Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

1.Аэрациялық шамдардың түрлері

Аэрациялық шамдар өндірістік ғимараттардың табиғи белсенді тұрақты желдетілуі үшін қолданылады,себебі өндіріс кезінде бөлінетін артық жылу өнімділікке зиян келтіреді.Аэрациялық шамдардың профилін жел мен температуралық градиентті ғимаратта тиімді қолданатындай етіп таңдайды.Практикада көбінесе тікбұрышты механикалық ашылатын аэрациялық шамдар қоладнылады.

Жылулық және аэрациялық шамдар әдетте өндірістік аймақтың осі бойынша орнатылады;осы жағдайда олар барлық өндірістік цехты толығымен жарықтандырады және зиянды заттармен толы ауаны тазартады.

Аэрация кезіндегі ауаның келуі мен кетуі,кіру және сору тесіктерінің екі жағындағы қысымдардың әрқилы болу салдарынан екендігін есепке ала отырып,аэрациялық фонарьларды жобалайды.Сору тесіктерінің бір мезгілде жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін,фонарьдың екі жағынан,тігінен әйнектелген үрленбейтін аэрациялық фонарьлар қойылады.Мұндай фонарьлар,желдің кез келген бағытында сору жұмысын тоқтатпайды.Фонарьлар аралықтарының 1,25; 1,75; 2,4 және 3,4 биіктіктері қабылданған.

2.Негізгі жабдықта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігінің ережелері цехтың инструкцияларында келтірілген.

Пештердің конструкциясында отынның қолдануын және пештң қалауының сырты изолияциясы жаксы болуы тиіс.Бөлме мен пештің сыртқы қабатының температурасы айырымы 30-40С аспау керек.Пештердің қолдануы және оның механизмдері ыңғайлы орналасу керек және жұмысшыны жоғары температуралардан,зиянды газдардан сақтау керек.Пештердің есіктері тығыз жабылу үшін олар еңіс болуы керек.Жоғары температуралық пештердің жылу сәулеленуін азайту үшін олардың алдында асбесті экрандар орналастырады.Пеш-ванналарда вентиляциялық аралықты асбест пердесімен жабу керек.

Газөткізгіштерді цехтың қабырғасында еденнен бірнеше метр жоғарырақ орналасады.Канал штукатурмен өңделеді,алынатын плиталармен жабылады,газөткізгішпен жеңіл байланысу керек.Газдың ағып кетуін отпен тексермейді.Ағып кетуін сабынды сумен тексереді.Ағып кеткен газ сабынды суда көпіршектенеді.Газды цехқа кіруінде қысымды бақылаушысын орналастырады және газды өшіріп беру вентилін орналастырады.

Пештермен жұмыс істейтін жұмысшылар горелканың қолдануын инструкциясын білу қажет.Газды пешті қосу үшін алдымен пешті тазалап үрлейді,содан кейін пештің аузын ашып бірнеше минут горелкамен ауа жібереді.содан кейін газды запальникті жағадыда горелкаға жақындатып газды ақырындап қосады.Ол жақсы жану үшін ауа мен газдың клапандарын бақылап отырады.

Пешті жағу кезінде көзәйнектерді қолданады және горелкамен пештің есігінен ары тұру керек.Горелкалар жанып болғаннан кейін пеш келесі жағудың алдында ауысып үрленеді.Кейде жалын горелканын ішіне кіріп кетуі мүмкін,сонда горелкаларды өшіреді.Қайта ағу үшін горелкаларды әбден суытады.Пештерді мазут пен жаққан жағдайда оларды ауамен үрлейді.Пеш жанып тұрған отпен тұтатылады,және оныда бақылап отырады.

Цехтарда от қауіпсіздігін қадағалау керек.Егер цехта өрт қауыпты болған жағдайда тез барлық горелкаларды,форсункаларды өшіреді,газ келетін венталдар өшірілу қажет.Сонымен қатар цехта құрғақ құмдары бар жәшіктер болуы тиіс және өрт сөндіргіштер.

Электр пештермен жұмыс істеген уақытта олардың қауыпсыздық инструкцияларыда орындалуы қажет.Пештерде ток өткізгіштердің изоляциясы жақсы болу қажет және олар жерленулі болу керек.

Пеш-ванналардың қауыпсыздығыда сақталу қажет.Бұйымдарды салу кезінде арнайы құрал- саймандар,жабдықтар қолдану қажет.

Селитр-ванналарында қауыпсыздық технткасы қолдану керек.Ол азот қышқылынан және азоттотығынан,калий мен натрийдің тұзынан тұратын өте жарылғыш қаупі бар.Сондықтан бұл ванналар 550С жоғары қыздырылмау қажет,ол үшін бұйымдар қыздырылғаннан кейін келеді.Селитр ванналарды жылу автоматикамен қамтамасыз етіледі және сигналды жабдықтармен.Ванналарды шамот кірпішінен жасайды.Селитраны құйған кезде ванна құрғақ болуы тиіс.Селитр жанған жағдайда оны тек құрғақ құммен өшіреді,көпіргіш от сөндіргіштермен өшіруге болмайды.Циан ванналармен жұмыс жасаған жағдайда қауыпсыздық техникасын өте жақсы қадағалау керек.Оларды бөлек бөлмелерде ұстайды.Осы бөлмелерде вентиляциясы жақсы болу керек, едендер су өтпейтін материалмен жасалу керек.Әр жұмыс сменасынан кейін едендерді ыстық содалық ерітінмен жуады немесе 1% ті темір купоросымен.

Осы қоймаларда істейтін жұмысшылар халатпен қамтамасыз етіледі,резенке алжапқыштары,перчаткалары,сақтау көзәйнектері,противогаздары болу керек.

Циан сақтайтын бөлмелерде сигнализациясы болады,ол улы заттарды қадағалайды.

Циан ванналарда жұмыс істеген кезде арнайы киімдері болады.Осы бөлмелерден шығатын кезде осы арнайы киімдермен шыкпайды.

Жұмыс біткеннен кейін ванналар жабылады және пломбаларды іледі.Бұйымдар циандаудан укйін ыстық сумен жуылады.