Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр прагма.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

16. Тақырыпқа сай негізгі ұғымдарға талдау жасау: әлеуметтік-педагогикалық құрылым, әлеуметтендіру, тәрбие жүйесінің субъектісі.

әлеуметтік-педагогикалық құрылым - тәрбие процесінде оқушының әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы.

Әлеуметтендіру - жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.

тәрбие жүйесінің субъектісі – тәрбие процесіне қатысушы өзіндік мақсат, міндеттері бар тұлғалар. Мысалы: педагогтар, ата-ана, оқушы, мемлекеттік мекемелер, т.б.

17. Тақырыпқа сай негізгі ұғымдарға талдау жасау: педагогикалық менеджмент, педагогикалық рефлексия, орта

Педагогикалық менеджмент- бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.

Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі.

Орта - адамзат қоғамы өмір сүретін; сондай-ақ адамдармен, жануарлармен немесе объектілемен қатынаста тіршілік ететін немесе әрекет ететін контекст немесе аймақ.

35. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері мен міндеттері

38. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасының қызметі. Түрлері

Ұғымдар

Түрлері

Мақсаты

диагностика – амал-тәсілдердің көмегімен бақыланып немесе зерттеліп отырған объектінің жағдайы туралы мәліметтерді алу процессі. Яғни, диагностикалық мәліметтер өзінде объектінің жағдайы, сапасы, нәтижесі, деңгейі, оның нормаға сәйкестігі, даму және қозғалыс тенденциясы жайындағы ақпараттарды қарастырады. Ол тежеу немесе жеделдету, жетілдіру немесе түзету енгізу, толықтыру немесе сауықтыру мақсатын көздеп, процесске (педагогикалық) мүмкіндік тудыра отыра, оған құзырлы ықпал жасай алады.

Алдын-ала диагностикалау

Алдын-ала диагностикалау жұмыстары оның міндеттеріне сәйкес зерттеліп отырған объектіге қатысты белгілі бір мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі. Оның нәтижесі педагогикалық процесті сапалы ұйымдастырудың оңтайлы амал-тәсілдері мен формаларын табуға көмектеседі.

педагогикалық диагностика, педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде бала тұлғасының бірыңғай және дара дамуына қатысты стратегиялық және оперативті-тактикалық мәліметтерді алу процесі мен амал-тәсілдерінің жиынтығы.

Аралық диагностика

Аралық диагностиканың мақсаты педагогикалық процестің белгілі бір бөлігінде атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін саралау, талдау, қорыту және оларға түзету енгізуді көздейді.

Қорытынды диагностика

Қорытынды диагностика жұмысының мәні педагогикалық процестің бастапқы кезеңі мен соңғы кезеңдерінің нәтижесін анықтау, салыстыру және талдауды, соған сәйкес болашақта атқарылатын жұмыстарды алдын-ала болжау және жоспарлауды көздейді.