл атропин тері астына.
Дем шығарған кезде жұмсақ байлам кеуде қуысына.
Оттегін беру.
Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау.
Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау.
Қабырға сынықтарындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Қабырға сынықтары болуы мүмкін – жеке, көпше түрінде ішкі ағзалардың жарақатымен немесе ішкі ағзалардың жарақатысыз.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру 50% 2 мл анальгин немесе 2% новокаин 10 мл жарақаттанған қабырғаның төменгі бөлігімен.
Жұмсақ тіндердің жарақатында, жара аймағын антисептикпен өңдеп, залалсыздандырылған салфетка салу.
Жарақаттанған жағына жабысқақ черепица тәрізді байлам салу төстен омыртқаға дейін.
Сынық аймағына мұзды мұйық қою.
Оттегін беру.
Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау.
Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау.
Ашық сынықтарда сіреспенің алдын алу шараларын өткізу.
Бұғана сынығындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
50% 2 мл анальгин ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу.
Дезо немесе Дельбе байламын өткізу.
Сынған жерге мұзды мұйық қою.
Жартылай отырғызып жарақат бөліміне жеткізу.
Гемоторакс кезінде
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Гемоторакс - өкпе тамырлары немесе кеуде қуысы жарақатының нәтижесінде қансырау болып плевра қуысында қанның жиналуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу.
Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу.
Жараға асептикалық байлам салу.
Жара орнына мұзды мұйық салу.
Көктамырға 10% кальций хлоридін және кальций глюконат 10 мл жіберу.
Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау.
Өткір қан жоғалту және жарақат шогының диагностикасын өткізу үшін қан қысымын, тамыр соғысын, демін бақылау.
Жара болса, сіреспенің алдын алуын шешу.
Жабық пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Жабық пневмоторакс плевра қуысына бір уақытта ауаның жара арқылы шығуынан дамиды.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу.
Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу.
Жараға асептикалық байлам салу.
Жара орнына мұзды мұйық салу.
Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау.
Жара болса, сіреспенің алдын алуын шешу.
Ашық пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Ашық пневмоторакс плевра қуысына ауаның жара арқылы демді алғанда және дем шығарғанда оның сыртқа шығуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу.
Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу.
Жараға окклюзиялық байлам салу (жараны тампондағаннан кейін теріні майлы ертіндімен айналасын өңдеп, жеке байлам пакетінен жасалған резиналы тінді стерилді жағымен салу, лейкопластырьмен жабыстыру).
Жара орнына мұзды мұйық салу.
Оксигенотерапия өткізу.
Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Сіреспенің алдын алуын шешу.
Клапанды пневмоторакс кезінде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Клапанды пневмоторакс терідегі жарадан плевра қуысына әр демалған сайын ауа кіреді, демді шығарған кезде жара бітеледі. Әр дем алған сайын плевра қуысында ауаның мөлшері ұлғая түседі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол ертіндісін бұлшық етке).
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Жараға окклюзиондық байлам салу (жараға тампонада өткізген соң, жара аймағын майлы ертіндімен өңдеп, клеёнкалы байлам салу, жабысқақ пластырьмен бекіту).
Жараға мұзды мұйық қою.
Жарақаттанған жақта ауаны сорып алу үшін плевральдық пункция өткізу.
Оттегін беру.
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин.
Зембілге жартылай жатқызып, хирургия бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Сіреспенің алдын алуын шешу.
Іш педесінің өткір хирургиялық аурулары және жарақат шұғыл көмек кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іштің жарақаттары - ашық және жабық. Жабық жарақаттар іш ағзаларын жарақаттайтын және жарақаттамайтын болады. Ашық жарақаттар өтпелі, өтпелі емес болуы мүмкін. Іштің жарақатында кездеседі травмалық шок, өткір қансырау, перитонит.
Іш пердесінің соғылуындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жарақаттанған жерге мұзды мұйық.
Зембілге салып, арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау.
Іштің жабық жарақаты ішкі ағзалардың жарақаттану кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Қуысты ағзалар – ішек, асқазан, паренхиматозды ағзалар – бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, және қан тамырлары.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Ішке мұзды мұйық қою.
Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Сіреспенің алдын алуын шешу.
Есте қалдыру. Жансыздандырмаймыз! Су ішуге болмайды!
Жарақат шогында қолдануға болады азоттың қос тотығын оттегімен бірге 1:1, немесе 1:2, көктамырға полиглюкин 500 мл, бұлшықетке 2 мл кордиамин. Қансырауда көктамырға 10% 10 мл хлорид кальций.
Іштің өтпелі емес жарақаты шұғыл көмектегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Жараға асептикалық байлам салу.
Жараға мұзды мұйық қою.
Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алуын шешу.
Іштің өтпелі жарақаты, ішкі ағзалардың ақтарылуындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик.
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Ақтарылған ағзалардың маңайына мақталы валик салу.
Дымқыл асептикалық байламмен ағзалардың үстін жабу.
Көктамырға полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы.
Травмалық шок жағдайда азоттың қос тотығы оттегімен бірге 1:1, 1:2.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алуын шешу.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Есте қалдыру. Су ішкізуге болмайды.
Өткір іштегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Өткір ішке кіреді - өткір аппендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, перитонит, өткір ішектің түйілуі, асқазанның тесілу жарасы, мезентериальды тамырлардың тромбозы.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге жатқызу, тізе астына валик.
Ішке мұзды мұйық қою.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Есте қалдыру. Қолдануға болмайды – жылтқыш қою, ішті босататын дәрілер беру, ішті тазалау, асқазанды жуу, жансыздандыру, су ішкізу.
Қысылған жарықтағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге көлденен жатқызу, тізе астына валик.
Ішке мұзды мұйық қою.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Есте қалдыру. Жарықты орнына салу, жансыздандыруға болмайды.
Асқазан ішек қансырауындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге бір жақ қырына жатқызу, аяқ жағы көтеріңкі.
Көктамыр ішіне 10% 10 мл хлорид кальциі, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы, 12,5% 2 мл этамзилат.
Ішке мұзды мұйық.
Су бермеу.
Хирургия бөліміне тасымалдау.
Тік ішектің аурулары және жарақаты шұғыл көмек кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Тік ішектің жарақаттарына жатады – кілегей қабаттың жарақаты, бұл өз бетімен жазылады, және өтпелі жарақаттар.
Тік ішектің жарақатында травмалық шок, өткір қансырау, перитонит кездеседі.
Тік ішектің өтпелі жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жара аймағын антисептикпен өңдеу.
Жараға қысып тұратын байлам салу.
Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 2 мл промедол ертіндісін бұлшық етке).
Пациентті жартылай отырғызу.
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин.
Проктология бөліміне тасымалдау.
Сіреспенің алдын алуын шешу.
Тік ішек шығып кеткен кездегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті қырына немесе тізе – шынтақ жағдайға жатқызу.
Шығып кеткен ішектің кілегей қабатын тексеру – қысылуы, өліеттенуі жоқпа деп.
Вазелин немесе басқа май жағу салфетка арқылы.
Осы салфетка арқылы ішекті ақырын орнына түсіру.
Қатаң төсек режим 1 сағат бойы сақтау.
Балаларға жамбасты қолмен қысып 1 сағатқа жабысқақ пластырьмен бекіту.
Ішектің кілегей қабаты өліеттенсе орнына салуға болмайды.
Проктология бөліміне тасымалдау.
Қуық – жыныс ағзалардың ауруында және жарақатындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Бүйрек жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу.
Бел аймағына мұзды мұйық қою.
Жансыздандыру (бұлшық етке 50% 2 мл анальгин).
Урология бөліміне тасымалдау.
Қуық жарақатындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу.
Бел аймағына мұзды мұйық қою.
Зәр тоқтап қалған кезде катетеризация өткізуге болмайды.
Урология бөліміне тасымалдау.
Бүйрек ұстамасындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Бұлшық етке 50% 2 мл анальгин, 1% 1 мл димедрол, 0,1% 1 мл атропин.
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу.
Урология бөліміне тасымалдау.
Өткір зәрдің тоқтап қалуындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Өткір зәрдің тоқтап қалуы – бұл өз бетімен қуықты босатудың тоқтауы.
Себебі: предстата безінің аденомасы, уретраның тастары, стриктурасы, ісіктер, фимоз, нәжіс тастары, операциядан, босанудан кейін, истерия.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Себебін анықтау.
Истерияда, операциядан кейін, босанған соң – пациентті ширмамен қоршау, кранды ашу, қуық аймағына жылы қою.
Басқа ауруларда және алғашқы жағдайда нәтиже болмаса қуыққа резенкелі катетер қолдану.
Зембілге салып, көлденең урология бөліміне тасымалдау.
Омыртқа жамбас жарақаты шұғыл көмегіндегі
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Омыртқа жарақаттары болуы мүмкін – жұлынның жарақаттануымен және жарақаттанусыз, көбінесе жарақат шогымен қосарланады.
Омыртқа мойын бөлігінің сынығындағы
мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең мойын астына валик салып жатқызу.
Жансыздандыру (бұлшық етке 2% 2 мл промедол).
Көктамыр ішіне 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин.
Мойынға Еланский немесе Шанц құрсауын қолдану.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Жарақат бөліміне тасымалдау.
Кеуде, бел аймағындағы омыртқа сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең, сынған жерге валик салып жатқызу.
Жансыздандыру (бұлшық етке 2% 2 мл промедол).
Көктамыр ішіне 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Жарақат бөліміне тасымалдау.
Жамбас сынығындағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Жамбас сүйектерінің сынығында жиі кездеседі – кіші жамбас ағзалардың жарақаты және травмалық шок.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды қатты зембілге арқасымен салу, тізе, жамбас буында аяқтарын бүгіп (тізе астына валик).
Жансыздандыру.
Көктамыр ішіне 50 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин.
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
Қанқа тартудағы жатқан пациенттің төсек – киімін айырбастау кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Құжаттар: төсек жабдықтары, резеңкелі қолғап, дез. ертінділері бар ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру.
Таза ақ жайманы бинт тәрізді бүктеп алу.
Беллер құрсаудан жүктен босату.
Пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін көтеріп, жастықты алып тастау.
Ластанған ақ жайманы пациенттің бас жағынан бастап беліне дейін жинап, керуеттің босаған жағына таза ақ жайманы орналастыру.
Жастықты салып, пациентті жатқызу.
Пациенттің сау аяғын бүгіп, төсекке тірелуін, жамбасын көтеруін сұраймыз.
Ластанған ақ жайманы ары қарай жинап алып, таза ақ жайманы жаямыз.
Беллер құрсауын жарақаттанған аяқпен қоса көтере тұрамыз.
Ластанған ақ жайманы жинап отырып, тазаны жаямыз.
Беллер құрсауды төсекке орналастыру, пациенттің аяғын құрсауда түзеу (құрсаудың иілген бөлігі тақым астына орналасу керек).
Блокта байламның орналасуын тексеріп, жүкті іліп қою.
Қанқа тартудағы теріге күтім көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсеткіш: біз кірген жердің жұқпа түсірмеуінің алдын алу.
Құжаттар:
3 пинцет;
Купер қайшылары;
тану материалдар;
антисептикалық ертінділер (70% спирт, 1% йодонат, 0,5% гибитан);
резеңкелі қолғаптар;
дез. ертінді бар ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру.
Резеңкелі қолғап кию.
Пинцетпен, спица кірген және шыққан жерге орналасқан салфетканы алып тастау.
Пинцетті айырбастау.
Спица кірген және шыққан жерді 1% йодонатпен өңдеу.
Салфетканы 70% спиртке немесе 0,5% гибитанға матыру.
2 пинцетті қолданып, салфетканы сорғыту.
Дайындалған салфетканы спицаның кірген жеріне орналастыру.
Дайындалған салфетканы спицаның шыққан жеріне орналастыру.
Пациенттің терісіндегі салфеткалар кепкен сайын айырбастап отыру.
Қолданған заттарды дез. ертіндісі бар ыдысқа салу.
Қолғапты шешіп, дез. ертіндісі бар ыдысқа орналастыру.
