Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр прагма.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

48. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспарының түрі мен құрылымын сызба арқылы сипаттау.

Мектеп ішілік жоспар

- мұнда, перспективалық жоспар да, жылдық жоспар да бар. Мектептегіі белгілі бір кезеңге дейін дамытатын жұмысты белгілеу. Өткен жылғы оқу жылының анализін жасап, жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарының мақсат-міндеттерін құрады

Сынып ұжымының жоспары

- мұнда, сынып ұжымымен өткізілетін шаралар түрлері, оның мерзңмң оған жауаптылыр көрсетіліп, жұмыс бағытын бақылап отырады.

 

49. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспарының қызметі мен мазмұнын кесте арқылы сипаттау

дамытушылық

оқушылар ұжымын құрып, мақсатты дамуына ықпал ету

қабілеттерін еске ала отырып, соған сай оны сынып ұжымының ісімен ұштастырады

ұйымдастырушылық

Оқушы, пән мұғалімдері, ата ана, қоғамдық ұйымдар әрекеттерін ұйымдастырып, тұтастығы мен тізбектілігін арттырады

тәрбиелік

Оқушыларды қатыстыра отырып, оларда шараға деген қызығушылық қалыптастыру, оларға жалпы жоспар түсінікті болады. Ол әрі қарай тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

50. Тәрбие жұмысын жоспарлау кезеңдерін сызба арқылы негіздеу

1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай боп белгіленді.

2. Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар.

3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.

4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді.

5. Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.

6. Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлық дәрежесі қандай.

Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын, әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғай-тады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді.

51. Тәрбие жұмысын жоспарлауда қойылатын негізгі талаптар мен ұсыныстар сызбада көрсет

1. Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген ша-ралар орындалатын болсын.

6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жа-ғынан емес, сапасымен анықталатын болсын.

7. Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапта және әржақты болуын ескеру керек.

8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

9. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

 

Апта аралығын көрсету

 

Негізгі бөлімдер

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауапты адамдар

өтілгені туралы белгі

 

1.Сынып ұжымын 

  ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бір-лестіктері мен өзара әрекеттері

 

 

 

 

 

 

3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшілік-терімен байланыс

 

 

 

 

 

 

4.Отбасы және жұрт-шылықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

5. Жеке оқушымен жұмыс