Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587 Кб
Скачать
☆

Жота – ми, эпидуральдық немесе перидуральдық анестезия өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Жамбас, аяқ, ішке операция жасаған кезде.

Қарама-қарсы көрсеткіштер: Төмен артериялық қысымда, омыртқа, жұлын ауруларында.

Анестетиктер:

  • Тримекаин 1% - 30 мл;

  • Дикаин 0,3% - 30 мл;

  • Совкаин 1% - 1 мл.

Құжаттар:

  • залалсыздандырылған лоток;

  • марлялы дәкелер;

  • Бир инесі;

  • шприц 20 мл;

  • анестетик;

  • 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид, кофеин 10% - 1 мл, анальгин 50% - 5 мл (асқынуларда қолданады);

  • 70% этил спирті.

Пациент жағдайы:

  • пациентті бір жақ қырына жатқызу;

  • басын ішіне қарай жақындату;

  • аяқтарын тізе, жамбас буындарда бүгіп, ішіне қарай әкелу, тізесін қолдарымен ұстау.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті жатқызу.

  2. Саймандарды, тану материалды, анестетикті, дәрі-дәрмектерді дайындау.

  3. Мейіркеш пациенттің жанында тұрып, қажетті жағдайды сақтап тұруға көмектеседі.

  4. Анестезияны дәрігер жүргізеді.

  5. Анестетикті еңгізген соң пациенттің басын жоғары орналастыру керек.

  6. Демін, қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.

Новокаин блокадалар жүргізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Ауырсынуды басу үшін, трофикалық бұзылыстарды емдеу үшін, қабырға сынықтарында, қабырға аралық невралгияда.

Анестетиктер:

  • Новокаин 0,25% - 250 мл;

  • Новокаин 0,5% - 50 мл;

  • Новокаин 2% - 10 мл.

Құжаттар:

  • залалсыздандырылған лоток;

  • марляілі дәкелер;

  • шприц 20 мл;

  • новокаин;

  • 2 пинцет;

  • 70% этил спирті;

  • резеңкелі қолғаптар;

  • инелер бұлшық етке арналған.

Қабырға аралық блокадағы мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Қабырға сынықтарында, қабырға аралық невралгияда.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті ыңғайлы жағдайға жатқызу.

  2. Резеңкелі қолғаптар кию

  3. Теріні 2 рет спиртпен өңдеу.

  4. Шприцке новокаин ертіндісін алу.

  5. Қабырғаның төменгі шетімен инені енгізу, ине тамырға түскен жоқпа деп тексере отыру.

  6. Новокаинды ақырын жіберу.

  7. Инені алып, иненің орнын спиртпен өңдеу.

  8. Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез. ертіндісі бар ыдысқа орналастыру.

3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.

Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада өткізген кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Кеуде жарақаты, торакотомиядан кейін.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті арқасымен жатқызу.

  2. Резеңкелі қолғап кию.

  3. Жауырын астына валик салу, басы шалқаю үшін.

  4. Блокадаға қарама-қарсы жаққа басын бұру.

  5. Блокада жағында, қолын дененің ұзындығы бойынша орналастыру.

  6. Төс – бұғана бұлшық ет аймағында теріні 2 рет спиртпен өңдеу.

Блокаданы өткізетін дәрігер!

Пациентті қадағалау. Егерде блокада дұрыс өткізілсе – блокада өткізілген жақта беті қызарады, көзінің қарашығы кішірейеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]