Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС химия каз П Н №2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

Практикалық дағды № 4 Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, «Буферлік жүйелер» кестесі, ерітінділер СН3СООН (0,1 М),СН3СООNa (0,1 М), 0,1 N

НС1, 0,1 N NаОН ерітінділері.

Жұмыстың мақсаты: Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену.

Орындау алгоритмі.

№

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау

Баллдар

1

3 пробиркаға 10 мл-ден рН = 4,74 (рКСН3СООН= 4,74) сәйкес ацетатты буферінің ерітіндісін дайындайды.

20

2

Бірінші пробиркаға 5 тамшы 0,1 N тұз қышқылының НС1 ерітіндісін, екіншіге - 5 тамшы 0,1 N натрий гидроксидінің NаОН ерітіндісін тамызады, үшінші пробирканы салыстыруға қалдырады.

20

3

Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан метил қызыл индикаторын тамызып, араластырады.

20

4

Ерітінділердің түстерін салыстырып қорытынды жасайды.

20

5

Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.

20

Максимальді балл - 100

Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 5

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Pb2+, I—иондарының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, Pb2+ тұзының ерітіндісі, калий йодидінің КI ерітіндісі, Н2О (дист), құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

№

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау

Баллдар

1

Пробиркаға 3 тамшы Pb2+ тұзының ертіндісін құйып, 1-2тамшы KJ ертіндісін құямыз, PbJ2 тұнбасы түскені байқалады, оның түсін белгілейміз.

20

2

Алынған тұнбаны 2мл су қосып, тұнба ерігенге дейін қыздырамыз. Ескерту: байқап қыздыру керек, пробирканың аузын өзіңнен, көршіңнен алшақ ұстау керек, пробиркадан тұнба төгілуі мүмкін. Қыздырғаннан және тұнба ерігеннен кейін ертіндіні салқындатып, тұнбаның қайтадан тұнуын байқаймыз, тұнба жарқыраған кристалл (алтын түсті) болады.

20

3

Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.

20

4

Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.

20

5

Талдауды игеру және қорытынды жасау

20

Максимальді балл - 100

Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №6

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ag+, Cl- -иондарының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, AgNO3 ерітіндісі, 2н. НС1, HNO3 ерітінділері және NH3 концентрлі ерітіндісі, Н2О (дист), құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.