Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр прагма.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

43. Тақырыпқа сай негізгі ұғымдарға талдау жасау: психологиялық- педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру технологиясы, зерттеу әдістемесі, даму деңгейі.

Оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, балалардың тұлғалық дамуын анықтауға маңызды үлес қосатын психологиялық диагностикалық мәліметтерді алу-талдау әдістері жатады. Олардың көмегімен психикалық процестердің өтуі сипаты мен жағдайын, тұлғалық сапалар мен дара қасиеттердің жүйелі қалыптасуын  анықтауға қол жеткізіледі.

Психологиялық зерттеу жұмыстары әртүрлі тестер, арнайы жасалған психологиялық жағдаяттардың көмегімен жүзеге асырылады. Онда балалар өз бетінше интелектілік, адамгершілік және эстетикалық таңдау жасайды. Тестерді қолдану нақты жағдайды анықтау үшін тиімді болмақ. Бұндай психологиялық диагонстикалық мәліметтерсіз педагог балалардың психологиялық және адамгершілік-эстетикалық дамуына саналы әрі мақсатты ықпал жасау мүмкіндігінен айырылады. Мәселен, оқышылардың психикалық процестерінің (есте сақтау, ұғыну, қабылдау секілді қабілеттері) даму жағдайын анықтау және т.б. Психологиялық тестерді пайдалану нақты психикалық жағдайларды анықтау құралы ретінде өз нәтижесін береді.

44. Сыныптың оқу-тәрбие процесінің нәтижесі

Оқу-тәрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлыұ7 ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Оқу-тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарына: 1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; 2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; 3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; 4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; 5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі; 6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс

45. Оқушылар мен сынып ұжымы диагностикасына қойылатын талаптар жуйесі

Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі. әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық,  жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың  жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің манызы өте зор. Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі "балалар ұжымының қалыптасу жағдайынын графигі" түрінде беруіне болады. Оқушылар ұжымынын жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формалық, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау кқажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасыңда талқылануы тиіс. Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымнын қалыптасу денгейін көтеруте бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.