Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС химия каз П Н №2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

Практикалық дағды №2

Ерітіндінің рН анықтау.

Приборлар мен реактивтер: рН- метр, стакандар, зерттелетін ерітінділер: NaOH, HCl, аспириннің ерітіндісі, дист Н2О, құбыр Н2О, фильтр қағазы, шайғыш.

Жұмыстың мақсаты: зерттелетін ерітіндінің рН анықтау.

Орындау алгоритмі.

№

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау

Баллдар

1

рН-метрдің қолдану ережесімен танысу (прибордың құжаты бойынша). рН-метр приборын токқа қосу. MODE басып рН жолағын таңдау.

10

2

Әрбір өлшеу алдында электродты дистилденген сумен шайып, фильтр қағазымен құрғату керек.

20

3

25,00 см3стаканға зерттелетін ерітіндіні құяды. Электродты зерттелетін ерітіндісі бар стаканға батырады, оның стаканның түбінен биіктігі 1,5-2 смболу керек. ON тетікшесін басады.

10

4

рН-метр көрсеткішін жазып алады. OFF тетікшесін басады.

10

5

Зерттелетін ерітінділердің рН өлшеп болғаннан кейін, OFF тетікшесін басады және приборды токтан ажыратады. Электродтарды дистилденген сумен шайып, 3-4 М КCl ерітіндісі бар стаканға салып қояды.

10

6

Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.

30

7

Талдауды игеру және қорытынды жасау.

10

Максимальді балл - 100

Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №3. Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, «Буферлік жүйелер» кестесі, ерітінділер СН3СООН (0,1 М),СН3СООNa(0,1 М), пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша.

Жұмыстың мақсаты: Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.

Орындау алгоритмі.

№

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау

Баллдар

1

Пробиркаға рН = 4,74 (рКСН3СООН = 4,74) сәйкес ацетатты буферінің 10 мл ерітіндісін (5 мл сірке қышқылы + 5 мл натрий ацетаты) дайындап оның 2 мл басқа пробиркаға құю керек. Ол үшін 1-ші пробиркаға 4 мл сірке қышқылы және 4 мл натрий ацетатының ерітіндісін, ал 2-ші пробиркаға 1 мл сірке қышқылы және 1 мл натрий ацетатының ерітіндісін құяды.

20

2

2 мл ерітіндісі бар пробиркаға 6 мл дистилденген су құяды.

20

3

Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан метил қызыл индикаторын тамызып, араластырады.

20

4

Ерітінділердің түстерін салыстырып қорытынды жасайды.

20

5

Буферлік сиымдылықтың ацетатты буфердің рН-на тәуелді графигінен максимальді буферлік сиымдылықты анықтайды.

10

6

Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.

10

Максимальді балл - 100

Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Рис. I. Буферлік сиымдылықтың ацетатты буфердің рН-на тәуелділігі