Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС химия каз П Н №2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

«Химия» пәні бойынша практикалық дағдыларды қабылдау «Жалпы медицина» мамандығы, 1 курс. Аралық бақылау №2

Практикалық дағдылардың тізімі:

  • органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

Практикалық дағдыларды жүргізу үшін келесі сұрақтарды шешу қажет:

  • студенттердің санын анықтау;

  • эксперттерді анықтау;

  • аудитория дайындау, аудиторияға жауапты оқытушымен лаборантты тағайындау;

  • қажетті құрал-жабдықтармен, реактивтермен, приборлармен және и аппараттармен жабдықталған жұмыс орнын ұйымдастыру;

  • практикалық дағдыларды қабылдау үшін құжаттар дайындау (тапсыру хаттамасы, әрбір этап бойынша студенттерге арналған тапсырма, эксперттерге арналған ақпараттық парақ, парақта тапсырманың әрбір сатысын бағалау критерийлері мен олардың баллдықбағалары бар).

Студентке арналған ақпарат

  • студент практикалық дағдыларды тапсыруға дайындалу кезінде тапсырмалардың тізімімен және этаптардың өту жоспарымен танысады;

  • студент тіркеледі, эксперттен тапсырманы алады, тапсырмамен танысқаннан кейін этаптардың өту жоспарына сәйкес тапсырманы орындауды бастайды;

  • тапсырманы орындағанда студент өз ісінің реттілігін критерийлерге сәйкес қатаң сақтау керек; тапсырманы орындау барысында өз ісін нақты әрі қысқа түсіндіру керек;

  • уақытпен санасу керек; тапсырмаға берілген уақыт өтіп кетсе, тапсырманың орындалу немесе орындалмауына қарамай, жұмысты тоқтатады;

  • тапсырманы орындағанда студент химиялық зертханада жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;

  • электрлік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;

  • студент тапсырманы орындау нәтижесінде 100 балл жинау керек.

Практикалық дағды №1. Альдегидтердің күміс оксидімен тотығуы

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, күмістің аммиакты ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

№

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау

Баллдар

1

Пробиркаға 5-6 тамшы күмістің аммиакты ертіндісін құйып, үстіне 1-2 тамшы формальдегид немесе сірке альдегидін қосады. Пробирканы жеңіл қыздырады. пробирканың қабырғасынан металдық күмістің түзілгені байқалады немесе металдық күміс қара тұнба түрінде болады.

25

2

Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

25

3

Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.

25

4

Талдауды игеру және қорытынды жасау.

25

Максимальді балл - 100

Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №2 Альдегидтердің мыс гидроксидімен тотығуы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, 10% NaOH ерітіндісі, CuSO4 ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш,.

Жұмыстың мақсаты: функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.