Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

6.3.Колонна қимасының жекеленген өлшемдері.

Үйдің конструкциясындағы температуралық өзгерістер (қыс, жаз) салдарынан пайда болған кернеулерді жою үшін температуралық жапсар жасайды: темірбетон үйлерде – 40 м арақашықтығында, болат қаңқасымен – 120-150м. Екі баған арасындағы температуралық жапсардың саңылауы 25-30 мм тең және қабырғаның бүкіл биіктігі бойынша іргетасқа дейін сақталады.

Қатарлардың бөлгіш осьтері мен бағандардың көлденеңдік осьтері штрих- пунктирлі сызықпен жүргізіледі және диаметрі 6мм домалақ маркамен белгіленеді. Осьтерді араб цифрларымен және жазба әріптерімен маркалайды (таңбалайды). Цифрлармен үйдің ұзындығы бойынша бағандар осі таңбаланады, ал әріптермен – ені бойынша. Осьтерді таңбалау жүйесі солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Бір қабатты өндірістік үйлердің темірбетон бағандары (колонналары) консольмен және оларсыз бола береді. Жоспардағы орналасуы бойынша оларды ортаңғы және шеткі деп бөледі.

Көлденең қимасына байланысты бағандар тікбұрышты, таңбалы, пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай бәрыңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады:

  • Тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800мм;

  • Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;

  • Екібұтақтылар – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х1500, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм;

Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.

Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және астынан жүретін бұтақтар енгізіледі.

Бағандар ұзындығын цехтың биіктігі мен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты және қостаңбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.

7-билет

1 Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру.

Өндіріс түрлері - өндірістің сыныптық санаты, ол технологиялық үдерістердің, өнімді алу тәсілдерінің сипатына қарай анықталады. Айталық, өнеркәсіптіңөңдеуші салаларында технологиялық үдерістердің бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі бар екі түрін бөліп алуға болады. Бірінші түріне бастапқы шикізат дайын өнімге айналмастан бүрын бірқатар тізбекті қайта өндеуден (сатылардан, кезендерден) өтеді, олардың эрқайсысының өнімдері кейінгі енім үшін дүмбілзат болады. Олар металлургия,тоқыма, химия, әйнек, кірпіш, т. б. өндірістері. Оларда шығын калькуляциялық баптарға орай, әдетте, сатылар, қайта өндеулер бойынша, өндіріс тұрпаттары (түрлері) бойынша есептеледі. Өзіндік құн тек ақырғы өнім бойынша ғана емес, сонымен бірге меншікті өндірісте пайдаланылатын (одан өрі өндеуге жіберілетін) немесе ішінара сыртқа сатылатын дүмбілзаттар бойынша есептеледі. Екінші өндіріс түрлеріне әуелі жекелеген бөлшектер (тетіктер, тораптар, т. б.) дайындалатын, сонан соң механикалық құрастыру жолымен аяқталған бұйым алынатын өндірістер жатады. Машина жасау, аяқкиім, жиһаз, т. б. өндірістер осындай өндірістер болып табылады .

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

  • сол өнімді дайындайтын табиғи зат

  • өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы

  • адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі

  • аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.

Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі. Өндірістік процесс

Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы. Өндіріс қорлары

Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады. Өндірісті қайта құру

Өндірісті қайта құру — өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.

2 Пештің түрлері және оның еңбек шығымдылығы.

Пеш— отын жағу, электр энергиясын түрлендіру нәтижесінде алынған жылуды ғимараттарды жылытуға, материалдар мен бұйымдарды жылулық өңдеуге, т.б. мақсаттарға қолдануға мүмкіндік беретін құрылғы. Пеш жылу алынатын бөліктен, өңделмекші материалдар мен бұйымдар орналастырылатын жұмыстық кеңістіктен, бұйымдарды суытуға арналған жылу әкеткіштен, отын немесе электр энергиясын жеткізетін бөліктен, отын жанғанда бөлінетін қалдық заттарды сыртқа шығаратын құрылғыдан, материалдар мен бұйымдарды Пешке салатын, тасымалдайтын механизмнен, Пешті автоматты басқару жүйесінен, жанудан бөлінген газдардың қызуын пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылардан т.б. тұрады.

Өнеркәсіптік Пешке заттардың ылғалдылығын кетіретін кептіру Пеші, ерітінділерді буландыратын Пеш, материалдардың агрегаттық күйін өзгертпей қыздыратын Пеш (қыздыру Пеші), заттардың механикалық қасиеттерін өзгертуге арналған терм. Пеш, минералдық шикізаттың құрылымы мен құрамын өзгертетін күйдіру Пеші, материалды сұйық күйге ауыстыруға, яғни балқытуға арналған Пеш (Мартен Пеші,Ватержакетті Пеш), т.б. болып бөлінеді. Арнайы әдістермен қыздырылатын Пештер де (мысалы, плазмалық Пеш, оптикалық Пеш, гелиопеш, т.б.) болады.

Камералы пеш (ағылш. chamber furnace) – металлургиялық өндірістік пештерінің бір тобының жалпылама аты. Бұл пештердің ерекшілігі - қыздыру кезеңінде ішіне салынған бұйымдар пешке қатысты қозғалмай бүкіл қыздыру кезеңінде бірыңғай температуралық режимінде (камера қалпында) жылжымай қыздырылады.[1]

Камералы пеш металл дайындамаларды прокаттау және шыңдау алдында қыздыру, металл бұйымдарды термиялық өңдеу, керамикалық және боялған бұйымдарды күйдіру т.б. мақсаттарда пайдаланады.

Қыздыру әдісіне сәйкес Камералы пештің температурасын бір қалыпты ұстауға немесе өзгертіп отыруға да болады.

Камералы пешке қатты (бу өндіргіштігі 50 – 2500 т/сағ), тозаңданған, газ тәрізді және сұйық отындар жағылады. Оны электр тоғымен қыздыруға да болады.

Доғалы пеш — өнеркәсіптік пеш; онда электр доғасының қызуы металдарды және басқа материалдарды қорытуға пайдаланылады. Онда температураны 2500°с-қа дейін көтеруге болады

Мартен пеші (француз металлургі П.Мартеннің (1824 — 1915) есімімен аталған) — шойын мен болаттыңсынықтарынан химиялық құрама мен сапасы алдын-ала белгіленген болат өндіруге арналған регенераторлы пеш. Алғашқы М. п. 1864 ж. Францияда салынған. М. п-нің құрылымы үстіңгі және астыңғы құрылыстар деп аталатын екі бөліктен тұрады.

Оның үстіңгі құрылысында (5 — 7 м биіктікте орналасқан) жұмыс кеңістігі, ауа мен газ арналары және бүркеніштері орналасады.

Астыңғы құрылыста пеш табанынан төмен орналасқан қож ұстауыштар, регенератор саптамалары мен камералары, клапандар және бас түтін жолы бар.